«Үшқоңыр» Лос-Вегаста әуеледі.

c394ca91b8f497c50a7d24b5aea609bb

Шоу-бизнес жаңалықтарынан

  «Үшқоңыр» Лос-Вегаста әуеледі Астаналық Фархад Маденов Лас-Вегаста өткен XIX халықаралық "Мөлдір магнолия" ән байқауында бас жүлдені жеңіп алды. 18-24 қаңтар аралығында өткен сайысқа қатысуға әлемнің түкпір-түкпірінен он мың орындаушы ниет білдіріпті. Байқау  вокал, хореография, актерлік шеберлік және цирк өнері бойынша өтті. Қатысушылардың дарынын америкалық әнші Мишель Файнштейн, Нью-Йорк сән үйлерінің бас агенті Хербер Фокс, ресейлік әртіс Олег Тактаров және белгілі тілшілер мен бишілер бағалады. Жарыстың алғашқы  кезеңінде Фархад Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазған "Үшқоңыр" әні мен итальяндық "La spagnola" әнін орындады.   Екінші кезеңде де әділ қазылардың сұрауымен президенттің әнін орындаған Ф.Маденов "вокал" номинациясы бойынша бас жүлдені иеленді. Ол Лос-Анджелестегі беделді оқу орындарының бірінде тегін оқу мүмкіндігіне ие болды. Мырзахан енді бойдақ емес «Жігіттер» квартетінің әншісі Мырзахан Маханов шаңырақ көтерді. Отызға толып отбасын құрған әншінің жары астаналық Гүлім деген ару. Жас жұбайлардың тойы 22 қаңтарда Алматы қаласында өтті. Жаңабай шаңырақ көтерді Сондай-ақ қазақ эстрадасының сахнасында жастардың көңілінен шығып жүрген әнші Жаңабай Өтегенов те қыстың көзі қырауда болса да жақында Ақтөбе қаласында үйлену тойын жасады. «Орда» концерт береді «Орда» тобы үстіміздегі жылдың қыркүйек айында «Медеу» мұз айдынында үлкен коцерт беруді жоспарлап отыр. Бұл концертке Оңтүстік Корея, Ресей, тағы басқа шетелдерден әншілер қатыспақ. «Ұлытау» вокалдық альбом жазбақшы Атағы әлемге мәшһүр «Ұлытау» тобы осы жылы ең алғашқы вокалдық аьбомдарын жазбақшы. Топтың продюсері Қыдырәлі Болмановтың айтуынша, қазіргі таңда топ «алтын қорға» енген 70 әннен құралған концерттік бағдарлама әзірлеу үстінде.

"Алаш айнасы"