Банктері ақшаны басып шығаратын билік, халыққа қол жайып отыр - Азамат Тасқараұлы
2021 ж. 13 тамыз
1115
1
Ауыл шаруашылығы министрлігі Маңғыстауға көмектесу үшін халықтан көмек сұрауда. Арыс апаты кезінде де халық қаржы жинап, көмек көрсеткен болатын. Мақтааралды су басқанда да халық көтеріп кетті.
Сонда Үкіметтің бюджеті бар, алтын қоры бар, олигархтардың офшорлары бар, соның бәрін не істейді? Біз бұлардан көмек күтсек, бұлар бізден көмек сұрайды.
Неғылған бейшара Үкімет?!. Банктері ақшаны басып шығаратын билік, халыққа қол жайып отыр.
Жоқ, әлде, "өздеріңе өздерің көмектесіп алыңдар" дегені ме?
Азамат Тасқараұлы,
Қазақ үні