Борт қызметкерлеріне қазақ тілінде сөйлеу міндеттелді

2
1543

Енді отандық әуе компанияларының борт қызметкерлері қазақша сұрақ қойған жолаушыға тек қазақ тілінде жауап беретін болады.

«Қазақ тілін аз болса да білу керек. Сондықтан мысалы бір жолаушы қазақша бір сұрақты берсе, қалай болса қиналса да, қазақша жауап берсе дұрыс болады. Соны осындай мәселені біз компанияға беріп жатырмыз. Істеңдер деп. Жыл сайын осы қазақ тілін білу көтерілу керек», – дейді «Самұрық-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры Нұржан Байдәулетов.Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры Нұржан Байдәулетов баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, стюардтер мен стюардессалар өзге ұлт өкілінен болса да, қазақша сұрақ қойған жолаушыға шама-шарқына қарай қазақ тілінде жауап қайтаруы тиіс.

Нұржан Байдәулетовтің айтуынша, жолаушылар арасында қызмет көрсетушілерге әлімжеттік жасап, ұшақ ішінде шылым шегетін, тіпті пилоттың кабинасына кіруге әрекеттенетіндері де кездеседі екен.

«Ұшақтардың уақытынан кешігіп ұшуына көбіне осындай жағдайлар себепші болады», – деді ол. Сондай-ақ Нұржан Байдәулетов алдағы бір-екі жылда әуе билеттерінің бағасы қымбаттамайтындығын атап өтті.

7 арна

2 ПІКІРЛЕР

  1. Қызмет көрсету саласындағы компаниялар қызметкерлерін мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге міндеттеу керек. Бұл тұрғыда «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы озық тұр. Телефонмен болсын, үйге маман шақырып немесе өзіңіз барып қандай да бір сауал қойсаңыз, орыс болса да былдырлап қазақ тілінде жауап қатады немесе сізден кешірім сұрап, орысша сөйлеуге рұқсат сұрайды, егер рұқсат бермесеңіз қазақша сөйлейтін маманды шақырып келеді. Және осы талапты арнайы адамдар жалдап, солар арқылы тексеріп тұрады, шалыс басқандар жазаланады да. Бұл жай сөз емес, шындық, өзім сондай тексерістерге қатысқандықтан айтып отырмын. Осыны өзге де қызмет көрсету саласындағы компанияларға енгізу қажет.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз