СЫПАТАЙ: БАТЫР МА, САТҚЫН БА?

49
12448

«Қазақ әдебиеті» газетінен оқыған «Сыпатай батырдың келбеті» деген мақалаға Жамбыл жыраудың 22 жасындағы жыры менің мақаламнан гөрі әлдеқайда салмақты, дәлелді жауап болар:
Дулатта батыр Сыпатай,
Жаудан қорқып сенделіп,
Сарыбұлақтың басына,
Аңырақайдың тасына,
Түнде барып тығылды.
Батырынан түңіліп,
Елдің түгі жығылды.
Сарыкемердегі еліңді,
Сарттар келіп шапқанда,
Дұшпаныңнан кек алмай,
Сені Құдай атқанда,
Батыр деген Сыпатай,
Ежелден пейілі жаман-ды,
Сатқындық жасап қулықпен,
Сытылып қашып кеткен-ді, – деп Сыпатайдың сырын ашса, «Ұраным менің Қарасай» деп Сұраншы, Саурық, Өтегенді жырлағанда тау бұлағындай сарқыраған жырын Сыпатайдан неге аяды? Ал ұстазы – пір Сүйінбай Аронұлы Сыпатай қайтыс болғанда арнайы шақыртылып көңіл айтты дейді. Қазақта өлген адамға ғайбат айтпайтын әдетпен, (менікі ғайбат емес бұрынғылардың сөзін қайталау) туған бауыры Батырбекті сөзбен түйреп, Сыпатайды Төле биге «теңеп» былай дейді:
Сыпатай Дулаттағы
ер кісі еді,
Ақылы дариядай көл кісі еді.
Жаныстан өтіп кеткен
әзіз Төле,
Сеңкібай, Шойбекпенен
тең кісі еді.
Батырбегім,
топ болса айқайлайсың,
Үшеуінің қасында нең кісі еді?..
Сүйінбай ақынның бұл өлеңі 1965 жылғы жинақтарда жарияланды. Ал Жамбыл жыраудың жыры 1946 жылғы «Шығармаларының толық жинағында» жарияланды. Жамбыл жырау үш дастанында да батыр атанып жүрген Сыпатайды «қорқақ, ынжық, сатқын» деп жерден алып, жерге салады. Жамбыл жырларындағы Сыпатайға қатысты өлең жолдарын жыраудың 150 жылдығына арнап шығарған жинақтардан алып тастаған. Оның себебі түсінікті. Ол Сыпатайды батыр деп дәріптеу үшін керек болды…
1952 жылы Кенесары ханды қаралап, тарихшы-ғалым Ермұхан Бекмахановты «халық жауы» етіп көрсетіп, Мұхтар Әуезовты, Қаныш Сәтпаевты қудалау үшін табылмайтын тақырып болды. Сыпатай Кенесары ханмен бетпе бет соғысқа барған адам деп дәріптеу үшін аудай қажет болды. Шовнистік саясаттың мақсаты да қазақ ұлтын бодандықтан шығармау, бас көтерер азаматын тұқыртып ұстап, итжеккенге айдап отыру еді.
Қырғыз Шабдан манап Кенесарының басы үшін полковник шенін алды. Ал Сыпатай қазақ ұлтын сатқаны үшін (қырғыздың жиені, Ботпай руының тумасы) үшінші рет медаль және мақтау грамотасын алып, патша үкіметі алдында мәртебесі көтерілді. 3 мың алтын ақшаны да бөлісіп алды. («Жұлдыз» жұрналы № 11, 2010 жыл. Қ.Ысқақовтың «Эссе» романы үзінділерінде көрсетілген).
1862 жылғы 12 июньде «прапорщик Сұраншы Хакімбаевқа генерал-губернатор Калпаковскийдің жазған хаты: «Сұраншы, Диханбай, Сыпатай, Андас! Біз сіздерді қохандықтарға қорлатпаймыз. Барлық азиаттарға хабарлаңдар! Россия деген алып мемлекет. Сіздерді қорғай алады».
1798 жылы туған Саурық батыр Ыстамбекұлы 1826 жылы Қарақыстақ аңғарында, Тікендісай бұлағының басында қырғыздың Орман ханына қарсы 28 жасында соғыс ашып ерлік көрсетеді. Бұл соғысқа батыр деп жүрген Сыпатай қатыспайды. Қайда жүрген?
1846 жылы маусым айында «Суықтөбе» тауының етегіне 7-8 ақ үй тіккізіп, Кенесары ханды қошеметтеп қарсы алып, қонақ етеді. Сыпатай төбе көрсетпейді. Саурық батыр ел мүддесі үшін Орта жүздің Атамқұл, Нарбота, Тайторы, Байсейіт секілді би-батырлармен дос-жаран болады. Орман ханға қарсы соғыста Саурықтың жасағына ерген Наурызбай батыр Жаманқара батырын найзамен шаншып өлтірген. Сыпатай бұл соғыста да төбе көрсетпейді. Сонда ол кіммен соғысып батыр болып жүр?
