Жанат Рахмани: ҰБТ-ға дайындалуда видеосабақтың көмегі ерекше
2016 ж. 19 ақпан
2341
1
Біраз уақыттан соң, Ұлттық Біріңғай Тестілеу өтетіні бәрімізге мәлім. Бүкіл оқушылар қалай тиімді дайындалудың жолын іздестіріп әлек. Білім саласында еңбек етіп жүрген «Ustudy» тестілеу орталығынын бас директоры Жанат Рахмани өз пікірімен бөлісті.
- Жеке кәсібіңіз болған екен, не себепті бұл жобаны таңдадыңыз? Қай уақытта, қалай бизнесіңізді бастадыңыз?
- Бұл жоба 2009 жылы басталды, достарымызбен осы жобаны қолға алдық. Інім ҰБТ ді тапсыратын кезде кажет балл жинай алмады. Сол күні жанұямызда қиындау мәселе бар екенін, анамның көзінен, әкемнің жүзінен байқадым. Және де інімді қанша уайымдағанын, қолымыздан ешнәрсе келе алмайтынын көріп ойландым. Сол жылдары 9000 жуық оқушы керек балл жинай алмады. Демек дәл осындай жағдай 9000 жанұяда болып жатқанын сездім. Осынын барлығын ойланып, бойымнан өткізіп бір өкінішті сезімде болдым. Сол күні кешке достарымызбен отырып талқыладық. Қалай көмектесе аламыз? Не істесек тиімді болады деп коп ойландық. Сол кезде офисте кішігірім тақта болатын. Сол тақтаға маркер алып жоспар идея жаза бастадық. Негізгі ойымыз осы білім саласына кішігірім көмек берейік, қандай да бір ақпараттық бағдарлама жасауға болады деп ойладық. Және де ойластырған ақпараттық бағдарламаны нарыққа жариялауға кірістік. Осы бағдарламамен оқушылар ҰБТге, кешендік тестілеуге жылдам уақытта дайындалып үлгерсе деген ниет болды. Ары қарай жинаған баллымен қалаған ЖОО-на түсіп кетсе дедік. Біз бір екі айдың ішінде кішкентай ақпараттық бағдарлама ұйымдастырдық. Сол кездерде бір досымыз Қытайға жол жүргелі жатты. Бізге де бірге барайық деп ұсыныс айтты. Себебі сол жылдары Қытайда электронды техника (электроника) жайлы көрме болғалы жатқанын айтты. Басқа да зауыттарды аралай бастадық. Неше түрлі гаджеттерді көрік. Электрондық құралдардың ішінен өзімізге лайықтысын таңдап, өзіміздің ақпараттық бағдарламаны еңгіздік. Ол жерде үлкен бір компаниямен таныстық. Сол компания әр провинцияға өздерінің видео сабақтарын ұсынады екен. Біз соны көрдік те қызықтық. Бұл 2010 жылдар кезінде болған еді. Сол жылдары Хан академиясы да құрылды. Олда осы видеосабақтармен жұмыс жасайды. Бұл дүниежүзілік тренд болды. Видесабақтармен қашықтықтан сабақ өту методы. Бізде осы трендтің жолында болдық. Видеосабақтар түсіріп, дәріс берейік деп шештік. Әлгі компанияға тапсырыс бердік, олар бір айдың ішінде жасап берді. Достарымызбен мықты математика пәнінін мұғалімін таптық та сол сабақты видеоға түсіре бастадық. Және оны жанағы гаджетке салып инвесторларға көрсеттік. Идеяларымыз сол, өзі бір біріне ықпалдас болып, көмекші болып басталып кетті. Дегенмен де біраз қиындықтарда болды. Оны жұмыла жеңе білдік. Содан біз әр пәннен видеосабақ түсіре бастадық. Ең таңдаулы мұғалімдермен жұмыс жасадық.
- Сіздер жарнама арқылы ма әлде мектептерді аралап жүрдіңіздер ме?
- Біз Білім басқармасымен жұмыс жасаймыз. Облыстық, қалалық білім саласымен тікелей қарым қатынастамыз. Мектептерге, білім орталықтарына хат жазамыз, жиналыстар болса сонда қатысамыз. Өзіміздің жасап жатқан іс шараларымызды ұсынамыз.
- Демек сіздерді Білім және ғылым Министрлігі қолдайды ғой?
- Әрине, біз тікелей ҰБТ орталығымен жұмыс жасаймыз.
- Алты жылдан бері тиянақты жұмыс істеп келе жатқандарыңызды естіп отырмыз, осы уақытқа дейін қаншама оқушылар сіздердің қызметтеріңізді қолданды?
- Жалпы 450 000 дай тест жүргіздік. 15 000 жуық, мұғалімдер дәрежесін көтеру курсатырын өткіздік, 5 000 ға жуық оқушыларды дайындадық. Оқушыларды оқытатын капустар бар. Кампус дегеніміз қысқа мерзім ішінде балаларды дайындау. Аталып өткен бағдарламалар бойынша оқытамыз. Ал енді видеосабақтармен оқып жүрген оқушылар өте көп. Біз осы видеосабақтардың нәтижесін білу үшін бір топ дайындадық. Маусымнын басында екі аптадай оларды дайындадық, және бір екі оқушылар екі айдай бізбен кешендік тестілеуге дайындалды. Тестілеу күні өткен соң әлгі бір жігіт маған хабарласып, жалпы тізімде емес, үздік алдыңғы қатардағы тізімде екенін айтып қуантты. Әрі қарай өзінің сүйікті мамандығына оқуға түсті. Біз өзімізге бұл видеосабақтардың көмегі бар екеніне көз жеткіздік.
- Қаражат жағына келсек? Бір оқушыға тест тапсыру үшін қанша қаржы жұмсалады?
- Біздің қызметтеріміздің бекітілген құны бар. Ең бастысы Интернет пен компьютер болуы керек. Бекітілген сумма 5 пәннен бір тестілеу 260 теңге. Ал қағаз тестілеу 351 теңге құрайды. Жоспар бойынша Республика ішінде 2017 жылға дейін 50 компьютерлік орталықтар ашпақшымыз. Ол барлық облыстарда ашылуы тиіс. Және де арнайы жеке курстар ашылған.
- Қазір қанша орталық бар?
- Осы айдың соңына дейін Шымкент қаласында екеу, Тараз қаласында екеу, Талдықорғңан қаласында бір отралық іске қоспақшымыз.
- Жалпы осы жоба әлемдік тәжірібиеде қалай қолданылады? Өзін ақтайды ма?
- Әрине, егер жалпы қарайтын болсақ, шетелдерде оқу үшін TOEFL, IELTS тесттерін тапсыру керек. Ол үшін осындай орталықтарға келіп өз уақыттарына сәйкес тапсырады. Және де 4 жарым сағат отырып тапсырған сон, біраз уақыттан соң нәтижесін алады. Сол секілді бұл дүниежүзілік практика. Және де біз дамыған елдердің қатарына кіру үшін, осындай жүйе керек деп есептеймін.
Рахмет, сұхбат бергенініз үшін. Сау болыныз.
Сұхбаттасқан: Гүлзия Байдалы
qazaquni.kz