Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ: Бар қазақтың ары – әр қазақтың арына айналсын!

– Ғабаға, әдебиет классигі Ғабит Мүсірепов «жазушы – ел жүрегі» дегенді айтқан екен. Сексеннің сеңгіріне шыққалы отырсаңыз да, тұғырдан таймаған сізді де ел қамын ойлаған қаламгер, қоғам қайраткері ретінде мемлекетіміздегі саяси-әлеуметтік мәселелер толғандырмай қоймаса керек. Осы тұрғыда ел егемендігін алғалы бері ұлттық мемлекет ретінде ұлттық идеологиямыз қалыптаса алды ма? – Жоқ. Ұлттық идеология – өресі биік, өрісі кең ұғым. Бұдан бес жыл бұрын, баспасөзде осы орайда пікірлесу бір көтерілген кезде, мемлекеттік және ұлттық идеология жөнінде өзімше топшылау жасаған «БАР мен ЖОҚ» атты 6 бет мақалам «Қазақстан» және «Тасжарған» гәзеттерінде жарияланды. Ондағы ойларымды қайталамай, тоқ етерін айтсам: «Мен – қазақстандықпын!» дей алу – мемлекеттік идеологияның, ал: «Мен – қазақпын!» дей алу – ұлттық идеологияның мәні. Қазақстан кешегі КСРО ай­мағына, шет елдерге қай тірлі­гімен ұнамды үлгі бола алды? Қы­зылтілді БАҚ-тарымыз елді, оның көсемін жер-көкке сидыра алмай 22 жыл бойы мақтап келе жатса да, ондай үлгі бола алған жоқпыз. Жерінің асты-үсті байлығы шетелдік және өзіміздік өлермен қорқаулардың қолында. Бұл – ішке де, сыртқа да мәлім ақиқат. Ресми деректер азық-түліктің 60-70 пайызын, киім-кешек, дүние-мүліктің 70-80 пайызын сырттан тасып жүргенімізді айтады. «Қазақстанда жасалған» деген белгімен басқалардың сұранысына ие бұйымымыз жоқ. Жас демократиямыз 2002 жылы жөргегінде тұншықтырылды. Оппозиция астыртын әрекетпен ойрандалды, негізгі жетекшілері жоқтан өзге сылтаумен сотталды, «біреулердің» оғына байланды. Парақорлық, ұйымдасқан да, жеке де жемқорлық «қасиеттеріміз», діни сипатты лаңкестіктің шырмауында отырғанымыз, тұрмыстық халіне наразылық білдіре көшеге шыққан жаңаөзендіктерді қанға бояғанымыз шет елдерге де белгілі. Осындай жағ­дай­дағы елде, кәне, қандай мем­ле­кеттік идеология бар? Немесе тәуелсіздігінің алғашқы Конституциясына «қазақ тілі – мемлекеттік тіл» деп жазылса да, ана тілі 22 жыл бойы орыс тілімен «аударыспақ ойнауға» мәжбүр етілген қазақта, ол аздай: балалары мектептің бірінші сыныбынан бастап ағылшын тілін, одан соң, қытай тілін оқуға тиіс, демек, уызында жарымас қазақта, тіпті Астанасының орталық «Салтанат сарайын» өз тілінде атай алмай, «Конгресс-холл» деп жүрген қазақта, Павлодар мен Петропавловск қалаларының тарихи қазақ атауларын қалпына келтіре алмай, әсірепысықайлары «Алматыны» қайтадан «Алма-Ата» деуге жанталасып жүрген қазақта, кәне, қандай ұлттық идеология бар?! – Бір мақалаңызда сайлаудың нәтижесіне кейіген болуыңыз керек, «Қисық екенін айқайлап айтып берген халықты «Түзу халық!» деуге аузың көне ме?» деген едіңіз. Айтыңызшы, осы біз, шынымен, қандай халықпыз? – Біз – кезінде Міржақып Дулатов ұйқыдан оята алмай кеткен халықпыз. Сонау аштық жылдарында, «халық жауын әшкерелеу» науқанында көрпемізді серіппей-ақ өзара алауыздықты, күншілдікті, бақастықты қыздырған халықпыз. Егер әлі де құпия мұрағаттарда шаң басып жатқан құжаттар түгел ашылып, жұртшылықтың алдына жайып салынған