Жиналысты қазақ тілінде өткізуді өтінгені үшін зардап шекті

63312231_1_644x461_detskiy-sad-premium-klassa-kids-avenue-astana_rev016Қарағандыда жиналысты мемлекеттік тілде өткізуді сұраған ата-ана оңбай опық жеді. "Лесок" деп аталатын мектепке дейінгі мекеме басшылары олардың бұл талабына мүлде басқаша жауап қатқан.

Ал, үлкендер дауының құрбаны болған 3 жастағы Марат енді аталған ғимараттың табалдырығын аттауға да қорқады деп хабарлайды 31 арна.

Марат Ерқанаттың "Лесок" балабақшасына барып жүргеніне бір жылға да жетпеген. Қазақшаға шорқақ болғандықтан, оны ата-әжесі қазақ тобына беруді ұйғарыпты. Жыл басынан алғашқы жиналысты қазақ тілінде өткізуді сұраған ата-анаға бір топ азамат дүрсе қойған көрінеді. "Баланы киіндіріп алып далаға шықтым. Бірнеше топ ата -аналар "ты - казашка, нас, русских, много, мы заполонили вас казахав" деп айқайлады", - дейді Нәзилә Абуова. Үш жасар Мараттың анасы Нәзилә болса, балабақша ұжымы бүлдіршіннің тәрбиесіне немқұрайлы қарайды дейді. Айтуынша, баласы күн сайын балабақшадан бір жерін жарақаттап келеді. Өз кезегінде, мекеме басшылығы бұл мәселені түзетудің орнына, "ұнамаса, балаңызды алып кетіңіз" дейтін көрінеді. Ал жақында бұлбұлша сайратуды уәде еткен олар "қазақ тілінде оқыған баланың білім деңгейінің қандай болатыны" туралы өз тұжырымдарын айтыпты. Мараттың анасы: "Салыстырмалы түрде айтқан. Қазақ тобында оқыған бала ақымақ болады деді. Орысша айтқанда "казахи все тупые" деді", - деп естігенін айтты. Ал, 3 жасар Марат бұл мәселенің бүге-шігесін түсінбейді де. Шыр-пыр болып жатқан әжесі бұл жайды балабақша әкiмшiлiгiне де ескерткен. Алайда нәтиже болмаған көрiнедi. Керiсiнше, қысым күшейiп, мәселе күннен-күнге күрделенген. Ақыры, "Марат балабақшадан шығыпты. "Бәрі жиналып алды да мен қазақша жиналыс өткіз дегенге менің баламды қудалап жатыр", - дейді баланың анасы. Ал мектепке дейінгі мекеме өкілдері қандай да бір түсіндірме беруден бас тартты. Тіпті біздің түсірілім тобымыздың өзін күшпен шығарып жіберді. 3 жасынан үлкен даудың куәгері болған бүлдіршін енді балабақшаға баруға да қорқады. Ал ата-әжесінің соңғы күндері орын алған оқиғадан кейін онда жіберуге ниеті де жоқ.

nur.kz