ҚХР Алтай аймағы, Қаба ауданында ұлттық нақыштағы бұйымдардан көрме өтті (фото)
2016 ж. 16 ақпан
9512
1
Шыңжаң Алтай аймағының Қаба ауданында ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдардың көрмесі өткізілді деп хабарлайды BAQ.KZ «Алтай ақпарат» торабының дерегіне сүйеніп.
Көрме алда келе жатқан 8 наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылғандықтан, оған қатысқан үміткерлердің саны да көп болды. Қаба ауданы Шыбар қалашығына қарайтын ауылдардың қыз-келіншеткері өерлеп, нақыштап тіккен ұлттық бұйымдарын бәсекеге салды. Мәдениет үйінде өткен көрмеге 300-ден астам кесте және тоқыма заттардан сырмақ, тұскиіз, жастық қабы, төсек сырмақ секілді өрнекті де әшейкейлі бұйымдар қойылып, қазақ ұлтының өзіне тән қолөнерін бір әйгіледі. Сондай-ақ, тау, өзен, ағаш, жылқы секілді сан алуан көріністерді бейнелеп, жиналғандардың көз мейірін қандырған өнер иелері де көп болды.
Дерек көзі: БАҚ.кз