Жанат Аймағанов. Латын әліпбиін дәл таңдау...

    Мен бұл мақаланы біздің әлем COVID-19 пандемиясынан аман қалудың жолын іздеген кезде жазып отырмын. Мүмкін біреу неге латын әліпбиі туралы қазір   жазып жатыр деп ойлар. Мен әр мемлекеттің өз мемлекеттік тілі қаншалықты маңызды екенін түсіндіргім келмейді. Бұл заң әрі осы заңды негізге ала отырып, әр азамат өз мемлекетінің тілін сыйлап, білуі және қолдана алуы керек. Сондықтан әліпбиімізді латыншаға ауыстырудың шешімі - оны IT ( ай-ти) саласына бейімдеп, пернетақтаға орналастыруда артық ешнәрсе (әріп) енгізбеу. Яғни пернетақтадағы 26 латын әріптерімен жұмыс жасау керек.       Алфавиттің бірінші және екінші нұсқалары пернетақтада Keyboard-26 бойынша  орналасқанына қарамастан қоғамға ұнамады, содан кейін латын алфавитінің үшінші нұсқасы пайда болды, бұл алфавиттің авторы әлі белгісіз. Бұл алфавит жұмыс істей бастады, әрі қарай жалғасуы мүмкін еді, бірақ адамдар тағы да қателіктерді байқады. Біздің  жаңа Президентіміз оны тоқтата тұруды шешті және осы соңғы нұсқаны қайта қарауды бұйырды. Осыдан кейін біздің филологтар кемені шайқай бастады тіпті бұрын-соңды өздері осы кемеде болмағандай. Мен олардың қайда тұратынын түсінбеймін немесе олар Қазақстанды түрік әлемінің өзегі деп санай ма?       COVID-19 әлемнің қалай бір- бірімен тығыз  байланысып жатқанын, қазіргі замандағы қарым- қатынастың,  байланыстың не екенін көрсетті.        Былтыр мен Грузияда болдым. Әдейі Батуми мемлекеттік университетіне, халыққа қызмет көрсету орталықтарына және т.с.с. бардым. Зерттедім. Сонда байқағаным, грузин алфавитінде  армян алфавитіндегідей ерекше әріптердің болғанына қарамастан грузиндер 26 әріптен тұратын пернетақтаға ешқандай басқа әріптерді енгізбеген. 19.02.2018 ж. Елбасымыздың  қол қойған үшінші әліппе нұсқасы алдынғы екі нұсқадан әлдеқайда жақсы болсада. Бұл нұсқаға да  реформа қажет деп ойлаймыз, себебі  мұнда қала атаулары, веб-сайт атаулары, электрондық пошта, тағысын- тағы - бүкіл Интернет саласы  өз шешімін дұрыс таба алмайды. Ал нұсқаның ең үлкен кемшілігі - егер біз Әлемдік АҚШ клавиатурасына бейімделмесек, латын әліппесінің жағдайы  өте мүшкіл болады. Ең бастысы  Елбасымыз көтеріп отырған Цифрлық Қазақстан дейтін программа Қазақ тілін арманға  айналып, айдалада қалатыны сөзсіз. Сондықтан латын әліппесіне көшкенде қазақ латын әліппесі қосымша тіл болып қосылмай,  Енглиш, Орыс тілдеріндей клавиатурада өз орнында нық отыруға тиіс. Себебі, Енглиш тілі жүйенің тілі, оны біз алып тастай алмаймыз.  Орыс тілі экомикамызға сіңіп кетті, ол да қолданыста болуы тиіс. Төртінші тілді айтпағанда, үш тілде бір уақытта компутермен жұмыс істеу  ыңғайсыз екені белгілі. Кейінгі нұсқаның кейбір кемшіліктеріне тоқталып өтсек: 1. АҚШ-тың халықаралық пернетақтада  Ǵ, Ń, ǵ, ń  әріптері жоқ.  