күні менің бұл «төндірме» сөздерім расталады. – Қазір латын әліпбиі қоғамның бас­ты мәселесіне айналды. Сіз қалай ойлайсыз, қазақ елі латынға қашан және қандай жолдармен көшкені дұрыс? – «Қыздың көзі қызылға түскіш» дегендей, кейде бір «жаңалықты» ести сала ентелей ұмтылып, оның не екенін әбден ажыратып білуді керек етпей, «О, жаңалық!» деп жаппай ұрандап, желпілдеп жөнелетініміз бар. Қазақ тілін кирилл таңбасынан латын таңбасына көшіру мәсе­лесінде соңғы кезде дәп сол әсіреәсершілдік, әсіребелсенділік, әсіреұлтжандылық атойлап тұр. Замана саясатының ықпалымен тіл таңбамыздың неше рет және қалай өзгертілгені, ол әредіктерде Ахмет Байтұрсыновтай арысымыздың нендей ғылыми еңбек еткені қазақтілді баспасөзде айтылып та, жазылып та жатыр, мен оған қосарланбайын да, осы біздің латыншаға лап етіп ұмтылуымыз бүгінгі тірлігімізге, меніңше, тез жараса қоймасын ғана айтайын. Мәселен, тіліміз араб таңбасынан латыншаға шұғыл көшірілгенде араб әрпімен жазылған әдеби, ғылыми, т. б. дүниелеріміз мұрағатжайдың мүлкіне айналып, жас ұрпақ тілін тістеп отырып қалды. Латыншадан кирилл таңбасына ауысқанда да сол сияқты жағдай болды. Латын әрпімен қара тани бастап, кенет кирилл таңбасына жүгіндірілген біздің буын, арабшадан хабарсыздығымызды былай қойғанда, аз-маз біліп үлгірген латыншамызды да тез ұмыттық. Одан бүгінге дейінгі барша жазба жұмысымыз тек кирилл таңбасымен іске асты. Жұмыс болғанда қандай?! Қазақты әлемге танытқан классик ақын-жазушыларымыз­дың, ғұлама ғалымдарымыздың, саң­лақ саясаткерлеріміздің, т. б. бүкіл еңбегі кирилл таңбасымен жазылды. Ал, енді латыншаға көшудің жоспар-жобасын күні кеше ауыл шаруашылығымызды «реформалағандай» апыл-ғұпыл жасап, екі-үш жылда опыр-топыр көшуге кіріссек, бәріміз мұрағатжайда қалып қоймаймыз ба? Әрине, қалып қоямыз! Менің қала беруімнен кейінге ұрпаққа келер кесір болмас, ал, Абай, Махамбет, Жамбыл, кейінгі арыс­тарымыз, алыптар тобы, олардан кейінгі талантты шоғыр қалып қойса, исі қазаққа сол обал. Осыны ойлауымыз кемшін. «Латыншаға көшу керек!» деп жарсалушылардың арасынан әсіресе Қытайдан, Монғол елінен, т.б жақтардан оралған қандастарымыздың дауысы қатты естіледі. Неге? Себебі: олар туып-өскен, ержеткен елдерде кирилл таңбасы жоқ, ол ағайындарымыздың бәрі дерлік арабшамен немесе латыншамен сауат ашқан, яғни, онда өздеріне қажет болмаған кирилл таңбасы мұндағы қазақтарға да оншама керек емес деп, ондағы өздеріне оңай латынша мұндағыларға да оп-оңай, көше салса болғаны деп жобалайтын сияқты. Ол әуенге ден қоюға асықпаған жөн. Бүкіл түркі жұртымен, жазу-сызуы латын таңбалы басқа да елдермен жан-жақты қарым-қатынаста болу үшін, әрине, біздің де сол көшке ілесуіміз керек. Оны жүзеге асыру үшін, меніңше, 10 жылда сатылап нақты көшіп болудың мемлекеттік жоспары жасалып, оның орындалуы байсалды қадағалануы шарт. Іс 2014 жылы мектеп есігін ашатын шәкірттерге арнап латын таңбалы оқулықтарды және оқыту бағдарламаларын жасаудан басталуы керек. Одан арғы сыныптар үшін де сондай оқу тәсіл-әдістері болсын. Бүгінгі әдеби, ғылыми, саяси, т. б. кітаптарды латын таңбасына көшіріп қайта шығару