"Қазақ елі" фильмінің қашан көрсетілетіні анықталды

Қазақ хандығы туралы сериалдың қашан көрсетілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

photo_22093Жазушы, драматург Смағұл Елубайдың пікірінше, қазақтың сан ғасырлық тарихын таныту кино арқылы жүзеге асса, құба-құп. Бұл "Мәңгілік ел" идеясын дәріптеуге сеп болады. "Қазақ хандығы фильмі 20 бөлім болып, дайындық үстінде. Бұл жалпы біздің киноның тарихындағы бірінші тарихи телесериал. Осы Астана күніне орай оның 10 бөлімі көрсетіледі. Ал, қалған 10 сериясын алдағы Тәуелсіздік күніне дайындап жатырмыз", - деді жазушы Смағұл Елубай.

Еске салайық, қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын мерекелеу аясында Қазақ хандығы туралы сериалдың түсірілетіні хабарланған болатын. Бұл туралы 2014 жылы қараша айында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеген болатын. "Қазақстан Президентінің тапсырмасымен Қазақ хандығы туралы 20 сериялы фильм түсірілетінін ерекше атап өткім келеді. Алдын ала дайындық жұмыстары басталды. Сериал 2015 жылдың қаңтарында түсіріле бастайды", - деген болатын министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брфифингте.

Дерек көзі: tengrinews.kz