Илья Ильин қазақ тілін үйренуге уәде берді
2014 ж. 21 қаңтар
1617
2

Күнделікті жаттығудан бөлек, Илья Ильин ағылшын тілін үйренуді де күнтізбеге қойыпты.
"Ойлаған мақсатыма жетуде алғашқы қадам жасап та қойдым. Өткен жылы бірнеше ай бойы Лондонда тілдер колледжінде оқыдым. Екіншіден, мемлекеттік тілді толық меңгергім келеді. Түзген жоспарыма сай Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарынан соң, 2017 жылы қазақ тілінде еркін сөйлейтін боламын", - дейді Қазақстандық ауыр атлетші. Олимпиада чемпионы сонымен қатар, үшінші сыныптан оны чемпиондыққа дайындағандықтан, мектепте тек екі-үш сабаққа қатысқандығын айтқан. Дегенмен, 10-шы сыныбында Илья Әлем чемпионы атанған. Айта кетейік, спортшы көктемде Қызылорда қаласында Илья Ильин атындағы спорт мектебінің құрылысын бастамақ. Жаттығу бұл мектепте болгар әдісі бойынша жүргізілетін болады. Болашақ атлеттерді даярлайтын мекеме келесі жылы іске қосылады деп күтілуде.Baq.kz