ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛМЕЙТІН ҚАЗАҚТАР ҚАЗАҚ ТІЛІН ӨЛТІРУГЕ ҰМТЫЛЫП ЖАТҚАНДАР! - Қазыбек Иса

ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛМЕЙТІН ҚАЗАҚТАР ҚАЗАҚ ТІЛІН ӨЛТІРУГЕ ҰМТЫЛЫП ЖАТҚАНДАР! - Қазыбек Иса

ТІЛ ӨЛСЕ, ҰЛТ ӨЛЕДІ!

Тіл өлді деген осы! Алеут тілін өлтірген жалғыз сол тілді білетін, таяуда өмірден өткен Геннадий Яковлев ақсақал емес- ана тілін білмейтін тексіз Алеуттер!

Біздің Қазақ тілін білмейтін, балаларына Қазақ тілін үйретпейтін Қазақтар да, Қазақ тілін өлтіруге ұмтылып жатқандар! 

ТІЛ ӨЛСЕ, ҰЛТ ӨЛЕДІ!

Құдай сақтасын! 

Қазақ тілі Қазақ Елімен мәңгі жасай берсін! Ол үшін тектілігін сақтаған әрбір қаны қазақ, жаны қазақ күресуі керек! 

Қазақ тілін дамыту, төрге шығарып, өркендету ең алдымен Қазақ атын иеленіп отырған Қазақ мемлекетінің қасиетті міндеті мен парызы болуы тиіс!!!

Мемлекеттік тілді міндеттеу - Мемлекеттің міндеті! Бұл заңды да, тарихи да, табиғи да Аксиома!

Қазыбек ИСА

АЛЕУТ ТІЛІН БІЛЕТІН ЕҢ СОҢҒЫ АДАМ ӨМІРДЕН ӨТТІ! - АЛЕУТ ТІЛІ ӨЛДІ!

2022 жылдың 4 қазанында Камчаткада 87 жасар Геннадий Яковлев қайтыс болыпты. "Тумақ бар жерде өлмек бар"... Десек те, бұл кісі алеут тілін білетін сол ұлттың ең соңғы өкілі екен. Қазір де Аляска, Алеут, Командор аралдарын мекендейтін алеуттер бар көрінеді, әйтседе, олар тілдерін ұмытқан. Соңғы санақтар бойынша Ресей аумағында 482, ал АҚШ-та 150 алеут тіркеліпті. Осылайша аты бар да, заты жоқ. Сонымен, Гена ақсақалмен бірге тұтастай бір халықтың күллі сүйініші мен күйінішін, қуанышы мен мұңын, тәжірибесі мен сырын бойына жиған мыңдаған жылдық алеут тілі де келмеске кетіпті. 

Бүгінгі тірі жүргендер, әсіресе, ана тіліне селқос жандар тілде мынандай шексіз жер мен байлықтарды бізге қалдырып кеткен ұлы бабаларымыздың аманаты мен ақысы жатқанын, тілдің де жоғалуы мүмкін екенін, оны ұрпағына үйрету арқылы ғана сақтап қалуға болатынын білсе, сезінсе екен деп қиялдайсың кейде... Қазақтан мұндай ақсақал шықпай-ақ қойсын деп тілейік!

Мамай Ахетов