Қазыбек Иса: НЕГЕ 30 жыл бойы ЕЛДІ ЕКІ ТІЛДІ ЕТІП - ЕКІГЕ БӨЛІП КЕЛЕМІЗ?!.
2021 ж. 28 қазан
3012
4
Бір тіл болғанда ғана-Бірлік болатыны - Ақиқат!
30 жыл бұрын Тәуелсіздік алған Қазақстаннан әр елге кеткен өзге ұлттар барған елдерінің тілін бір жылға жетпей үйреніп алды.
Ал өмір бойы Қазақстанда тұратын өзге ұлттар, тіпті орыстілді қазақтар Тәуелсіздіктің 30 жылында да Қазақ тілін түк үйренген жоқ!
Сонда әлемдегі Қазақстаннан басқа елдердің бәрі мемлекет ретінде мемлекеттік тілін міндеттеп, соған сай жұмыс істеп отыр. Ал Қазақстан ғана қазақ тілді және орыстілді етіп, елді екіге бөлу саясатын жүргізіп, Тәуелсіздіктің 30 жылы бойы мемлекет ретінде Мемлекеттік тілді міндеттеуде түк істемеді.
Бір тіл болғанда ғана -бір тілек, Бірлік болатыны - әліппелік Ақиқат!Аксиома!
Бұған көз жеткізу үшін мынау ел риза болып отырған видеоны көріңіздер.
Қазыбек Иса,
Фейсбук парақшасынан