«Аманат» партиясының аудандық филиал басшысы Желтоқсан күрескерлерін «террористер» деп атады

«Аманат» партиясының аудандық филиал басшысы Желтоқсан күрескерлерін «террористер» деп атады

Қазақты қаралау, ел қорғаған батырлар жайлы аузына келгенін үру оқиғалары тым көбейіп кетті. Мұндайда мас бола қалатындардың қатарына Ақмола облысы Сандықтау ауданының «Аманат» партиясының басшысы Л.Ловягина да қосылды. Ертең Президент аппаратынан да осындай бүйректен сирақ шығарып, қазақты басынған көлденең көкатты шықса оған таңқалмайтын болдық. Бұған бір тыйым бар ма? Қашанғы қазақты қаралап үре береді?!.

Желтоқсан қаһармандарын террористерге теңеп, олар жоғары қабаттардан балаларды терезеден лақтырған деп, мұндай қаралау сөзді сол ауданның әкімі бар, басқа басшыларының көзінше ешкімге бой бермей айтуы шектен шыққандық. Ал, Ақмола облысының «Аманат» партиясы бұл оқиғаға комиссия құрып, артынан Ловягинаның бойынан ештеңе таппағаны ақылға қонар емес. Бұлған бүкіл ел дүрлікті. Желтоқсан ұйымдарының жігіттері де тиісті құзырлы органдарға хат жазып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуын талап етті. 


Енді міне, Л. Ловягинаның кешірім сұраған бейне баяны тарап жатыр. Бәлкім, оған кешірім етер, ескерту жасар, бірақ, бұл шовинистік пікір ғой. Қылмыстық жауапкершілік емес пе? Осындайда қазақты қамап, басқаны арқадан қағып, жылы жауып қоя салу қашан тоқталады?..

Бақыт Смағұл, 

Фейсбук парақшасынан

https://youtube.com/shorts/6aOYaSTaNzE?feature=sharehttps://youtube.com/shorts/6aOYaSTaNzE?feature=share