ескерілуі қажет, олай болмаған жағдайда ертеңгі «латыншы ұрпақ» атасы мен әкесінің рухани мұрасынан көз жазады, қол үзеді. – Ғабаға, әдебиет классигі Ғабит Мүсірепов «жазушы – ел жүрегі» дегенді айтқан екен. Сексеннің сеңгіріне шыққалы отырсаңыз да, тұғырдан таймаған сізді де ел қамын ойлаған қаламгер, қоғам қайраткері ретінде мемлекетіміздегі саяси-әлеуметтік мәселелер толғандырмай қоймаса керек. Осы тұрғыда ел егемендігін алғалы бері ұлттық мемлекет ретінде ұлттық идеологиямыз қалыптаса алды ма? – Жоқ. Ұлттық идеология – өресі биік, өрісі кең ұғым. Бұдан бес жыл бұрын, баспасөзде осы орайда пікірлесу бір көтерілген кезде, мемлекеттік және ұлттық идеология жөнінде өзімше топшылау жасаған «БАР мен ЖОҚ» атты 6 бет мақалам «Қазақстан» және «Тасжарған» гәзеттерінде жарияланды. Ондағы ойларымды қайталамай, тоқ етерін айтсам: «Мен – қазақстандықпын!» дей алу – мемлекеттік идеологияның, ал: «Мен – қазақпын!» дей алу – ұлттық идеологияның мәні. Қазақстан кешегі КСРО ай­мағына, шет елдерге қай тірлі­гімен ұнамды үлгі бола алды? Қы­зылтілді БАҚ-тарымыз елді, оның көсемін жер-көкке сидыра алмай 22 жыл бойы мақтап келе жатса да, ондай үлгі бола алған жоқпыз. Жерінің асты-үсті байлығы шетелдік және өзіміздік өлермен қорқаулардың қолында. Бұл – ішке де, сыртқа да мәлім ақиқат. Ресми деректер азық-түліктің 60-70 пайызын, киім-кешек, дүние-мүліктің 70-80 пайызын сырттан тасып жүргенімізді айтады. «Қазақстанда жасалған» деген белгімен басқалардың сұранысына ие бұйымымыз жоқ. Жас демократиямыз 2002 жылы жөргегінде тұншықтырылды. Оппозиция астыртын әрекетпен ойрандалды, негізгі жетекшілері жоқтан өзге сылтаумен сотталды, «біреулердің» оғына байланды. Парақорлық, ұйымдасқан да, жеке де жемқорлық «қасиеттеріміз», діни сипатты лаңкестіктің шырмауында отырғанымыз, тұрмыстық халіне наразылық білдіре көшеге шыққан жаңаөзендіктерді қанға бояғанымыз шет елдерге де белгілі. Осындай жағ­дай­дағы елде, кәне, қандай мем­ле­кеттік идеология бар? Немесе тәуелсіздігінің алғашқы Конституциясына «қазақ тілі – мемлекеттік тіл» деп жазылса да, ана тілі 22 жыл бойы орыс тілімен «аударыспақ ойнауға» мәжбүр етілген қазақта, ол аздай: балалары мектептің бірінші сыныбынан бастап ағылшын тілін, одан соң, қытай тілін оқуға тиіс, демек, уызында жарымас қазақта, тіпті Астанасының орталық «Салтанат сарайын» өз тілінде атай алмай, «Конгресс-холл» деп жүрген қазақта, Павлодар мен Петропавловск қалаларының тарихи қазақ атауларын қалпына келтіре алмай, әсірепысықайлары «Алматыны» қайтадан «Алма-Ата» деуге жанталасып жүрген қазақта, кәне, қандай ұлттық идеология бар?! – Бір мақалаңызда сайлаудың нәтижесіне кейіген болуыңыз керек, «Қисық екенін айқайлап айтып берген халықты «Түзу халық!» деуге аузың көне ме?» деген едіңіз. Айтыңызшы, осы біз, шынымен, қандай халықпыз? – Біз – кезінде Міржақып Дулатов ұйқыдан оята алмай кеткен халықпыз. Сонау аштық жылдарында, «халық жауын әшкерелеу» науқанында көрпемізді серіппей-ақ өзара алауыздықты, күншілдікті, бақастықты қыздырған халықпыз. Егер әлі де құпия мұрағаттарда шаң басып жатқан құжаттар түгел ашылып, жұртшылықтың алдына жайып салынған күні менің бұл «төндірме» сөздерім расталады. – Қазір латын әліпбиі қоғамның бас­ты мәселесіне айналды. Сіз қалай ойлайсыз, қазақ елі латынға қашан және қандай жолдармен көшкені дұрыс? – «Қыздың көзі қызылға түскіш» дегендей, кейде бір «жаңалықты» ести сала ентелей ұмтылып, оның не екенін әбден ажыратып білуді керек етпей, «О, жаңалық!» деп жаппай ұрандап, желпілдеп жөнелетініміз бар. Қазақ тілін кирилл таңбасынан латын таңбасына көшіру мәсе­лесінде соңғы кезде дәп сол әсіреәсершілдік, әсіребелсенділік, әсіреұлтжандылық атойлап тұр. Замана саясатының ықпалымен тіл таңбамыздың неше рет және қалай өзгертілгені, ол әредіктерде Ахмет Байтұрсыновтай арысымыздың нендей ғылыми еңбек еткені қазақтілді баспасөзде айтылып та, жазылып та жатыр, мен оған қосарланбайын да, осы біздің латыншаға лап етіп ұмтылуымыз бүгінгі тірлігімізге, меніңше, тез жараса қоймасын ғана айтайын. Мәселен, тіліміз араб таңбасынан латыншаға шұғыл көшірілгенде араб әрпімен жазылған әдеби, ғылыми, т. б. дүниелеріміз мұрағатжайдың мүлкіне айналып, жас ұрпақ тілін тістеп отырып қалды. Латыншадан кирилл таңбасына ауысқанда да сол сияқты жағдай болды. Латын әрпімен қара тани бастап, кенет кирилл таңбасына жүгіндірілген біздің буын, арабшадан хабарсыздығымызды былай қойғанда, аз-маз біліп үлгірген латыншамызды да тез ұмыттық. Одан бүгінге дейінгі барша жазба жұмысымыз тек кирилл таңбасымен іске асты. Жұмыс болғанда қандай?! Қазақты әлемге танытқан классик ақын-жазушыларымыз­дың, ғұлама ғалымдарымыздың, саң­лақ саясаткерлеріміздің, т. б. бүкіл еңбегі кирилл таңбасымен жазылды. Ал, енді латыншаға көшудің жоспар-жобасын күні кеше ауыл шаруашылығымызды «реформалағандай» апыл-ғұпыл жасап, екі-үш жылда опыр-топыр көшуге кіріссек, бәріміз мұрағатжайда қалып қоймаймыз ба? Әрине, қалып қоямыз! Менің қала беруімнен кейінге ұрпаққа келер кесір болмас, ал, Абай, Махамбет, Жамбыл, кейінгі арыс­тарымыз, алыптар тобы, олардан кейінгі талантты шоғыр қалып қойса, исі қазаққа сол обал. Осыны ойлауымыз кемшін. «Латыншаға көшу керек!» деп жарсалушылардың арасынан әсіресе Қытайдан, Монғол елінен, т.б жақтардан оралған қандастарымыздың дауысы қатты естіледі. Неге? Себебі: олар туып-өскен, ержеткен елдерде кирилл таңбасы жоқ, ол ағайындарымыздың бәрі дерлік арабшамен немесе латыншамен сауат ашқан, яғни, онда өздеріне қажет болмаған кирилл таңбасы мұндағы қазақтарға да оншама керек емес деп, ондағы өздеріне оңай латынша мұндағыларға да оп-оңай, көше салса болғаны деп жобалайтын сияқты. Ол әуенге ден қоюға асықпаған жөн. Бүкіл түркі жұртымен, жазу-сызуы латын таңбалы басқа да елдермен жан-жақты қарым-қатынаста болу үшін, әрине, біздің де сол көшке ілесуіміз керек. Оны жүзеге асыру үшін, меніңше, 10 жылда сатылап нақты көшіп болудың мемлекеттік жоспары жасалып, оның орындалуы байсалды қадағалануы шарт. Іс 2014 жылы мектеп есігін ашатын шәкірттерге арнап латын таңбалы оқулықтарды және оқыту бағдарламаларын жасаудан басталуы керек. Одан арғы сыныптар үшін де сондай оқу тәсіл-әдістері болсын. Бүгінгі әдеби, ғылыми, саяси, т. б. кітаптарды латын таңбасына көшіріп қайта шығару ескерілуі қажет, олай болмаған жағдайда ертеңгі «латыншы ұрпақ» атасы мен әкесінің рухани мұрасынан көз жазады, қол үзеді. – Ғабаға, бүгінгі қазақ әдебие­ті қайда бағыт алып бара жатыр... – Көркем әдебиетіміздің қай саласы болсын, «өз күніңді өзің көрдің» тауқыметін тартуда. Әдебиетіміздің айнасы – кітаптарымыз. Кеңестік кезде 40, 60, 100 мың таралыммен шығатын сұранысты романдар, әңгіме-хикаят, өлең-дастан жинақтары орыс тіліне аударылып, ол арқылы шет елдердің оқырмандарына жетіп, лайықты бағаланып, Қазақстанды, қазақ әдебиетін, қазақ қаламгерлерін паш ететін. Бүгінде кітап атаулы небары 2000 данамен шығарылып, оның өзі кітапханаларға жіберіледі де, былайғы оқырман олардан тіпті бейхабар қалады. Оның үстіне, жазушылардың бұрынғы мол қаламақыдан қағылғаны, көркем әдебиетті дамытуға ынтаны тежегені де – замана шындығы. Мысалы, үкіметтің тізімімен кітабым шықпағалы алты жыл. Бұл уақытта қаншама әзіл-сықақ әңгіме, публицистикалық мақала жазғаным оқырмандарыма аян. Ал, оларды кітапқа айналдыру үшін демеуші із­деуге жоқпын, өйтіп дағдыланған емеспін және өйтуді керек етпеймін де! «Демеушілік» дегеннің бүгінгі көркем әдебиетке қынаша дақ болып, абыройын түсіріп жүргені де оқырман қауымға белгілі. Кітап дүкендерінің сөрелерін көзбен сүзе бастасам, авторының аты-жөні беймәлім, сұлу кітаптарды жиі көремін. Өзіме әлі таныс емес жас таланттардікі болар деп алып парақтасам, баяғыда анау-мынау белсенді болған, аты ауданнан, облыстан алысқа беймәлім әлдекімдердің «естеліктері» немесе сондайлардың бала-немерелері жаз­ған «кітаптар». Сөйтіп, қалтасы қалыңдар «қаламгер» болуды әдетке ай­налдырып алды. Әдебиеттің аталы жанрлары жайында ауыз ашуды си­реткен сыншылардың да оларда шаруасы жоқ. Айттың не, айтпадың не... – Эстрада сахнасында өнер көрсетіп жүрген әзілқой әртістер қит етсе, «сатира жоқ» дегенді алға тартады. Сонда бұл сатираның әдебиеттің сардары болудан қалып бара жатқандығын көрсете ме? – Әдебиеттің қай жанрының да жағдайы заманға байланысты. Қазірде қайсыбіреулер жамандап жүрген кеңес дәуірінде сатира өзара сынның мықты қаруы болды. «Ара-Шмель» журналында Бас редактор болған 5 жылда оған көзім әбден жетті. Редакция журналшыларының әдейі іздеуімен емес, құзырындағы қызметкерлері алып келген шағымдарды тексерудің нәтижесінде жарияланған байсалды сын мақалаларымыз, сатиралық тілді фельетондарымыз 3 министрді тақтан ұшырды. Әсіребелсенді бас­шысымақтардың ішкі арам есептерімен жазықсыз қуғындала жұмысынан босатылған, комсомолдан, партиядан шығарылған, сотталған азаматтарды ақтап алғанымыз – өз алдына бір хикаят. Басшысымақтардың дос-жолдастары министрліктерде, облыстық партия комитеттерінде, республикамыздың Орталық партия комитетінде де болды. Олар бізді қырына алып бақты. Ондайда біз бастауыш комсомол, партия ұйымдарына, халықтық, партиялық бақылау комитеттеріне, Орталық пар­тиялық комиссияға, бір жолы СОКП Орталық комитетіне де жүгіндік. Мақаламыздағы, фелье­тонымыздағы деректер нақты болды да, жеңіп шығып отырдық. Тәуелсіздігімізден соң, бұл әділетті орындар ғайып болды, сатираның азу тісі қағып алынды. Фельетон «зейнетке» кетірілді. Жазбаша тұрғай, ауызша сынды керек етпейтін әкімдердің туы көтерілді. Әйтсе де, бізде сатира бар, тек оны қадағалап оқушы, біздің кезіміздегі Темірбек Қожакеевтей зерттеп, не бар, не жоғын түгендеп отыратын маман ғалым-қамқоршы жоқ. Мысалы, бүгінгі маңдайалды сатирик Мұхтар Шерімнің төрттомдық таңдамалысы шықты. «Төрт том күлкі» деп «Қазақ әдебиеті» гәзеті бетінде мен пікірімді айттым. Сатирадағы үлкен құбылыс ретінде іргелі зерттелуі керек сол еңбек келелі әңгімеге айналмады. Ал, сатиралық театрлар бізді құрметтеп, концерттеріне шақырғанмен әңгімелерімізді сахналауға ынталы бола қоймайды, сірә, бар болғыр «қаламақы мәселесі» жасқай беретін шығар. Әдебиет туралы жазылып жүрген мақалаларда, жасалып жүрген баяндамаларда сатира сөз болмайды. Міне, осындай сыңаржақтықтан «сатира жоқ» деген сөз туып жүр. – Ғабаға, сатирик ретінде бүгінгі шенеуніктердің бет-бейнесін қалай «суреттер» едіңіз? – Оларды күнде дерлік көретіндіктен «суреттеу» қиын емес. Терезе шынылары күңгірттелген дәу «джип» тоқтай қалғанда, одан әуелі қарны шығады, одан кейін қара көзәйнекті басы көрінеді. Қыста қына тонының немесе былғары кеудешесінің, жазда пенжағының түймелері ағытулы күйінде жан-жағына: «Мен келдім, көрдіңдер ме?!» дегендей керіге қарап біраз тұрады да, аяғын еріне басып, жалтыраған қалта сағатын салақтата ұстаған қолын сермеңкірей теңселіп кете барады. – Қоғамда «ұлт зиялыларының үні шықпайды» деген пікір жиі қылаң беріп жатады. Сіз мұнымен келісесіз бе? – Келіспеске шара жоқ. Қашан, қайда болсын он шақтысының ғана қарасы көрінеді. Соншасы анда-санда бір байқалады. Тағы соншасы тәуелсіз гәзеттерге мақала жазып, редакция журналшысымен сұхбат жасап, билікке, тіпті, президент Н.Назарбаевтың атына сын айтады да, іле-шала сол жаққа олардың анау шарасы мен мынау шаруасына риза болғанын баяндап, не мереке, не туған күнімен құттықтап жеделхат жолдайды. Ал, басқалары билікті, президентті, әкімдерін бір міні жоқ етіп мадақтап сөйлеуден, жазудан жалықпайды. – Бүгінгі таңда әйелдердің зейнет жасын ұзартуға шешім қабыл­данып жатқандығы белгілі. Бұл қадам арқылы мемлекет әйел аналарымыздың бейнетінің зейнетін көруіне тосқауыл қойғандай ма? Қалай ойлайсыз? – Байлығымыз шалқыған, хал­қымыздың жүйкесі шабақ­талмаған ел болсақ, әйел мен ердің зейнетке бұған дейін заңдас­тырылған жаста шығуы айтыс тудырмас еді. Біздің тірлікте әйелдің өндірістегі ауыртпалықтардан ертерек азат етілгені жөн. Ол зейнетке шыққанмен, отбасының қилы күйбеңімен талайға дейін «қолын жылы суға мала» алмайды, – соны да ескеру қажет. – Ұлтқа арнаған ұлағатты бата- тілегіңіз... – Үлкен-кіші, ер-әйел болып баршамыз елімізге, халқымызға әділ, адал бола білсек, тір­ші­лігіміздегі оң-терісті бажайлап тү­сіне білсек, оң іске қуанып, оны жасаған азаматтарды ашық алқап жүрсек, теріс іске ренжіп, оны жасаған шенеуніктерді дер кезінде ауызша да, жазбаша да батыл, ашық сынап отырсақ, онымыз Қазақстанның мүддесін құрметтегеніміз болар еді. Бар қазақтың ары ­- әр қазақтың арына айналса игі. – Әңгімеңізге рахмет! Әңгімелескен Гүлмира САДЫҚ