Ал бұны ұсынған шешу жолдары өте мардымсыз.  Бұл әріптер әлемдік стандарттан тыс болып, 26  әріптің санын көбейтіп, қазақ  деректер банкісіне  кедергі жасайды.   2. Интернетте Ғ, И, Ң мазмұнын білдіретін толық атауларды жаза алмаймыз,  мысалы: ғылым, ғалым сияқты веб-сайт атауларында, Интернет-медиа саласында, сол сияқты электрондық поштамызды Ғ, И, Ң сияқты әріптері бар сөздермен ашу, жазу мүмкін емес. Бүгінгі күні өзімізге танымал мемлекеттік вебсайттардың өзі  қазақ тіліне тән әріптердің қатысуынсыз жазылған. Мысалы: www.kenes.kz   www.enbek.kz  т.с.с... Бұл да қазақ  деректер банкісіне  кедергі жасайды. 3. Ұ әрпін  «U» деп таңбалау  өте  қолайсыз, себебі біз бүкіләлемдік дайын деректер банкісінен алшақтаймыз. Ал әлемге әйгілі  UN, UNESCO, Europe осы сөзге байланысты Eurosport, Eutelsat т.с.с. сөздер басқа мағанада оқылады. Яғни, бұлай таңбалау Орысша да Енглишше де   қазақ тіліне керісінше әсерін тигізеді.  Оған қоса, орыс тілі Интернет саласында төртінші тіл болып саналатынын есте сақтаған жөн.  Жалғыз ақ мысал, жиі қолданылатын университет сөзін universitet деп жазу әлдеқайда қолайлы әрі әдемі.  Сол себептен Ұ әріпін Ú деп таңбалаған дұрыс. Жұмбақ – júmbaq,  ұзын – úzyn,  құлын –qúlyn. Өйткені  біз Латын әлеміне кіргенде  кездесетін қосымша кедергілерден құтылып, қалыптасқан жағдайдың тәртібін бұзбай кіреміз. 4.  У  әріптің орнына Ý жазу өте қолайсыз,  бұл да бүкіләлемдік дайын деректер банкісінен алшақтатады.  Бүгін кез келген қала, өзен аты тіпті кез келген нәрсенің аты Интернетте 26  латын әріпімен ғана беріледі, сол себебтен У әрпі акутсіз жазылып, Интернетте қысқа (й) не болмаса,  (ы) болып оқылуы мүмкін, себебі Интернет қолданушылар браузердегі сөз жолын 26  латын әріпінде қабылдайды. Сондықтан Көкшетау сөзі Интернетте Kokshetay , Ақтау Aqtay, Атырау Atyray, Ақсу Аqsy болып,   Көкшетай, Ақтай, Атырай, Ақсы болып оқылады, басқаша оқылуы мүмкін де емес.  Себебі Интернетте соңғы нұсқамен веб-сайт атауларын біз былай жазуға тиіспіз:  kokshetay.kz  aqtay.kz atyray.kz  aqsy.kz . Ал ең қызығы  бүгінгі күні бұлар Интернетте    www.kokshetau.kz  www.aqtau.kz www.atyrau.kz  www. aqsu.kz болып жұмыс істеп жатыр. Ал егер біз Интернетте өзгеріс енгіземіз деп  тырыссақ, Әлем бізді түсінбейді. Қазақтың «Ү» әрпін  «Ý» деп белгілесек, сол үйренген  қалпында жеңіл қабылдаймыз және сөзге сән мен мән береді. Мысалы: Үй- Ýi,  Үкімет Үйі - Ýkimet Ýii.   6. И,Й әріптердің  орнына I I   жазу қолайсыздық туғызады, себебі біз  тағы да бүкіләлемдік дайын деректер банкісінен алшақтап, латын әлемінде адасып қаламыз. Өйткені Қазақстанда бүкіл деректер банкісі орыс тілінде.   Ал енді біз ұсынған өзгерістерді латын әліппесіне   енгізсек, жоғарыда көрсетілген кемшіліктер толығымен жойылады.  Оған қоса, өзіндік ерекшеліктері де бар: Мысалы: Ә, Ө,Ү,Ұ  әріптерін  латын әліппесімен  Á,Ó,Ý,Ú таңбаласақ, бұл әріптер тек дауысты әріптер ретінде қосылып,  26 әріптің қатары мен заңын бұзбай, оқырманға тек қазақ тіліне ғана тән дауысты  дыбыстары ретінде қолданылады. C,X,W  әріптері  Қазақ тіліне қосылып біздің тілімізді байытады, себебі әлемге танымал сөздер сол қалпында Қазақ тіліне енеді. Мысалы: Coca-Cola, Xerox, Washington, New-York,  Windows, kW, ….   Латын әліппесіне көшерде ең бірінші қадам- электрондық саланы қолға алу. Компутерлерде Қазақ тілін қолдану саласының қиындықтары бәрімізге мәлім. Сол себептен  International keyboard US   қазақ әліппесіне бейімдеген жөн.   Жоғарыда суретте көрсетілген. Бұны орнату жеңіл және  қолдану өте қолайлы. Қазақ әріптерді á-ә, ó-ө,ý-ү, ú-ұ  басу үшін   сосын кез келген әріпті басу керек.   Үлкен Á-Ә, Ó-Ө, Ý-Ү, Ú-Ұ әріптерді жазғыларыныз келсе, онда    сосын - пен бірге кез келген әріпті басасыз.    Ал егер дәрежелерді, не болмаса үстінгі қатардағы көк түсті символдарды  2², 4³, €,¼, ..  жазғыларыңыз келсе, онда  -пен бірге  кез келген символды басу керек.    Суретке  қарасақ, бұл Қазақстанда үйреніп қалған пернетақта- оны өзгертпеуіміз керек, өйткені бұл үлкен проблемаға айналады.  Бұл пернетақта кез-келген компутерде және кез келген құралдың терминалында жұмыс істеп тұр, оған смартфондар мен телефондарды қоссақ, бұның маңыздылығы арта түседі.  Бұл сала тек Елбасымыздың ерекше шешімін кұтіп тұр. Біз істің дұрыс шешілуін қалаймыз, себебі бәрі де білім саласынан басталады. Тәжіребеге сүйенсек, біз ұсынып отырған өзгерістер ескерілген әліппиді студенттер бізден де тез меңгерді. Ресей үкіметі 1968 жылдан бері Латын әліппесіне кириллицасын  бейімдеу бойынша он рет жаңартты және соңғы түзету 2013 жылы қабылданды. Бүгін бүкіл Интернет орысша латын әріптерімен сайрап тұр, егер қолданушы қателік жіберсе,  компутер түзетуге дейін тырысады. Бұл сәнге құрмет емес, интеграциялық үрдіске табиғи кіру. Басқа тілдер сияқты көпке созбай QZ доменін қолданысқа енгізуіміз қажет. Себебі кез келген Интернет-технология осы доменмен мемлекеттің байланысын  көрсетеді. Бұны екінші қадам айтуға болады, бірақ соңғы бекітілген нұсқада Қазакстан Qazaqstan деп жазылғасын QZ доменіне ешқандай кедергі жоқ.    Елбасы, әліппенің сапасын көтеру үшін әлі де қосымша өзгерістер болады деп бекер айтпаған шығар.  Бұл дүниеде қатып қалған ештене жоқ. Жеріміз де айналып тұр, Галактикамыз да орнында тұрған жоқ. Осындай өзгерістерді  дұрыс түсініп, әліппені заманға сай құрал ретінде түсінейік, қадірлі ағайын. COVID-19 Қазақстандағы төтенше жағдайға қалай төтеп бере алатынымызды тексерді. Білім беру жүйесі қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті, онда біз ағылшын тілін білуді қажет ететін жаңа бағдарламалық жасақтаманы қолданамыз. Ағылшын тілінің рөлі қарым-қатынас тіліне айналған біз үшін маңызды екенін атап өткен жөн. 26 әріптің қолданылуы қысқартуларда да ыңғайлы, олардың қолданылуы күннен-күнге артып келеді және біз оларды ағылшын тілінде айтуымыз керек. Мысалы, SMS, GPS, USB, USA, UK  және т.б. Осы жылдың 20 ақпанында Алматыдағы филологтарымыз көрсеткен алфавиттің соңғы нұсқасын қарап отырып, мен оны басқа салаларды айтпағанда, компьютерде қолдануды бастаған кезде бұл тағы бір сәтсіздік екенін толық жауапкершілікпен айта аламын. Сөздің жаһандық мағынасында біз Kazakhstan-ды Qazaqstan деп өзгертіп, оны БҰҰ-да тіркеп, содан кейін екі әріптен тұратын кодтау жүйесіндегі KZ-ті  QZ (ISO 3166-1 альфа-2) және QAZ-ты QZ-ке өзгертуіміз керек (ISO 3166-1 альфа-3) )     Әрине, біз білім беру жүйесінен алғашқы қадамдарды бастаймыз, бірақ сәл кідіріспен қатар, жаңа әліпбиде билеттерді (көлік, мәдени іс-шараларға билеттер, SMS және т.б.) басып шығаруды бастауымыз керек. Бұл жерде сіздерге ABCnet алфавитінің артықшылығы бар екенін, орта мектеп оқушылары оны бұрыннан білетіндігін және олармен әліпбиді қолдана бастайтындығын жеткізгім келеді, өйткені ABCnet ағылшын тіліне ұқсас екенін білеміз, және біз тәжірибе алған кезде бастауыш мектепке арналған оқулық жасай аламыз. Жастардың ең жақсы досы және әлеуметтік желілер цифрлық бизнес қауымдастықтарын құрған смартфонның маңыздылығын ескере отырып, біз оны Қазақстанда латын графикасын енгізудің ең қолайлы әдісі ретінде ескеруіміз керек.     Qazmúnaygaz, Qazaqtelekom, QTJ  (Қазмұнайгаз, Қазақтелеком, ҚТЖ) сияқты ұлттық компаниялар  SAB, 1С-бухгалтерлік есепші, 1С-кәсіпорын бағдарламаларды сатып алуда,  бұлар бүгін бұлтты технологияларда жұмыс істейді. Бұл ұлттық компаниялар осы программалар  сатушыларына қазақ тіліне аударудың талап ету керек. Сатушыларға қазақшаға ABCnet латын әліпбесінде   аударуы ыңғайлы болады. Бүгінгі таңда бұл бағдарламалар екі тілде жұмыс істеуі тиіс. Сонымен қатар стартаптарымыздың  назарын мемлекеттік бағдарламаларға аударған жөн.     Ресей кириллицасын  1968 жылдан бастап латын әліпбиіне 10 рет бейімдеді және бүгін олар Интернетте 2013 жылдың соңғы бейімделуін қолданады. Суретте мен Ресейдің Yandex  компанияның Астана қаласына шығарған картасын көрсеткім келеді.   Интернетте орыс тілінде  латынша қолдануы қиындық тудырмайды, мысалы, іздеу жүйесінде латынша орыс тілінде бір сөзді тергенде грамматикалық қателер болса, іздеу жүйесі сізді түзетуге тырысады. Сөзімнің соңында  «Қазақстанның болашағы-Қазақ тілі»  дейтін азаматтардың даусын естігім келеді. Бұл біздің бірінші президентіміздің сөздері екенін ұмытпағанымыз жөн. Жанат Аймағанов, Қазақ үні