КӨШ БАСТАҒАН «ҚАЗАҚ ҮНІН» тәулігіне 50 мыңға жуық АДАМ ОҚИДЫ

КӨШ БАСТАҒАН «ҚАЗАҚ ҮНІН» тәулігіне 50 мыңға жуық АДАМ ОҚИДЫ

«Қазақ үні» ұлттық порталы "Зеро" рейтингінде қазақ тілді ақпарат құралдарының ішінде көш бастап, қазақ, орыс тілдеріндегі 1578 сайттың ішінде 11-орынға тұрақтады. Сайттың қолданушылары тәулігіне 50 мыңға жуық адамды құрайды.

Сонымен қатар, Лайвинтернет санағында да Тенгриньюс, Спутник, Казинформ агенттіктерімен қатарласып, 17-орынға тұрақтады. 

Әділеттік үшін күресіп, Қазақтың үнін білдіріп келе жатқан “Қазақ үні” ханға да, қараға да қарамай, ақты ақ, қараны қара деп, шындықты жазуымен ерекшеленеді.

Әр оқырманның пікірін ескере отырып, алдағы уақытта да ұлттық мүдде мен мемлекеттік мүддені қорғай береді. Ұлттық рухани құндылықтарымыз бен нағыз қазақтық діл мен тіл, дәстүрлі дін бағытындағы жұмысын күшейтіп, әділдік үшін күресе береді.

«Қазақ үні» ұлттық порталы – Қазақстандағы үздік интернет сайт байқауының жеңімпазы!