Психолог кәрі қыздар мен сүрбойдақтарды қалай тез үйлендірудің жолын айтты
2016 ж. 18 ақпан
4445
2
qazaquni.kz сайтында жарияланған "Қазақта кәрі қыз бен бойдақ жігіт неге көп?" атты мақалаға пікір жазған өзін Мәрияш деп таныстырған психолог кәрі қыз бен сүрбойдақтарды қалай тез үйлендіруге болатыны жайлы өз тұжырымымен бөлісті. Оқырмандарға пайдалы болар деген оймен Мәрияштың пікірін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Ендеше маңайыңыздағы сүрбойдақтар мен кәріқыздарға бұл амалдарды жасап көріңіз. Бәлкім, құрбы-құрдастарыңыздың өз теңін табуына көмегіңіз тиіп қалар.
Редакция
Сонымен Мәрияш психолог қандай амалдар ұсынған екен: "Мен психологпын, бойдақтарды тез үйлендіру, үй қылу тәсілін білемін!!! Айтсам былай: отыздан шыққан бикештерге үнемі қуыршақ, бала ойыншықтарын, сыйлайсыздар. Іздегенге-сұраған, сүрленгенге-үрленген. Бойдақ қызға-жайдақ жігіт… Надан болмаса ойланады. Тіпті қуанар. Жақсы ырым деп. Мұны үлкен де, кіші де сыйлауы керек. Бітті!Бағдарлама іске асады. Бар болғаны сірескен бағдарламаны осылай санасына үп еткен лептей оңай енгізіп өзгертіп жіберу керек. Түк қиын емес қой. Уәж айтса “немене құдайдың бергенінен қашып тұрсың ба?” дейсіңдер. Ал кәрі жігіттерді жазалау тіптен оңай, олар болса да бос жұрт қой: үнемі кәріжілік, омыртқа ұсынасыздар. (Ұйқас қандай, сұранып тұр ғой: кәрі жігітке-кәрі жілік) Балық болсын, құс болсын әдейі тағаммен басын да асып оған ұсынасыздар. Күлмей, салмақты түрде. Не??? десе, сен үлкен кісісің ғой, басың бос болса да бас ұстауға, бас болуға лайықсың дейсіңдер. Әрі мадақ, әрі шындық, әрі жақсы ниет. Бұл психологиясына әсер етеді. Сосын оған қызға сыйлар заттар: гүл, әдемі құмыра, үкі, әшекей қобдишасы, қыздар себетін жақсы әтір, орамал сынды сыйлардың бірқатарын сыйлауға болады. Мерекелерде. Ұзамай-ақ келіншек алады. Тамшы тау-тасты теседі. Тексерілген тәсіл. Сөзден де осындай ишаралар дымды құртады. Сенбейсіңдер ме? Тексеріп көріңдер. Әлі ешкім бұл тәсілден асылып, төбелесіп, маскүнем болып кеткен жоқ. Ескерту*-ақыл-есі дұрыс бойдақтарға ғана жарайтын тәсіл."
qazaquni.kz