1850 жылы Іле өзенінің жағасына жайғасқан отарлаушы отряд командирі қазақтар оны Ерентал (Терентьи) деп атап кеткен Жалайыр мен Наймандар еліне қайта-қайта шабуылдап, маза бермейді. Найманның Артық батырына Сыздық төре бастап Ағыбай, Байсейіт би, Саурық батыр үш мың қолмен барып Еренталды қолға түсіріп, ұрып-соғып, қайта босатып жібереді. Ол кек алу үшін солдат жинап қайта келеді. Қайта шапқан жаумен аянбай соғысып Еренталды өлтіреді, әскері ту-талақай қашып құтылады. Сыпатай тым болмаса өзінің туған жері үшін бұл соғысқа да қатыспайды. Неге? Әрине, орыс патшасының нанын жеп, медалін алған адамға қазақ, туған жер тағдыры неге керек?
Соңғы екі айдың көлемінде Кенесары хан мен Ағыбай батырдың құлағын шулатқан, Сыпатайды дәріптеген екі мақала оқыдым. Алғашқысы «Айқын» газетінің №55 санынан Аян Нысаналиннің «Жүрекжұтқан» мақаласы. Екіншісі «Қазақ әдебиеті» газетінің №24 санынан Үміткен Сүйінішқызының «Сыпатай батырдың саяси келбеті».
Бірінші сөзді Аянға берсек: «Орыс әскерінің қару-жарағын Сыпатай батыр, Құдайберді Бәйетұлы бастаған мың жігіт қаздай тізіліп атқа қонып, кіре тартқан». Патша үкіметіне қызмет етті ме? Етті. Қару-жарақтың кімге қарсы жұмсалатынын білді ме? Білді. Сатқындық па? Сатқындық.
«Сыпатайдың азат басы бұғалықтан босамай, кіріптарлық күн кешті. Ботпайлар арасына сыйыспай Арыстандай аласұрып, Жолбарыстай жан жарақатын жалады». Басымен қайғы боп жүрген адам қалай батыр болады? Жалайырдың малын ұрлап, қарақшылық жасап жан сақтап, қара басын қазақ жеріне сыйғыза алмай нағашы жұрты қырғыздарды паналап, Сыпатай мен Андас Солта руының манабы Қанайдың қолтығына кіріп, қолшоқпарына айналды. Қырғыздардың нанын жеп, көжесін ішіп жүрген Сыпатай өз руы Ботпайға сыймай жүргенде, қай қазаққа опа қылады?!. Сайрамда Сұраншы батырдың қапияда қолға түсуіне, Байзақ датқаны Шымкентке ертіп барғанда зеңбірек ауызына байланып атылуына себепкер болған да Сыпатайдың сатқындығы емес пе? Сонда Сыпатайдың жүрек жұтқан батырлығы қайда?
Кенесарының баласы Сыздық төре Әлімқұл хан әскерінің бас қолбасшысы болып тұрғанда Түркістанға орыс патшасының әскері басып кірмек болады. Сыздық төре Арқадағы Ағыбай батырға хабар беріп, Түркістанды қорғауға шақырады. Ағыбай өз кезегінде Сыпатайға, Байзақ датқаға хабар беріп Түркістан түбіндегі Иқан бекінісінде кездеспек болады. Бірақ, Сыпатай да, Байзақ датқа да келмейді. Түркістаннан қайтар жолда Ағыбай батыр ашуменен Сыпатайдың ауылын шаппақ болып, Меркеден өтіп, қырғыз жеріндегі Шалдуарға келеді. Сыпатай да, Байзақ датқа да нөкерлерімен Қохан хандығына қашып кетіпті. Ағыбай батыр алған сапарынан бос қайтпай, «өзі іздеп келер» деп Сыпатайдың баласы Тоқтамбетті ала кетеді. Сыпатай іздеп келмейді. Өлгенін естіген соң баласын үйлендіріп, алдына мал салып еліне қайтарады. Қохандықтар Әлімқұл ханның тапсырмасымен «қазақты сатқан Сыпатай, өзбекті сатпай ма?» деп, басын кестіріп алады. Денесі еріп келген адамдарына беріледі. Қазақтың жерінен топырақ бұйырмай қырғыз жеріне, Шалдуардағы Андас ағасының бейітіне көміледі.
