Мұхтар Құл-Мұхаммед: Қазақ тілі әлемдегі ең бай тіл саналатын түрік тілінен де бай

3
1484

kul_mukhammed1812Жақында жарық көрген сөздік әлемдегі ең бай тіл саналатын түрік тілінен қазақ тілінің 14 мың сөзге бай екенін дәлелдеді.

Бұл жөнінде Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед «Қазақ сөздігі» атты қазақ тілінің бір томдық түсіндірме сөздігінің тұсаукесерінде мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz

«Қазақта «ақ түйенің қарны жарылған күн» деген жақсы бір тіркес бар. Бүгін де дәл сондай қуанышты күн деп айтуға болады. Себебі, осыдан үш-төрт күн бұрын ғана Елбасы бүкіл қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ұлтымызға берілген жеті қазына туралы айтып еді.

 

Сол жеті қазынаны саралай келіп, үшіншісі – бұл біздің халқымыздың тілі мен мәдениеті екенін қадап айтқан болатын. Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бай тілдердің біріне айналып келе жатқанын атап өтті.

 

Кез-келген халықтың ең ұлы байлығы салынған зауыт, фабрика, жол, техника, ұшақ немесе көлік қана емес, оның ең өлмейтін, өшпейтін байлығы – тілі. Кеңес заманында қазақ тілінің 10 томдық сөздігі шыққан. Онда 60 мыңнан астам атау сөз, 90 мыңнан астам сөз бен сөз тіркесі болған.

 

«Тіл ұдайы дамып отыратын процесс. Тәуелсіздік жылдарында, яғни 2002 жылы біз қазақ тілінің 15 томдық түсіндірме сөздігін әзірлеу бастамасын көтердік. 2003 жылы іске асқан бұл бастама 2011 жылы мәресіне жетті. Мұнда 150 мың сөз бен сөз тіркесіне жететін ауқымды тізілім құрастырылды», – деді М.Құл-Мұхаммед.

 

Министр атап өткендей, түркі тілдес өзге тілдердегі сөздіктерге жүргізілген зерттеу қырғыз ағайындардың сөздігінде 50 мыңнан астам, 5 томдық өзбек тілінің сөздігінде 80 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі бар екенін анықтады.

 

«Енді сол 15 томдық сөздік жарық көргелі бері тілімізге қаншама жаңа сөз енді. Сондықтан, түсіндірме сөздіктің сығымдалған нұсқасын шығару қажеттілігі туындады. Бүгін жарық көрген Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде 106 мың атау сөз бен 48 300 сөз тіркесін қамтылып отыр. Салыстырып өтсек, түріктердің түсіндірме сөздігінде 92 292 сөз қамтылып, 122 423 сөз мағынасы келтірілген. Сонда дүниедегені ең бай тіл болып есептелетін түрік тілінен қазақ тілі 14 мың сөзге бай екенін бүгінгі сөздік дәлелдеп отыр», – деді ол.

 

«Қазақ сөздігі» атты қазақ тілінің бір томдық түсіндірме сөздігінің тұсаукесері аясында түркі тілдері түсіндірме сөздіктерінің көрмесі ұйымдастырылды.

bnews.kz

 

3 ПІКІРЛЕР

  1. Қазақ тілінің бай болғанынан не пайда қайран ана тілім сорлы тілім өз ұлтыңның сорына айналған тілім жоқ болyдың алднда тұрған тілім өз еліңе, өз ұлтыңа керек болмаған тілсің. Келесі бір 100 жылдықта жойылған тілдердің ішіндегі тілдердің санатына қосылатын тіл. Тілімнің болашағы жоқ тіл – оның жаyы өзіміз қазақтар әсіресе жоғарғы жақтағы маңғұрттар мен олардың жан ұялары ұят ұят халқым тілі жоқ елдің болашағы жоқ ел күлкі болдың қайран тілім өз ұлтыңа ұят ұят :zhlau: :zhlau: :zhlau: :zhlau: :zhlau: :zhlau: :zhlau:

  2. Дүниенің кеңдігін қайтейін, аяқ киімім тар болғасын деген екен бір сорлы.Сол айтқандай тіліміздің байлығынан не пайда, өз елінде еленбей отырса.Құл Мұхамед мырза айналасындағы адамдарға айта ма екен,ана тілімізде сөйлемегеніміз ұят қой деп.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз