Тіл – Халықтың рухы!

Тіл – Халықтың  рухы!

 Тіл – Тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз-Тәуелсіздік, егемендіксіз тіл болмақ емес. Тіл – Тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу болды.

       Мемлекеттік тіл – қаза тілі деп жарияланды. Ана тілі – ананың ақ сүтімен әр қазақ баласының бойына сіңген тіл емес пе еді. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Әр адамның азаматтық қасиеті – өз халқын, өзінің атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Әркімнің тілге деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметінен білуге болады.

        Өз ана тілін ұмытқан адам – өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Тіл – елдің мәдениетін қалыптастыратын ұйытқы, ұлттық бірліктің негізі, адамның рухани және имандылық қасиеттерінің басты факторы. Тіл білу халықты, оның тарихын, тұрмысы мен әдет-ғұрпын және салт-дәстүрлерін терең тануға жол ашады.

        Мемлекеттік тіл – сол елдің халқын біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден-бір құрал.

       Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстандықтардың тілі. Десекте ана тіліміздің толыққанды мемлекеттік тілге айналуына атсалысуымыз баршамыздың борышымыз болуға тиіс.

       Ж.Аймауытовтың сөзімен айтқанда: «Ана – тілі халық болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі».

       Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз. Ана тілімізді білмеу – өзімізге сын екенін баршамыз жадымыздан мәңгі шығармауымыз керек.

А.Ахметжанов

Ақмола облысының қылмыстық

 істер жөніндегі мамандандырылған

 ауданаралық соты кеңсесінің

 сот приставы