Жарты әлемді билеген тіл
2013 ж. 12 тамыз
5202
5
Қазақ тілінің тауқыметі таусылар емес. Еліміз тәуелсіздік алса да, тіліміз әлі бодандық қамытта. Өзегімізді өртер өкінішіміз – мемлекеттік тіліміз өлі тіл қалпында қалып отыр. «De mortuis aut bene, aut nihil», яғни, «Өлілер туралы жақсы айту керек немесе ештеңе айтпау керек»...
Өз ана тілінде сөйлеуге мүмкіндігі мен қажеттілігі болмай, өз елінде қазақтың құқығы тапталуда. Қазақ билігіне, қазақтың өзіне ұлтының мүддесі мен ана тілінің құдіреті көк тиын болып тұр. Ана тілі семіп, өз тағдырының ырқы тапталған қазақтар зомби тәрізді күй кешіп, рухани жат дүние жағдайында қалуда.
Біздің орыстілді биліктің мемлекеттік тілдің ұлықтығы мен құдіретін, ұлылығы мен өркениеттілігін әдейі әрі қасақана мойындағысы келмейді. Биліктің мемлекеттік тілге қатынасы, қазақ «зиялыларының» бейқамдығы, әрекет етпей билікке бойұсына беруі, тілдік нигилизм – қоғамның қалыпты құбылысына айналды.
Тіл – ұлттың маңызды және міндеттік атрибуты, ерекше белгісі, мәдени-тарихи тәжірбиесінің көрінісі, күрделі идентификациялық нышаны және оның өркениеттегі өзіндік айқындалуының қайнар көзі. Тіл – қауышудың, коммуникацияның негізгі құралы ғана емес, сонымен бірге, саяси, экономикалық, әлеуметтік мәжбүрлеу мен бағындырудың да күшті пәрмені. Осы мызғымас ақиқаттан туындайтын жәйт: әрбір ұлт өз тағдырын өзі шешетін болса, өзінің тәуелсіздігін қорғау мен нығайту үшін ана тілінің тұғырын биіктетіп, абыройы мен функционалдық мүмкіндіктерін жан берісіп дамытуға тиіс.
Қазақ тілі – бұрын жарты дүниені билеген ғұндар, түркілер, бұлғарлар, оғыздар, хазарлар мен қыпшақ тілдерінің тікелей мұрагері мен заңды жалғасы. Демек, қазақ тілінің тарихы ықпалды роман мен герман тілдерінен де көне, байырғы, ерте дүниеден бізге жеткен. Ағылшын, француз, неміс, испан тілдері енді қалыптасып, варварлық диалектіден арыла бастағанда, қазақтың ата-бабаларының жоғары дамыған жазба тілі болды, оны біз ежелгі түркі тіліндегі әліпбилік жазба ескерткіштерінен айқындаймыз.
Тарихта бәрі адам танымастай өзгерсе де, ежелгі қазақ тілі мен халықтың жаны, бүгінгі күнге дейін айтарлықтай өзгеріске ұшырамай, сол баяғы бір ұлттық тіл, ұлттың жаны қалпында сақталып келді. Бұған еріксіз таң қалмасқа шараң жоқ.
Қазақтар, ең алдымен, сананың отарсыздануын шұғыл жүзеге асырып, жоғалтқан ұлттық бірегейлілікті қалпына келтіруі керек. Өркениетті ұлт ретінде қалыптасудың жалғыз жолы – қазақ тілін қоғамға қажетті ету сатысына көтеру.
Қазақ еліндегі кеңсе тілінің орыс тілінде жүргізілуі – ұлтымыздың әлеуметтік бейімділігін тежеп отыр. Егер осылай жалғаса берсе, ғылым, Біздің орыстілді биліктің мемлекеттік тілдің ұлықтығы мен құдіретін, ұлылығы мен өркениеттілігін әдейі әрі қасақана мойындағысы келмейді. Биліктің мемлекеттік тілге қатынасы, қазақ «зиялыларының» бейқамдығы, әрекет етпей билікке бойұсына беруі, тілдік нигилизм – қоғамның қалыпты құбылысына айналды.
Тіл – ұлттың маңызды және міндеттік атрибуты, ерекше белгісі, мәдени-тарихи тәжірбиесінің көрінісі, күрделі идентификациялық нышаны және оның өркениеттегі өзіндік айқындалуының қайнар көзі. Тіл – қауышудың, коммуникацияның негізгі құралы ғана емес, сонымен бірге, саяси, экономикалық, әлеуметтік мәжбүрлеу мен бағындырудың да күшті пәрмені. Осы мызғымас ақиқаттан туындайтын жәйт: әрбір ұлт өз тағдырын өзі шешетін болса, өзінің тәуелсіздігін қорғау мен нығайту үшін ана тілінің тұғырын биіктетіп, абыройы мен функционалдық мүмкіндіктерін жан берісіп дамытуға тиіс.
Қазақ тілі – бұрын жарты дүниені билеген ғұндар, түркілер, бұлғарлар, оғыздар, хазарлар мен қыпшақ тілдерінің тікелей мұрагері мен заңды жалғасы. Демек, қазақ тілінің тарихы ықпалды роман мен герман тілдерінен де көне, байырғы, ерте дүниеден бізге жеткен. Ағылшын, француз, неміс, испан тілдері енді қалыптасып, варварлық диалектіден арыла бастағанда, қазақтың ата-бабаларының жоғары дамыған жазба тілі болды, оны біз ежелгі түркі тіліндегі әліпбилік жазба ескерткіштерінен айқындаймыз.
Тарихта бәрі адам танымастай өзгерсе де, ежелгі қазақ тілі мен халықтың жаны, бүгінгі күнге дейін айтарлықтай өзгеріске ұшырамай, сол баяғы бір ұлттық тіл, ұлттың жаны қалпында сақталып келді. Бұған еріксіз таң қалмасқа шараң жоқ.
Қазақтар, ең алдымен, сананың отарсыздануын шұғыл жүзеге асырып, жоғалтқан ұлттық бірегейлілікті қалпына келтіруі керек. Өркениетті ұлт ретінде қалыптасудың жалғыз жолы – қазақ тілін қоғамға қажетті ету сатысына көтеру.
Қазақ еліндегі кеңсе тілінің орыс тілінде жүргізілуі – ұлтымыздың әлеуметтік бейімділігін тежеп отыр. Егер осылай жалғаса берсе, ғылым, бұлыңғыр бағыт, алдымен, сауда тілін туғызады, сосын, кейінірек «бәрінің рухани қауышу тілі» ретінде жаңа тіл дүниеге келеді.
Тіл – ұлттың жаны мен жүрегі, болмысы мен болашағы, ерекше белгілік коды, керек десеңіз. тіл – билік, мемлекеттік қауіпсіздік, үлкен саясат. Қай тілде сөйлесең, сол халықтың рухы, пәрмені үстем болады. Ащы шындық мынау: Қазақстандағы ұлт «зиялыларының» бытыраңқылығы, басы бірікпеушілігі, кеудомсоқтығы, қорқақтығы, бейқамдығы, шорқақтығы, сатқындығы – мемлекеттік тілдің салтанаты үшін күреске бірігуге кедергі болып тұр. Тіл үшін күресу керек.
Қазақтарда әлі күнге дейін тілдік нигилизм рецидиві, ауруы, дәлірек айтсақ, этнотілдік ренегаттық (опасыздық) орын алуда. Кейбір «пысық» қазақтар саналы түрде өз тілінен бас тартып, өзінің субъективтік пікірі бойынша «беделі күшті және келешегі зор» өзге тілге басымдық беріп, соны таңдауда. Әрине, бұл жағдайда, кәмелетке толмаған жастарға обал, «білгіш» ата-аналар өз балаларының өз бетінше таңдау құқын шектеп, оқу, тәрбие жұмысы, ұлттық даму үрдісін тежеп, өз этносы тілінен бездіруде.
Көптеген «пысық» қазақтар халық рухынан қол үзген. Тіл жоқ болса – халық жоқ. «Тілі бар халық – халық, тілі жоқ халық – балық». Тіл толыққанды қызмет етпесе, ол өлі тіл, бұл тарихта дәлелденген. Қазақ тілі – Алланың қазаққа берген сыйы. Ана тілінде сөйлемеу – адамның ойлау қабілетін, халықтың жасампаздық, шығармашылық қуатын нашарлатады.
Биліктің басын құмға көміп алған түйеқұс сияқты жасқаншақ саясаты –еліміздің қоғамдық-саяси тұрақтылығына қауіп төндіретіндей үрейден арылтпай жүр. Егер мемлекеттік билік бұрыс жолды таңдаса, онда үрей мен қауіпке душар бола береді. Ал, дәрменсіз билікке үрейді өршіту – саяси ұпай жинауда таптырмайтын әдіс-құрал болып табылады.
Қазақ билігінің және қазақтың өзінің тілдік мәңгүрттігі, нигилизмі – шын мәнінде, болмыстан ажырау мен әдеп-ғұрыптан жаңылушылықпен қатар, нағыз рухани жеңілістің көрінісі. Қазір, өкінішке қарай, мұның өзі әрбір қазақты сипаттайтын үрдіс; бұл бәріміз үшін эгоистік тұтынушылық, рухани құлдық, тіл мен елге деген опасыздық, сатқындық пен надандықтан басқа ештеңе де емес.
Жан Лакан: «Ұлттың психологиясы, психологиялық талдау – субъектінің бүкіл тарихының мән-мағынасының көрінісі. Ал, психологиялық талдаудың шығу тегі – тіл. Яғни, адам баласы тілде, таңбалық-рәміздік құрылымда бітімделген.
Қазақстандағы билік қазақ этносының тарихи мән-мағынасын, маңызын, оның қазіргі замандағы этно-мәдени даму деңгейін түсінбей отыр. Бүгінгі билік қазақ тілін мемлекеттік деңгейге жеткізуді «радикалды шешім» деп үрейленіп, саналы түрде, әдейі, қасақана, тежейтіндей әсер қалдырады. Данышпан Сократ: «Адам рухының бейімі қалай болса, адамның өзі де солай; адам қалай болса, оның сөзі де солай; сөзі қалай болса, ісі де солай; ісі қалай болса, өмірі де солай» депті...
Бұдан алты жыл бұрын Әділ Толғанбаев былай жазған еді: «Қазақтарға ХХІ ғасырдың қазақ мәдениеті қажет. Ол тек ана тілінде ғана жасампаз (креативті) болады. Қазақ өз жерінде барлық халықты қазақ мемлекеттілігі діңгегіне біріктіре алатын қабілетін дәлелдей алса ғана өзі дамиды. Ұлттық бірегейлену үрдісі бүкіл әлемде жүріп жатыр. Ұлттық платформаны құру –болмай қоймайтын тарихи қажеттілік. Егер мемлекетке ұлттық тіл мен ұлттық мәдениетке басымдылық беру айқын болмаса, ол мемлекет – қауқарсыз» (4.05.2007).
Жуырда Бахтияр Албани: «Тіпті, біздің заңымыз орысша жазылады және сонан кейін қазақ тіліне кеміс аударылады. Бұл абсурд. Тәуелсіз елде заң ана тілінде жазылуы керек. Жер шарында орыс тілінде сөйлейтін бар-жоғы үш парламент бар: ресейлік, белорус және қазақ. Бұл – қисынсыз жағдай ғой! Әрбір депутаттыққа кандидат қазақ тілінен емтихан тапсыру керек», деген еді (7.03.2013).
Өзінің ана тілінде – мемлекеттік тілде – сөйлемейтін қазақтың тек сана-сезімі ғана емес, ар-ұяты да – өзінің ұлты мен мемлекетінің мүддесіне сатқындық жасайтынын түсінетін түйсік керек.
Сорақысы сол, өзі қазақ бола тұрып, бұл мәңгүрттер терең қазақи болмыстан мақұрым. Егер сен ана тіліңде Абайды, Әуезовты оқымасаң, өз халқыңның тілімен өмір сүрмесең, сен қалайша қазаққа ақыл үйретесің? Осындай адамдардың қазақ социумын, ұлт-мемлекетінің қаймағын бұзуға әкелетін антимемлекеттік, антиғылыми ізденістеріне қалай бей-жай қарауға болады? Ең болмағанда, мұндай мәңгүрттерге қоғамдық деңгейде қарсылық туғызыу керек. Саясаттанушы Айдос Сарымның айтуынша, бұл: «Диагнозы қойылған сырқат (клиника), бейабортсыздық жағдай...».
Тәуелсіздіктің жиырма үшінші жылының қарсаңында әлі күнге дейін билікте мемлекеттік тілді меңгермеген көптеген қазақтар отыр. Мемлекеттік тілде ойламайтын адамды қалай саясатта, мемлекеттік билікте ұстауға болады? Лениннің өзі «саяси жезөкшелік» деген ұғымды осындай опасыздыққа байланысты қолданған шығар. Әйтпесе, қазақ тілін білмейтіндердің орнына екі тілде, мемлекеттік тілде сауатты сөйлейтін мыңдаған үміткерлер бар емес пе? Қазақ еліндегі мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайы – нонсенс. Қазақ казусы. Қазаққа мазақ. Күпірлік. Мұндай құбылыс тек Қазақстанда ғана бар...
Қазір көп мамандар жалпы түркілік графикаға (34 әріп) өтуді, түркі халықтарының бір-біріне жақындасуы мәселесін көтеріп жүр. Алайда, тіл саласында болсын, жалпы ортақ мәселеде өзбектер мен түріктер өздерінің бағыттарынан таймайды. Сондықтан, біз ешкімге алаңдамай, өзіміздің ана тіліміздің ішкі болмысы, заңдылықтары мен қажеттілігін ескеруіміз керек.
Меніңше, бұл жағдайда бірегей жол: латын – ағылшын графикасын (26 әріп, 9 аллофон) таңдау керек. Бұл туралы Сейітқасым Байбеков «Жас Алаш»газетінде (№ 21, 19.03.2013 ж.) тамаша дәлелді дәйектерді ортаға салды. Қазақ тілі – ұлы әдебиет, компьютер, ғылым мен жаңа техника тіліне айналады. Бүкіл қазақстандықтар әлемдік мәдениетке тікелей шыға алады. Келешекте түркі халықтары бізден үлгі алып, үйренуі мүмкін.
Үкімет пен парламентте, бизнесте, жалпы билік құрылымында көбі қазақ тілін біле бермейді, латынға өту үрдісіне олар едәуір қарсылық көрсетеді. Сондықтан, латынға өткенге дейін, ең алдымен, қазақтың өзін ана тілін білуге мәжбүрлейтін, қазақ үшін мемлекеттік тіл туралы шұғыл түрде заң қабылдап, тіл полициясын енгізу қажет. Бір ұлт – бір тіл, бұл ұлылық пен өркениеттіліктің белгісі мен көрінісі.
Ана тілі – ұлтқа берілген сый ғана емес, ұлттың ерекшілігінің, құдіреттілігінің көрінісі. Ана тіліміздің тұғырға тұрғыза алмай жүргенін әрбір қазақ, зиялылар, патриоттар, оппозиция, биліктегілер бәріміз жауаптымыз әрі кінәліміз. Халықаралық стандарт бойынша, мемлекеттік тілде сөйлемейтін мемлекеттік билік – заңсыз билік бола ала ма?!. Кез келген өркениетті елде, қуатты мемлекетте мемлекеттік тіл – биліктің тілі, тұрақтылықтың тілі. Ана тілімізді, мемлекеттік тілімізді түбегейлендіріп-тиянақтамай, біз ешқашан шын мәніндегі тәуелсіз, өркениетті, еркін ұлт бола алмаймыз. Бүгінгі таңда қазақ үшін ұлттық идея – тіл, тіл және тіл!
Нұртас ИМАНҚҰЛ