Қазыбек Иса: Енді қазақ халқы мен тілі екінші сортты болуға көнбейді
2022 ж. 31 тамыз
1422
1
Енді қазақ халқы мен тілі екінші сортты болуға көнбейді. Бұл туралы белгілі ақын, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса «Адырна» арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Qazaquni.kz ақпарат агенттігі.
- Билік 30 жыл бойы өзінің арқа сүйейтін ұлтын екінші сортты жасап келді. Енді қазақ халқы мен тілі 30 жылдан соң екінші сортты болуға көнбейді. 30 жыл бойы алынбаған теңдігін талап етеді. Ол ең алдымен мемлекеттік тіл. Ұлттық идеология мемлекеттік тілден басталады. Минаның бетін жапқанмен іс бітпейді, оны залалсыздандыру керек. Дулат Исабеков «енді қаңтар оқиғасы болса мемлекеттік тіл үшін болады» деп еді. Сондықтан да, осының алдын алу керек. Мен қауіп еткеннен, жанашырлықпен айтып отырмын мұны, - деді депутат.
Сұхбаттың толық нұсқасы: