Сәкен МАЙҒАЗИЕВ: «Ана тілімді аяқ асты етті»

50
18632

Твиттер желісінің қолданушысы Гүлнұр Әбиділдақызының осы бір жазбасынан кейін (төмендегі Твиттер парақшасында) Алматы әуежайында орын алған келеңсіз оқиғаның мән-жайын білмек ниетпен Сәкен Майғазиевтің өзіне тікелей хабарласқан болатынбыз. Әнші іштегі қынжылысын жасырмай, бүкпесіз жайып салды.

Шынымды айтсам, зығырданым қайнап отыр. Мұндай сорақы, масқара жайтқа қашанғы төзуге болады? Мемлекеттік тілді менсінбейтіндер біздің «менімен қазақша сөйлесіңіз» деген талап-арызымызды «ит үреді, керуен көшедіге» балайтын сияқты.

Болған жайды қаз-қалпында баяндайыншы. Алматы әуежайының жүк көліктерін тапсыратын жерінен өтер тұста тексеріс жүргізетін әуежай қызметкерінің бірі: «Снимите ремень, а также часы» деп бұйыра сөйледі.

Жарайды, онысын қойшы, маған әлгінің орысша шүлдірлей жөнелгені жаныма батты. Себебі, мұндай жағдайда бір емес, екі емес бірнеше мәрте болдым. Қашанғы шыдау керек.

– Мен орысқа ұқсап тұрмын ба? – дедім өз кезегімде.

– А че вы специально нарываетесь?

– Жоқ, мен сізден менімен мемлекеттік тілде сөйлеуді талап етіп отырмын. Осы елде тұратын әрбір азамат қазақ тілін білуге тиісті…

– Почему я должен? Я сам решаю на каком язык буду разговаривать? – деді әлгі.

Былайша айтқанда, мемлекеттік тілді білу менің міндетім емес деді.

Сөйтіп екеуміз сол арада сөзбен ұстасып қалдық. Тек арттағы адамдар басу айтқаннан кейін барып сабама келдім. Ал әлгі адамның беті бүлк еткен жоқ. Артынша соның үстінен қарайтын басшысын тауып алып, ол кісімен ашық сөйлестік. «Аты-жөні – Равиль Махмұдов, қазақ емес» деп ақталған болады. Менің оның қай ұлттың өкілі екендігінде шаруам жоқ. Жарайды, Тәуелсіздік алғанымызға екі жыл болса түсінемін. 22 жыл бойы қақсап келеміз ғой. Сол кезден бері бүтін бір ұрпақ өсіп жетілді. Мен әлгіден сол арада қазақтың тарихын айтып беруді болмаса қазақша өлең оқып беруін сұраған жоқпын ғой! Бар болғаны:

«Сәлеметсіз бе? Белдігіңізді, сағатыңызды шешіңіз. Өте беріңіз» деген екі ауыз сөзді жаттап алса, аузы қисайып қала ма? Қалай болғанда да мемлекеттік тілге мұрнын шүйіре қарайтындарға қатысты қатаң шара қолдану керек. Осыны айтсам, маған қолдау көрсетудің орнына өнерде жүрген кейбір әріптестерім «қайтесің басыңа бәле тілеп» дегендей қылады. Ал Астанаға көңілім құлазып жеттім.

«Дала мен қала» 

50 ПІКІРЛЕР

  1. Жаяудың шаңы, жалғыздың үні шықпас деген осы да. Тілімізге жанашырлықпен қарайтын адам кем де кем. Ал жаны ашып, өзегі өртенгеннен, намысына тигеннен айтқан ескертулерге Басыңа бәле тілеп қайтесін, жұртта шаруаң қанша деген сөздермен одан бетер ашуыңызды тоздыратын адамдар қаншама. Барша қазақ бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып өз тіліміздің беделін көтеруге неге шамамыз келмей ма? ОЯН ҚАЗАҚ қашанғы өзге тілдің құлы боламыз.

  2. Сәкен турасын айтқан. Жалпы-талантты да ұлтжанды, марқасқа жігіт. Сәкен, Сізге жақсылық тілеймін.Ал әуежай қызметкерімін деп аспанжарық болмай бір ауыз сөзді, бірнеше сөзді жаттап алып жымия салу түк те қиын емес. Ақшасын қысқартар болса көрере едім қалай құбылғанын. Әрине жуан ұлтпн деп біреулер шалқасынан түссе де артынан өзгерер еді, басқа амал да жоқ. Ахаң айтқандай 10 пайыз емес, ол көптеу. 2-3 пайыздан ұстаса да жылап жіберуге шақ қалар еді-қалтырауық немелер.Өзі, күнкөрісі үшін ғана емес, өзі тұрып жатқан елді сыйлаған түр таныта салса ештеңесі кетпейді. Не деген тоңмойындық. Жалпы мем. тілді менсінбеу-арсыздық. Жоғарыда әуежай басшылығына жақсы жазылған. Қазақпыз, бөріміз, жылқымыз деп жүріп мәңгүрт болып бара жатырмыз. Тек осындай арлы әрекеттер керек. әйтпесе масқара. Малым жанымның садағасы дейтін қазақтың ездігі, надандығы ақылға сыймайды. Түзету қажет. Шулатпай, сабырмен, заңды түрде, Әрине берік уәж керек. Ал ол бар. Әр қазақ үшін мемлекеттік тілдің-Отанның жақтаушылары болу ең абыройлы міндет.

  3. Өте орынды!! Мемлекеттік тілде сөйлемеу деген өте асқандық!! және оны оралмандар, ауылдағылар ғана сөйлейді деп есептеу қандай надандық еді!!! Осындай нағыз қазақтың азаматтары мен азаматшалары көбейе берсін !!! қазақша сөйлемеуді намыс санайтын күнге жетсек екен )

  4. Оз басымнан откен жагдай))..казакша сойлемек тугели , ауру тарихыма неге сиз казакша жазасыз, орысша жазбай..мен тусинбеймин демеси бар ма.

  5. Мен истейтин жумыста 2 орыс улты бар, бари оларга орысша сойлейди. Менимен жумыстары коп, мен казакша сойлеймин. Олар муктаж болганы ушун менимен казакша сойлейди. 10 орыс турып 1 казак турса олар казакша сойлемейди ал биз 10 казак турып 1 орыс турса орысша сойлеймиз. Сол себептен озимиз де тек казакша сойлейк. Сакен агамызга алгысым шексиз. Сиз сиякты ултжандылар коп болсын.

  6. Ассалаумагалейкум жамагат! Сакен агамен тугелдей келисемин! Ол киси дурыс айтады. Мен озим ауекомпанияда жумыс истеймин ондай жайыттар кунделикти болып турады. Келип казскша сойлей бастасан саган бир жайыга карагандай болады. Ал кейбир жолаушылар казакша амандассан тук жауап бермейди. Мен соны тусинбеймин ойткени сол кисилердин 80% пайызы казактар бирак бир жактырмаган турмен карайды. Неге?

  7. Мен озбекистанда болдым сонда кандай Улт болмасын Бари озбекше сойлейди биз Казакстанда турып оз тилимизди кейбир Казактар билмейди уят кой.(((

  8. Шара қолдану керек дейсіздер ме , ал қандай шара қолдана аласыздар? Ұлт аралық тіл орыс тілі деп заңның бір-ақ жолы оларды заң бойынша ақтап тұр емес па! Жəне де дəл осы тармақ жоғары жақтағылардың оң жаңбасынан келіп тұрғаны сөзсіз.

  9. Мен бір күні Ақтау дукенге барган едім, дүкенші орыс қызы екен. Мен алатын затымды орысша түсіндіре алмаған соң қазақша білмейсізбе дедім. Содан анау орыс қызы маған урысып сауда жасамай қойды. Мен урсысуға орысшам жетпеді. Бір күн бойы ашу үстінде жүрдім.

  10. Менде де осындай жағдай болды. Бір күні дукенге барып сауда жасамақ болдым. Жүкенші орыс қызы

  11. Сәкендікі өте дұрыс. Тәуелсіздік алғанымызға жігіттердің үйленетін уақыты болдығой. Сөйлесін қазақша, қай ұлт болсада

  12. Ия… Бұлақ басынан тұниды…заң керек…қазақ елінде жүріп орысша білмегендіктен жұмыс таппай жүрміз, ал мемілекеттік тілді білмеседе жұмыста отыр… Енді орысша үйренбей қайтесін

  13. Сакен сіздікі өте дұрыс. Бірақ бір адам ескерту жасағаннан ештеңе өзгермейді. Балық басынан шірейді.басқа ұлт өкіллерін қайітеміз. Өз қазағымыз əлі қазақша сөйлемейді.тіпті балаларын əлі орыс мектебіне беріп жүр.

  14. Bulardy jumyska khabyldamai koiganda bolmaima? Kazakhsha soileitin adam tabylmai turgandai! Kazakh tilimdi tabanga basyp turgan osy baska ultdardy nege biz kazakha soiletkizbeimiz! Kazakh elimiz kalai ketip bara jatyrmiz! Endi kaitumiz kerek? Ozi elinde khul siakt jurumiz kerek be! Bul kandai sumdyk!!

  15. Баска ултты сойлетуден бурын алдымен оз казагымызды сойлетип алындаршы. Каншама казахтар оз тилинде сойлей алмайды! Солар сойлесе баска ултта амалсыздан сойлер еди.

  16. Ел басынын ози орысша сойлеп отырса баскаларга не дейсиндер жогарыда отырган ел басы, министрлер, зан шыгаратын депутаттар казакша сойлеу керек биринши

  17. Зан кабылдау керек мемелекеттик тилди билмегендерге жалакысынан ай сайын 5, -10% кыскартыу туралы.ал жанагы сакен агамыз немесе кез келген азаматтан жумыскер казахша сойлеуге тырыспады деген шагым туссе жумыскердин 50% жалакысын кыскарту

  18. Қайран қазақ тілім! Жоғарыда отырған өз қандас ағаларымызға керек болмай тұрғанда, кім тілімізге араша түседі. Осындай Маxмудовтар есітен кіріп төрге ұмтылады! Төрге шығып асымызды ішіп, басымыздан тебеді. Қашанғы қазағымды, тілімді табан асты қылуды қояды екен! Бүгі мынындайды оқыдым! https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1551702961812699&id=100009190297733. Осындай жазып, ортаға іріткі тастайтындар барда, қазақ тілінің дамуы қиынға соғадау! Шынында осыны оқыған ойланып қаладығой. Орыс сыныптарында білім беру деңгеиі жоғары екен деп.

  19. Сакен, Сиздики 100%-га дурыс. Улт жанашырларынын осындай ис-арекети туйсиги бар адамдарга ыкпал етер.
    Кашан Тил маселесин зандастырады екен осы? Кашангы конбис тилдин тонын киип журе беремиз. Мемлекетммизде жогары лауазымнан бастап еден жуушыга дейин мемлекеттик тилди билмесе жумыска кабылдамау туралы З ан кабылдануы керек. Шыдамнын шеги жакындап келеди….

  20. Сəкен інім жарайсың бəріміз бір кісідей қолдайық. Өнер адамдары барлығы қазақша талап етсе, əрбір қазақ өз тілімізде сөйлейік сонда қалғандары амал жоқ сөйлейді. Кейбір əншілеріміз эфирден тыс кезде орысша сөйлеп тəлпіштенеді…

  21. Тіл мәселесіне заң шығару керек қатаң сонда қазақ тіліміз дамуы мумкін деп ойлаймын сіздер не дейсіздер?

  22. Саламатсіздерме! Сакен Майғазиів мырзаға ризамын, ойы дұрыс, сұрақтары да, талаптары да орынды. Негізі, тұрып жатқан жерінің тілін білгісі келмейтін адамдарды «болашақ сатқындар» деп классифицировать еткен орыстың ақындары!

  23. Сәкен баурым сендей жігіттер арамызда көбірек болса казактың
    жағыдаы мықты болады.Ңәмысымызды,әбыройымызды жерге токпейк казақ әзаматтары!!!

  24. Алаш арыстары «ойян қазақ» деп жарсалғалы қашан, біз әлі ұйқыдамыз, басқалар біздің тілімізді силамақ түгілі өзімізді де менсінбейтін жағдайлар кездесіп жатыр амал не, бізге ойанатын кез әлде қашан жетті. Құрметті қандастар бізге қазақты ойятатын,қазақ ұлыты мен тілі үшін жұмыс істейтін Ахмет Байтұрснов сяқты ағаларымыз жетіспей тұрған жоқпа, айта берсең жүрегің ауырады сонда біз қашан толық қанды қазақ елі боламыз?

  25. Почему я должен? Я сам решаю на каком язык буду разговаривать? деген конституцияаңа,заңыңа түкіргенім бар деген сөз емес па.қазақша сөйлеп өз ойын толық және еркін жеткізе алмайтындарды ондай жаауапты жерлерге қоймау керек.жаса СӘКЕН.

  26. Осындай «өзім білем» дегендер казир өздерінікін істеп жүргенде, қазақтар аузымызды ашып орысша жауап беріп жүрміз. Осыны құрықтайтын біреу табылса жақсы енді. Сәкен Майғазиев тақырыпты жақсы көтерген, нағыз ер екен. Енді басталған іс жерде қалмай, нәтижесіне жетсе болар…

  27. Жарылқаптың ізімен. Жаңалық болып басылым беттеріне енгің келсе, аэропортқа барып қазақша сөйлеуді талап ет! Гүлнұр деген қыз әншіні құтқармақ болып, аэропорт басшылығына шыққан ба сонда? Қызық жағдай!

  28. Жарайсың Сәкен бауырым!Ана тілді қорғап, оған жанашырлық таныту әрбір қазақтың басты міндеті.Олар әрине қазақ тілін менсінбейді-өйткені біздің елде қазақ тілі 2-інші орында. Қалі нашар.Ал нашарды әркім басынады.

  29. Иа, Сакен ага нагыз азамат. Тек биздин казактар гана оз тилин билмейди, баска улт окилдерине караныздаршы. Кай жерде журсе де оз тилдерин умытпаган! Дегенмен барлыгымыз бирге ат салыспасак, бул жагдай озгеруи оте киын сиякты. Арбир казак ултын, тилин курметтесе екен деп тилеймин!!!

    Динислам Манарбек. (Монголиядан)

Салтанат үшін пікір үстеу болдырмау

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз