Мұхит ДЕРБІСӘЛІ: «ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ҰЛТЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУІ ҚАЖЕТ»

0
944

 

Газетіміздің №12-13 (528) санында жарық көрген саясат бөлімінің редакторы Өмірзақ Ақжігіттің «Как господин никто? Все силы на борьбу с Деникиным! Большевистский лозунг гражданской войны 1918-1921гг». атты мақаласында Алматы қалалық Бостандық аудандық сотына қала тұрғыны М.Дербісәлінің жазған талап арызы турасында жазылған болатын. Көзі қарақты оқырман мәселенің мәнісімен, арыздану­-шының талап тілегімен таныс деп ойлаймыз. Сондай-ақ, біз Мұхит Дербісәлі ағамызды толғандырып жүрген тағы бірқатар мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітуді жөн деп санадық. 

 

– Мұхит аға, «даудың басы – Дай­рабайдың көк сиыры» демекші осы дау қалай басталды, тағы да бір тоқ­талып өтсеңіз…
– Сегіз айдан бері мені сергел­деңге түсірген жәйт – «Свобода слова» га­зетінің бас редакторы Е.Рахымжа­новтың аталған газетте жазған ма­қа­лалары болды. Өзінің шимай шат­-
па­ғында Евгений не деп есіреді? «Свобода слованың» бір емес екі бірдей нөмірінде ашықтан ашық қазақ ұлты­-
на қарсы шығып отыр. Ол мақаласын­да: «лично я считаю, что русский язык должен стать вторым государствен­ным в Казахстане» дейді. Өзінің туған тілі – қазақ тілінің шын мәніндегі, Конституция бабына сәйкес тұғырына, қайтсек қонады деп жан ұшырып жүр­ген жұртқа орыс тілін екінші мемлекеттік тіл ету керек дегені қай сас­қаны? Мұнымен қоймай халқымыздың біртуар қайрат­кері Мұхтар Шаханов бастаған ұлт патриоттарына шүйлігеді. Ол өзінің шимай шатпағы арқылы ерен ерлердің еңсесін түсіре алмасы анық. Дегенмен біз оған аузына келгенін айтқызып қарап отыра алмаспыз. Сол үшін де мен өзімнің талап арызымды бердім. Мені алаңдататын басты мәселе – тәуелсіздік алған жиырма бір жыл ішінде ел арасында туындаған осындай түрлі араздықтардың шешімі­нің таппай келе жатқандығы. Мұның объек­тивті негіздері бар болса, оның сал­дары­мен билік неге күреспейді. Рахымжанов сияқтылардың ел ара­сы­на іріткі салуына неге біз жол беруіміз керек?
Сонымен қатар халқымыздың қыл­мыстық кодексінің 164 бабы 3 тармағы мен Ата заңымыздың 20 бабы 3 тар­-
ма­ғында ұлттық намысты және абы­ройды қорлайтын, ұлттық өшпенділік пен араздықты қоздыруға әдейі жа­салған әрекеттері үшін адамдар ұлттық ерекшелігіне қарамай, заң алдында жауап беретіндігі айтылған. Бұл жерде Е.Рахымжанов БАҚ-н пайдаланған­дығын да ескеру қажет. Мен биліктің менің талап арызым бойынша істі қарап, ақ қарасын айыратынына сенемін.
– Иә, аға ел арасындағы қалыпты­лық пен тыныштықты сақтауға септігін тигізер бірқатар ұсыныстарым бар деген едіңіз. Нақты қандай ұсыныс­тарыңыз бар екенін оқырман қауым біле отырса…
– Біздің елімізде ресми орындарда да, қоғамдық өмірде де көпұлтты деген терминология жиі қолданылады. Меніңше бұл сөздің қолданылатын орнын білуіміз керек. Қазақтың көп­ұлттымыз деп көкірек қаққаны өзіне таяқ боп тиіп отыр. Рахымжанов сияқ­ты пысықайларды есіртетін де осы сөздер. Яғни біз осыған өзіміз жол ашып беріп отырмыз. Көпұлтты деген сөзді меніңше ресми қолданыстан алып тастау қажет. Қазақ халқы осын­дай батыл қадамға баруы тиіс. Қазақ­стан Халықтар Ассамблеясы деудің орнына Халық Ассамблеясы деген сөзге осы күнде етіміз үйренді. Меңін­ше осы Ассамблеяны нағыз мемлекет­тік-қазақ тілінің насихатшы-уағыздау­шысына айналдыруымыз керек. Негізінде қа­зақ жерінде қазаққа басымдық берілуі табиғи да заңды құбылыс. Қа­зақстанда өзге ұлт жоқ демейміз, бірақ қазақ ұлты елден ерек қызыл әріппен жа­зылып тұруға тиіс емес пе?! Бұл бірінші ұсынысым. Оның бір ерекшелігі – оның заңдылығында!
Ал, екіншісі – еліміздің солтүсік, шығыс, батыс облыстарындағы бұрын­ғы Кеңес Үкіметінің кезіндегі атаумен қалып қойған аудан, қала аттарының барлығына қазақша атау беру. Бұл Тәуелсіздік таңының атқанына жиыр­ма бір жылға жақындаса да еліміздің кешегі орыстандыру саясатынан әлі арыла алмағандығының көрінісі.
Сондай-ақ өзіміздің оңтүстік астана­мызда болып жатқан ұлтқа қатысты осы бір дауға келгенде де Алматы қа­ласындағы ішкі саясатты жүргізуге тиіс басқармалары да үнсіз отыр. Олар қала халқының ішкі бірлігін, татулығын сақтау жолында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қауқарсыз екендіктерін көр­сетуде. Сот орындары осы жұмысты жандандыруға күш салса екен.
Үшінші ұсынысым – Ата заңымыз­дағы орыс тіліне басымдық беріп тұр­ған оның мемлекеттік мекемелері мен жергілікті басқару орындарында ресми түрде мемлекеттік тілмен қатар пайдаланылады деп айғақтаған бапты, жақын арада, екі-үш жылдан асырмай алып тастау. Егер де қазақ тілінің мәселесіне келгенде билік басын­дағы­лар ұлтым деген азаматтардың сөзіне бір мезет құлақ асатын болса, онда қазақ тілінің халі бүгінгідей мүшкіл болмас еді. Сонда құда да тыныш, құ­дағи да тыныш. Бұл шын мәніндегі Тұрақ­тылықтың нағыз кепілі болар еді.
Жоғарыда атап көрсетілген үш мә­селе жөнінде мен өз құқығымды пайдалана отырып талап арызымды бердім. Бірақ мұндай ауқымды мәселелерге келгенде бірінші деңгейлі сот нақты шешім шығара алмауы ықтимал. Сот түрлі сатыда жүргізілуі мүмкін. Істің қалай өрбитінін енді уақыт көрсетеді. Бірақ мен осы жолда бар күш-жігерімді аямаймын. Жалғыздың үні шықпай­тыны белгілі. Сондықтан мен бұл жолда жалғыз емеспін. Маған бірқатар қоғам қайраткерлері, қазақ тілді БАҚ-ы қолдау көрсетуде.
Менің мақсатым – қоғамның ойын осы мәселелерге бұра отырып, оның шешілуіне ұйытқы болу.
– Аға, сіздің еңбегіңізге жеміс тілейміз. «Жас қазақ үні» ұлт үшін жа­салған барлық істердің бел орта­сында жүреді. Яғни біз де сізге қолдау көрсе­теміз.

Ескерте кетерлік бір жәйт екі та­раптың арасындағы сот әлі күнге
дейін жалғасуда. Сот процесі біздің на­­зарымызда болатындықтан, алдағы уақытта нәтижесі туралы да сіздерді хабардар ететін боламыз.

Әңгімелескен
Гүлмира САДЫҚ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз