ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ДАМУЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ДАМУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінде дәл осылай мәлімдеді


-“Елбасының арқасында өте бай адамдар пайда болды, енді олардың халыққа көмектесетін кезі жетті”-деді Тоқаев

-Үкіметке «Оператор РОП» утильдік алым жинауына тыйым салуын тапсырды.

-Кеден саласы тексеріліп, Қорғас кедені қолға алынады. Миллиардтар жеке қалталарға емес, бюджетке құйылуы тиіс.

-Екі күннен кейін ҰҚШҰ бірлескен бітімгер контингенті әскері елден шығарылады.

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінде ел алдында тұрған маңызды жаңа мақсат-міндеттермен таныстырды. Мәжіліс депутаттары Президент ұсынған Әлихан Смайыловтың ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалуына келісім берді.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев:

“Қазақстан дамудың жаңа кезеңі басталды” деп мәлімдеді.

Мемлекет басшысы сөзінің негізгі түйіндері әлеуметтік-экономикалық және саяси бағытты қамтыды.

-Елімізде болған мемлекеттік төңкеріске ұмтылған соғыс бірнеше жылдан бері тыңғылықты дайындалған-деді Президент.

“Бірқатар қалаларда ҰҚК департаментінің басшылары борышына адалдық таныта алмады”-деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Иә, ҰҚК бұл бүліктің жолын кеспеді. Қайта кей өңірлерде ҰҚК департамент басшылары қызмет орындарын тастап кеткен. Онда қару-жарақтар да сақтаулы болған.

«Не себепті еліміздің аумағында осыншама заңсыз қару мен арнайы құралдар табылды? Неге терроризм нысандарын анықтау мен бейтараптандыру бойынша агентура жұмысы жүргізілмеді?», - деді Мемлекет басшысы. 

Арнайы тергеу тобы трагедияның барлық себебі мен мән-жайын ашуы керек.

Отанға опасыздық жасағандардың бәрін жазалау керек!

Құқық қорғау органдары мен Қорғаныс саласын реформалау керек.

-Жаңаөзен мен Ақтаудағы халықтың әлеуметтік бағыттағы ереуілі Алматы мен оңтүстік өңірлерде содырлардың террорлық соғысына жалғасып кетті.

-Қаза тапқандарға көмек беріледі. Тұрғын үй беріліп, қаржылық демеу жасалады.

-Қысқа мерзімде Алматыдан бастап қираған қалаларды қалпына келтіру керек.

-Тауар тапшылығы, азық-түлік баға көтерілмеуі үшін тиісті жұмыстар басталды.

“Елбасының арқасында өте бай адамдар пайда болды, енді олардың халыққа көмектесетін кезі жетті”-деп, кесіп айтты ҚР Президенті Қ.Тоқаев.

-Үкіметке «Оператор РОП» утильдік алым жинауына тыйым салуын тапсырды.

—Шетелдерге ақша әкетіп жатқандарды тексеруге тапсырма берді.

-Ішкі жалпы өнімнің 60 пайызын құрап отырған “Самұрық-Қазына” әл-ауқат қорын реформалау керек. Квазимемлекеттік сектор түбегейлі өзгерту керек. Егер реформалау мүмкін болмаса, мұндай құрылымның қажеті жоқ!

-“LRT басынан қате жоба болды! Оған қыруар қаржы жұмсалды. Одан жемқорлықтың иісі шығады”-деді Президент. Енді оны не істеу керектігін қарастыру керек.

Кеден саласы ретке келтіріліп, Қорғас кедені қолға алынады. Миллиардтар жеке қалталарға емес, бюджетке құйылуы тиіс.

Шетелге ақша әкетіп жатқандарды тексеруге тапсырма берді.

Ел эконом касында өңдеу өнеркәсібі кемшін. Неге 2020 жылы мұнай-газ, тау-кен саласында 4 млрд импорт орын алған. Әлде, осыған мүдделілік бар ма?

-Ауыл шаруашылығына баса назар аудару қажет!

Субсидияны қайта қарау керек! Ол қолжетімді болуы қажет!

Азық-түлікті қамтамасыз етуге тиістіміз.

Көші-қон реттеледі. Оңтүстік пее Батыстағы жұмыссыздық мәселесі шешілуі тиіс.

«Қазақстан халқына» қоры құрылады. Ол әлеуметтік әлсіз топтарға көмек көрсетеді.

Несие алушылардың өте көбейіп кетуіне байланысты “Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң” қабылданады.

Шағын және орта бизнеске қолдау жасалады.

Екі айдың ішінде үкімет Халықтың тұрмысын жақсарту бағдарламасын қабылдауы керек.

Өзінің және ұрпағының тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі.

“Мұғалім-мектептің жүрегі” деген Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының сөзін келтірген Президент мұғалімдерге арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

Меморган басшылары халықпен тілдесуден қорқады - деп сынады Тоқаев. Бюрократия мен қағазбастылық әлі жойылмай келеді.

Мемлекеттік қызметке білімді де, іскер қарапайым жандар да бара алатын жағдай болуы керек.

Мемлекеттік басқару саласы реформаланады.

Үкімет пен парламент мүшелерінің, әкімдердің айлығы 5 жылға дейін өспейді.

Екі күннен кейін ҰҚШҰ бірлескен бітімгер контингенті әскері елден шығарылады - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сөзінде парламентке алғыс айтты. Терең саяси реформалар күзде басталатынын мәлімдеді. 

Мемлекет басшысының бүгінгі мәлімдемесінде “Ақ жол” партиясы көтеріп келе жатқан көптеген әлеуметтік-экономикалық және саяси ұсыныстар қамтылғанын айта кетуіміз керек.

Мысалы, “Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң” қабылдауды 2013 жылдан бері көтеріп келеміз. Бұл щаң қабылданса несие алушылардың басындағы жалғыз баспанасынан айрылып, бала-шағасымен далада қалуына жол берілмейді. 

Шағын және орта бизнеске қолдау да “Ақ жолдың” негізгі басым бағыты.

Енді Президент тапсырмасымен олигополияға жол азаяды. Олигархтар дәурені азаяды.

Бай мен кедейдің арасы өте қатты алшақтап кетуін тоқтату туралы “Ақ жолдың” саяси бағдарламасында нақты көрсетілген.

Иә, ҚР Президенті Қ.Тоқаев мәлімдегендей:

“Қазақстан дамудың жаңа кезеңі басталды!”

Өткенде жазған мақаламызда жазғандай: “Президент Тоқаев енді терең саяси жаңару кезеңі басталатынын мәлімдеді. Яғни, Жаңа жылда Жаңаөзен - Жаңа кезеңнің бастауы болайын деп тұр!”-дегеніміз іске асуда.

Енді осы Мемлекет басшысы тапсырмалары толық іске асуы жолында бәріміз бірлесіп, өз үлестерімізді қосуға тиіспіз.

Қазыбек ИСА

Қазақ үні