Марқұм Жүсіпбай Алтайбаев «Ара» жұрналының Бас редакторы болып тұрған кезінде «Ағыбай батыр» романын жазып жүргенде «Сыпатайдың басы жоқ» деген сөзді естиді. Анығын білу үшін Меркеге барып, бірінші хатшы Сауранбаевқа жолығады. Бірінші хатшы өз кезегінде төрт-бес көне көз ауыл ақсақалдарын жинатып, Жүсекеңнің сөзін қайталағанда, олар: «Ондай сөздің бары рас. Андас ағасының қасына қойылыпты. Бірақ кейінгі дүрбелең замандарда олардың үстіне көп адамдар тағы да қойылды. Бергі ашаршылық нәубетінде де көп адамдар жерленді. Сүйектері мидай араласып кеткен шығар. Әруақтарды қопарылыстырып қайтесіздер!?» – депті. Жүсекең де осы сөзге тоқтаған екен.
Енді кезекті сөзді Сыпатайдың саяси келбетін іздеген Үміткен Сүйінішқызына берейік. Үміткен әуелі өкпесін ғалымдарға айтады: «Бір ғылыми жұмыс, не бір дәлелдеме құжаттар мен материалдар жинағын шығармаған» деп қынжылады. Өз сөзін дәлелдегісі келіп: «Сыпатай орыс отаршылдарына қарсы бір кісідей күрескен адам» дейді. Қашан, қай жерде кімдермен соғысқанын хабарлай алмайды. «Бір қазақты «сатқын», «сатқын емес» деп екіге бөлгеннен не шығады?..» деп ренжиді…
«Сыпатай Кенесары ханның басын пұлдап ақша сұрағаны немесе ханға сатқындық жасағаны туралы, орыс әкімшілігіне хабаршы болды, көмек көрсетті» деген дерек жоқ дейді Үміткен. Ол рас. Опасыздар, сатқындар дерек қалдырмайды. Деректі Аян Нысаналин қалдырды. «Орыстың қару-жарағын тасып кіре тартты» деп жазды.
Кенесары өліміне қатысты марапаттауда Жантай Қарабеков, Қожабек Таштамбетов, Асық Шалов, Қалиғұл Алибеков көрсетіліп, Сыпатайдың көрсетілмеуі заңды. Сыпатай тасада тұрып Кенесарының басын алуды тездетті. Басқа қазақтардың келіп Кенесарыны құтқарып, аман қалуынан қорықты. Қазақ ұлтының тұңғыш көшбасшысы Әлихан Бөкейхановты зерттеуші ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы: «Материалах к истории султана Кенесары Касымова» деген құжаттан үзінді келтіреді. «Голова Кенесары Касымова была доствлена вождю рода Великого жуза Ботпай Сыпатаю и султану Рустему… Эти двое, видимо, еще были далеки от раскаяния за свое предательство, приведшее не просто к гибли Кенесары, а вместе с ним их поражению всего национально-освободительного восстания казахов, но еще ускорившее и колонизацию русскими всей Средней Азии, и тех же кыргызов»
Жазғыштардың жазуынша, Сыпатайдың сатқындыққа баруына екі себеп бар дейді Үміткен. Кенесары шапанының жеңінен қолын таба алмай қамшысының ұшын жүгіртіпті. Аянның жазуынша, «Төрде жатқан Кенесарыға Сыпатай сәлем берсе, қамшысының ұшын ұсыныпты.» Осы екі себеп Кенесарының түбіне жеткен. Сол арқылы ұлт-азаттық соғысы жеңіліс тапқан.
1846 жылы Кіші жүзден жолы болмай оралған кезде қырғыздың Сарбағыш руының манаптары Кенесары хандығын мойындамай, алғашқы соғыстардың кезінде Сыпатайдың ағасы Андастың бейітін қырғыздар қиратады. Соғыс кең өріс алып, соңынан ермеген, бағынбаған қырғыздардың ауылын шауып, айтулы үш батырын өлтіріп, Қанай манаптың кесенесіне тығылған қырғыздарды шапқанда, кесене қирап, бұзылады. Ол қазақтың кесенесін (Андастың) қиратқанға жауап болып есептеледі.
Сыпатайды хан Кенеге қарсы батыл-батыл сөйлету көркем әдебиеттегі фантазия. «Әкең Қасым туғанда қан уыстап туған деуші еді, сен де қан уыстап туған екенсің, боздақтарымызды өлімге бере алмаймыз» деп, хан алдынан екі жігітті қолынан жетектеп ала жөнеледі. Бұл адам сенбейтін өтірік. Кенесары бір күнде 26 төре-сұлтанды, «саған қосылмаймыз» деген Шекті руының биін тірідей өртеп жібергені рас болса, алдына келіп тұрған Сыпатайдың тірі кетуі мүмкін емес еді.
1847 жылы сәуірдегі Кенеса­рының ажалына Сыпатайдың сатқындығы себепкер болған соғыста азғана қол төлең­гіттердің, батырлардың қоршауда қалуы сатқындықтың салдары екені даусыз. Соғыс басталар күнгі түні қырғыздарға «біз кеттік, 300 адамға шамаларың келер» деген хабар жеткізіп, ең сорақы сатқындығын жасап кетті. 300 адамның Ағыбай батыр бастаған 60-70-сі ғана қоршауды бұзып шықты. Оның ішінде Наурызбай батыр да бар еді…
Үміткеннің мақаласында «Жантай манап медальді місе тұтпай, Кенесары өзіне алпыс түйеге артылған дүние ұсынғанда көнбеп едім, соған ылайық дүние беріңдер» деп саудаласыпты. Не деген сұмдық?! Медальді Сыпатайға бөліп беруге келмейтін болған соң ба? Ақыры, саудаласып жатып, Сыпатайға үшінші медальді алып береді. Сонда Кенесарының кесілген басының саудасына Сыпатайдың қатыспағаны қайсы? Керісінше, бәрін ұйымдастырушы…
«Шудың бергі жағына кім өтсе де еркіндігінен айыры­лады. Өйткені, Сыпатай қохандықтардың адамдарын орыстарға көрсетіп отырады…» (Шоқан Уәлиханов. Шығ. жинағы 1985 жыл. 5-том, 144-бет.) Байзақ датқа Кенесарымен бөле еді. Топыш ханымға үйленген Қасымнан Кенесары туса, сіңлісі Жәмила сұлуға үйленген Мәмбеттен Байзақ датқа туған. Сол себепті де қос бүйрегі Кенесарыға бұрып тұратын. «Сыпатай қайда» деген сұраққа «Сыпатай Рүстем сұлтан түгілі Сіздей ханға да сәлем бермей, үйінде шалқайып жатса, әліптің артын бағып жатқаны да» деп жауап береді. Кенесары нөкерлеріне «Сыпатайды шақыртыңдар» дейді.
Өзі шақыртып, қамшының ұшымен амандасса, «сен кімсің» деп ренжігені болар. «Арғындардың шапанының ұзын жеңінің ішіне Сыпатай қамшы жүгіртіп Кенесарының қолын іздеді» деген қисынға келмейді. Көктен аяғы салбырап түссе де Сыпатайдың басын шауып тастау кәміл. Сыпатайдың «қамшы жүгірткен» мазағына қанына қарайып жүрген Кенесары шыдамас еді. Қалжыңдайтын қатары да, досы да емес.
Сыпатай қырғыздың Жаңқа­раш манабына соғыстың алдын ала адам жіберіп: «Досым, қапа болма. Кенесарының қолына араласқан болып кетіп бара жатырмын. Реті келсе, іштен шалып жығып беремін» деп сәлем айтады. Сыпатайдың бұл сәлеміне Жаңқараш манап: «Әулиеатадан Меркеге дейінгі жерді беремін» дейді. Жаз жайлауы, қыс қыстау жоқ Сыпатай қырғыздар жағына біржолата беріліп, таза сатқындық жолға түседі. («Қырғыз санжарасы». Сапарбек Закиров. 130-131 бет)
Сыпатай: «Кенесарыға әлдерің келмесе де, Шудың суын бөгеп, басқа арнаға бұрып жіберуге әлдерің келеді ғой» деп ақыл береді. Қырғыздар «Шудың суын тас салып бөгеп, суды Қызылсу, Шамшының ойпатына бұрып жібереді». (Бөлек Солтоноев. «Қызыл қырғыз тарихы» 2-кітап, 8-9 беттер) Сыпатай Кенесарыға келіп: «Таудың іші толған қырғыз, Орман манаптың 50-60 мың әскері көмекке келсе керек» деп қорқытады. «Тау басындағы оттарды көріп Кенесары «қырғыз көп пе, жұлдыз көп пе» деп сұрайды-мыс…» деп жазады Сапарбек Закиров. Сонда Кенесары қырғыздың қанша екенін білмегені ме? Абылай ханның «Жайыл қырғынынан» кейін, көп болса 20-30 мың атқа қонар әскері бар деп сендірген жоқ па еді Байзақ датқа. Сол үшін де үш жүз төлеңгітімен, бас батырларымен келген жоқ па еді хан Кене?!. Соғыс басталар алдында Орман ханның сарбаздары «күндіз қырқылған талдың бұтақтарын сүйретіп, ұйысқан қалың шаң шығарып, қалың қол төмен түсіп келе жатқандай қазақтардың жүрегін ұшырған» деп жазады. Қалың шаңның қайдан шығып жатқанын жәй көзбен де көруге болады. Оның үстіне, Кенесарының дүрбісі бар емес пе? Әрі-бері шаптырып отырған барлаушы-жігіттері бар емес пе? 10 жыл соғысып тәжірибе жинақтаған, соғыстың тактикасын, стратегиясын меңгерген қолбасшы Кенесарыны қырғыздардың алдында құбыжық етіп көрсету, қырғыздарды жеңімпаз етіп көрсету – сатқындық болған жоқ дегенді дәлелдеу ғана. Жамбыл жырау айтқандай, «Кенесарының жеңілуі – етектен тартқан иттердің, сатқындықтың салдары емес пе?!.»
…Қазақ ұлтының көшбас­шысы, Қазақ тарихының атасы, Қазақ саясатының алмас қылышы Әлихан Бөкей­хановтың «Қазақ энциклопедиясы» баспасынан шыққан кітабында (Алматы, 1995 ж. Таңдамалы шығармаларының 82-83 бетінде) Кенесары өлімінің тірі куәсі 85 жастағы Қалиғұл Әлибековке жолығып, өз аузынан жазып алған жазбаларында «манап Жантай Қарабеков Жалайырлардың қолында отырған Төрегелді манапты құтқару үшін, өз тұтқыны тірі Кенесарыны айырбастауды ұсынып Сыпатай мен Рүстем төреге сөз салады. Олар: «Төрегелді Қапал уезіндегі орыс әкімшілігінің қолында. Біздің құтқаруға шамамыз келмейді. Кенесарының басын кесіп апарсаңдар ғана Төрегелдіні бостады» деп жауап беріп, тезірек өлтірілуін тілейді. Сыпатай шын сатқын болмаса, тірі Кенесарыны Төрегелдіге айырбастап, құтқарып қалуға болатын еді. Олай істемеді. Нағыз сатқындық осы. Манап Жантай Қарабеков Кенесарының басын кестіріп Қалиғұл Әлибеков арқылы орыстарға беру үшін Сыпатай мен Рүстем төреге беріп жібереді. Орыстармен ауыз жаласқан Сыпатай кезегімен Омбы қаласына генерал-губернатор князь Горчаковқа жібертеді. Ол: «Кенесарыны жеңіп, басын кескен кім» деген Горчаковтың сұрағына «манап Жантай Қарабеков» деп жауап берген Қалиғұл Әлибеков күміс медальмен марапатталады. Орысшасын келтіре кетейін:
«Почетному киргизу Калигулле Алибекову! Желая наградить отличную храбрость и примерное усердие, оказанное Вами в деле против мятежника Кенесары Касымова, я, по высочайшей представленной мне, его императорским величеством власти препровждаю при сим Вам серебрянную медаль, для ношения на шее на георгиевской ленте… Генерал-губернатор Тобольской и Томский, Главный начальник Сибирских киргиз и Комондир отдельного Сибирского Корпуса генерал-от инфантерии князь Горчаков. Июля 15 дня 1847 года, город Омск».
Сыпатайдың сатқындығына бұдан артық қандай дәлел керек?
Көзге ұрып тұрған сатқын­дықты боямалап қолдан батыр жасау Шырын Мамасерікованың жазғыштығына бұйырған. Ол көркем әдебиет жасап, фантазияға құрып отыр. Тарихи тұлға фантазияға сыймайды. «Әулие бабам Сыпатай» деген шағын очеркінде «өз ағайындары – келіншек ботпайларға да тізесі батып, ақыры Андас, Сыпатай Іле бойындағы туған жерлерін тастап қырғыз Қанай, Жанғараш манаптардың қолтығына кіргенін» мойындап жазыпты. Сонда олардың ел қорғаған батырлығы қайда? Әрине, ұрлық істеу де батырлық. Қанай, Жанғараштар оларды ұры-қары ретінде пайдаланды. «Күндіз отырмаған, түнде ұйықтамаған» «Жүрекжұтқан», «Сыпатайдың саяси келбетін» авторларлардың өз сөздері, өздерінің жазған­дары ашып берді. Ол – сатқындық.

Садық СМАҒҰЛ

49 ПІКІРЛЕР

  1. «Атын шықпаса,жер өрте» деп осы кісі туралы айтуға болады.Өзі көзімен көрмеген, құлағымен естімеген жағдайлардың рас не өтірік екенін біліп, нақты айтатындай, марқұм адамның атын қарайтып, ұрпақтарына көлеңке жабатындай кім боп келесіз? Бір Алла ғана оған енді куə. Осындай ата-бабаларын жамандап, қазақтарды бір-біріне араздастыратын адамдардың атын шығарып қайтеміз?!Қазақтарды бөліп жарып өзіңізді қалай қазақ деп атап жүрсіз?! Атыңызды басқаша шығаруды ойлағаныңыз жөн шығар. Бұл менің пікірім. Алла сізге төреші.

  2. СЫПАТАЙ БАТЫР МА, САТҚЫН БА? Оны базардағы саудагер сарт пен сыған құсап бетіңді жыртыспай, қара күйе жағыспай, нақты дәлел, нағыз тарихи (не верь современным «историкам», у них есть большие возможности привирать)сілтемелер келтіре отырып, артық эмоциясыз айта білу керек. Сонда ғана сөзің салмақ тартады. Ия ма?

  3. жырау деген мына бір көпірік ауыз, көкбет, аруақты атам Ағыбайды «ит» депті. Ағыбайдың тезегінен садаға кеткір, тексіз шірік. сенің сасық руың мен ағайын-туысыңның милионы жиналып Ағыбайдың тырнағына тұрмайсыңдар, өңкей қарабет. Сатқын, суайт, өтірікші, жәлептің бақа-шаян боп тозған бүгінгі тұқымдары.

    • Есі дұрыс адамға жеткілікті түсінікті жауап.Бірəқ Қазақ батырларын ұры қары сатқын қып көрсету кімге тіиімді қаны Қазақ біліпотырмыңдар.ойланайық.Оянайық.

  4. Кенесары қазақтың қайтпас қайсар ұлы ! Үш жүздің атқамінерлері хан сайлаған . кезінде 126 мың орыстың атты әскерін 30 мың әскермен жермен жексен еткен адам дала қыраны деген атақка ие болған адам. Кезінде орыстың 126 мың әскері кіріп келе жатқанда кенесарыға орыстар келе жатыр деген хабар жетеді. Сонда кенесары хан ешкім орыстың алдынан шығып оқ атпасын деп бұйрық береді. Қазақ жеріне кіріп кенесары ханды іздеген орыстар 3- 4 кун өткен сон шөл далада құдық қайда екенін білмей суға жарымай әлсірей бастағанда . енді шабуылға шығамыз деп бұйырады екен . түн мезгілінде түнеп жаткан орыстын аттарын айдап алып кетіп. Аштықтан шолден қысылған орыстар қайтарға жол таппай жатқанда кенесары сарбаздары итше талап қырып салған шабуылды көбінде шөл аймақтарда ұйымдастырған . шөл далада орыстын өздерімен әкелген пушкаларыда комек бермеген. Ал кенесары хан шөлді жатқа Білетін адам болған . міне осындай тактикамен жеңіске жеткен. Нағыз хан деп осы кенесары ханды айтуға болады. Уа қазақ бауырларым мунда не болса соны жаза бермендер !

  5. Сыпатай Дулаттагы ер киси еди
    Сенкибай , Шойбекпенен тен киси еди – дер жырлаган Жамбыл атамыз… агайыннын арасына сызат тусиретин ангимелерди койсак болар еди.. ел боламыз десек,тарих деген катпар-катпар, Зейнолла Шукировтын Жанкожа романын окысак,бираз маг-жайга каныгар едик. Кауым елди жамандама, каргысына каларсын дейди гой.

  6. Satkyn sypatai. Jalpakbetterdin jieni ari kushigi. Baurlar eshkim tutas Botpai ruyn kinalap jatkan jok. Sender nege onyn sozin soileisinder, ol urpaktaryn oilasa ondai satkyndykka barmas edi. Onyn bar oilagany orystyn medali jane akshasy. Korinde okirgir kyrgyzdyn kushigi

  7. Сыпатай сатқындыққа нағашылары қырғыз әрі әйелдері қырғыз жұртынан болғасын және кезінде өз руынан қашып қырғызды паналағасын барған Бұл тарихи шындық бір құмалақ боқ біір қарын майды шірітеді деген дана сөз бар ғой Ол Ұлы Жүз үйсінге пана,ұран емес Сыпатай үшін қазақтар бір бірімізбен бетке келмейік

  8. Вы на столько ТУПЫ! Архивы не архивы, Во времена Сталина всю историю казахов переписали! Садык асылыпкет!

  9. ескермес ешким букил уйсинди караламайды. оиткени кенесарынын касында уйсиннин уландары Сураншы Саурык батырлар болдыгой

  10. Сыпатай туралы біраз тарих парағанын ақтарған екенсіздер, деседе жаман болса Сыпатай жаман болған шығар, әсте тұтас Ұлы жүз Үйсінді кіналай көрмеңіздер, бір адамға бола тұтас тайпаны қаралайтын қандай қағида ол? Сыпатай Ұлы жүзге, Үйсінге уәкілдік ете алмайды, тек жеке басына ғана уәкіл бола алады.

  11. قىمباتى قازاق قانداستار، ءبىر سپاتايعا بولا قارا ورمانداي قالىڭ ءۇيسىندى نەمەسە ۇلى ءجۇزدى داتتاعاندى قويىڭىزدار، جامان بولسا سىپاتاي جامان بولعان شىعار، ءبىراق وعان بولا حالىق جامان ەمەس، ءبىر ادامعا تۇتاس ءبىر تايپانى سيدىرماڭىزدار، سىپاتاي ءوزىنىڭ جەكە باسىنا ۋاكىلدىك ەتەدى.

  12. ЖЫРАУ шырағым! Тарихқа тура қарау керек! Қазақты қазақ еткен Абылай, Кенесары сияқты хандар! Сыпатай сияқты ұры-қары, қашқын-босқын-сатқындар емес…
    Жамбыл Жабаевтың өзі айтып отыр ғой кім екенін жырына қосып…

    • Сонғы кезде қазақ батырларын ұры – қары, карақшы дейтін болды,болмаса жоққа шығарады: Қарасай, Наурызбай, Исатай, Махамбет, Сыпатай тағы баскада батыр бабаларымызды, соған қарағанда басқа ұлт өкілдері қазақ арасына осылай өрт қойып жүрген жоқпа?

    • Жамбыл жабаевыңды дəлелге қоиятын кім ол.Орыстарға қызметі өткені сонша.Облыс атын ол берді,қала атын берді.Қазақстанда жамбылдың аты берілмеген көше жоқ.Күмəнді емес па? Ойланыңдар.Орыстар өздеріне қарсыласқандардың атынан сондай жамбыл облысындай жамбыл қаласындай атты қалай береді екен.Ойланып келтіріңдер дəлелді.

    • Қазақ батырларын мазақ қып сатқын ұры қары қып көрсетуге үлесін қосқан үшін.Əулие жамбыл атаңның атынан жамбыл облысы жамбыл қаласы жəне толып жатқан көше атаулары берілді.Шатаспай қарасаңдарш қалай раскрутитетіп отыр мына ақымақтау Қазақтарды.Ойлан,оян Қазақ.

    • Шыңғысқанға дейін де, кейін де, біздің ел ел де жер де боп тұр.Аллаға шүкір.Біздің Қазақ жерінің кореной хозяиндарының арасына от салмаңдар.Өліпкетсеңдер өліпкетіңдер.Кірмелер ренжімеңдер от салмаңдар араға.Кенесары да басқада қасындағы мықты Қазақ батырларының еңбектерімен жеңіске жетіп отырған.

      • Жамбыл жабаевыңды дəлелге қоиятын кім ол.Орыстарға қызметі өткені сонша.Облыс атын ол берді,қала атын берді.Қазақстанда жамбылдың аты берілмеген көше жоқ.Күмəнді емес па? Ойланыңдар.Орыстар өздеріне қарсыласқандардың атынан сондай жамбыл облысындай жамбыл қаласындай атты қалай береді екен.Ойланып келтіріңдер дəлелді.

  13. Кенесарыхан орыс басқыншыларына қауқар көрсетіп көп соғысқан хан одан басқа қай батыр сұлтандарың бар,Сол кезде кімнің недеп недемегенін қайдан білеміз оған тарих куә,

    • Шыңғысқанға дейін де, кейін де, біздің ел ел де жер де боп тұр.Аллаға шүкір.Біздің Қазақ жерінің кореной хозяиндарының арасына от салмаңдар.Өліпкетсеңдер өліпкетіңдер.Кірмелер ренжімеңдер от салмаңдар араға.Кенесары да басқада қасындағы мықты Қазақ батырларының еңбектерімен жеңіске жетіп отырған.

  14. Азаматтар,қай ғасырға немесе өткен уақытқа көз салсақ бізді
    осылай бір-бірімізге айдап салудың құрбаны болған тұстарымыз
    өте көп,сондықтанда, біз өткен қателіктерімізбен,кейде жіберген пендешіліктерімізді тере бергенше,осы оқиғалардан
    әркез сабақ алып үйренуіміз керек.Атам қазақ айтпаушыма еді
    «Өсер елдің баласы-бірін-бірі батыр дейді,өшер елдің баласы бірін-бірі қатын»-дейді деп.Осындай пасықтық,сатқындық пен арсыздық қасиеттер ұрпағымыздың бойына дендеп кірмеуі үшін
    оларды асқақ рухты,таза жанды етіп тәрбйелеуіміз керек.Сонда ғана, біз,Қазақ деген халықтың талайлы өткен тарихы алдындағы бір міндетімізді атқарамыз.

  15. Садық Смағұл жазғаны,аспаннан алған жоқ тарихи архивтен алған,тарихта өтірік пен айқаи бос кеуде ұру,рушылдықпен сатқын ата бабасын қорғау біз үлгі алар адамың Байзақ,Сыпатай емес.Кезінде қырғыздан таяақ жеп хан Кенесарыны шақырып,сатып жіберген сатқындардың атын аудан т,б жерден алып тастау керек.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Қазхақ тарихы 2-кітабында олардың саяаси сатқын бейнесі анық жазылған-Байзақ бас болып, Рүстемұғлы
    Сыпатай қырғызға үндес болып: «Біз түн ішінде біріміз қалмай, қашалық, аз ғана
    төлеңгітімен хан Кенесарыны өздерін оңаша тастап. Сонан соң алмайтұғын оның несі бар?!»- деп,
    Қырғызға бірігіп кетті. Байзақ Қоқанға қарағанда, Қоқанның ханы Мәделіхан:
    – Сен кеше жолдасыңа опа қылмаған, кімге опа қыласың?!- деп, зеңбіректің ішіне тығып
    аттырып өлтірген.Тарихты ешкім алдай алмайды.

  16. «1846 жылы маусым айында «Суықтөбе» тауының етегіне 7-8 ақ үй тіккізіп, Кенесары ханды қошеметтеп қарсы алып, қонақ етеді. Сыпатай төбе көрсетпейді. «-С.С
    Жауап: Сыпатай Кенені хан деп мойындамаған.
    Оның қанішер екенін, адамдықтың ала жолынан кеткен адам екенін түсінген адам.
    «Кенесарының баласы Сыздық төре Әлімқұл хан әскерінің бас қолбасшысы болып тұрғанда Түркістанға орыс патшасының әскері басып кірмек болады. Сыздық төре Арқадағы Ағыбай батырға хабар беріп, Түркістанды қорғауға шақырады. Ағыбай өз кезегінде Сыпатайға, Байзақ датқаға хабар беріп Түркістан түбіндегі Иқан бекінісінде кездеспек болады. Бірақ, Сыпатай да, Байзақ датқа да келмейді. Түркістаннан қайтар жолда Ағыбай батыр ашуменен Сыпатайдың ауылын шаппақ болып, Меркеден өтіп, қырғыз жеріндегі Шалдуарға келеді. Сыпатай да, Байзақ датқа да нөкерлерімен Қохан хандығына қашып кетіпті» С.С
    Бұл тарихи дерек емес ойдан шығарған жалған сөз,қатын өсек. Тағы да қайталайын Сыпатай Кенені хан санамаған. Ол-*қарақшы. Сыпатай ұрпақтары да Жаппас тұқымдары да солай ойлайды- солай болған да.
    «Сыпатай: «Кенесарыға әлдерің келмесе де, Шудың суын бөгеп, басқа арнаға бұрып жіберуге әлдерің келеді ғой» деп ақыл береді. Қырғыздар «Шудың суын тас салып бөгеп, суды Қызылсу, Шамшының ойпатына бұрып жібереді». (Бөлек Солтоноев. «Қызыл қырғыз тарихы» 2-кітап, 8-9 беттер) Сыпатай Кенесарыға келіп: «Таудың іші толған қырғыз, Орман манаптың 50-60 мың әскері көмекке келсе керек» деп қорқытады. «-С.С
    Сыпатай Кенемен бұл соғысқа бармайтынын білмеуші ме едің? Дәл осы арасын Бекмұханбетов та ашып айтпайды.
    Садық Смағұл бабасының қанішер екенін , оның баукеспе ұры екенін, өлген адамдардың моласымен күрескен қояншық екенін ,ауру екенін неге айтпайды?

  17. Кенесарыныы үйсіндер хан сайламағанын білесің бе?
    Кенесарыны Меркі жеріне Рүстем сұлтанның шақырғанын оған қандай сауал қойғанын білесің бе?
    Кенесарының қытайға қырғыз асуы арқылы қашайын дегеннін білуші ме едің?
    Кенесарыны қашыру үшін Құнанбай қытайға жансызын жіберіп қытайдағы төре тұқымынан келісім алғанын білесің бе?
    Меркіге енліп Ботпайлардың малына барымьа жасағаныннан жабарың бап ма?
    «Хан» билердің келісімінсіз жорыққа шықса , ол жорық заңда болушы ма еді?
    Қырғыздың жеріне шабуыл жасап молалрмен соғысқаны, екіқабат әйендерді ішін жарғанын, малын тонағанын Бекмұғанбетов жвзғанынан хабарың бар ма?
    Кенесары жорығына Сыпатай, Бопайханым, Рүстем төре қарсы болғанын білесің бе?
    Арқадан ілесіп келген батырлары Кенесарыны тастап кеткенінен хабарың бар ма?
    Сыпатай мен Кенесарының жас аралығының қандай екенін білесің бе?
    Сыпатай Меркі жерінің биі екенін неге естен шығарасың?
    Кенесарыны негізі сатқандардың барлығы төре тұқымынан екендігін негге айтпайсың?
    Кенесарының соңына ілескендердің көпшілігі баскесер, қарақшы екенін неге айтпайсың?
    Нысанбай жыраудың жырларына неге тоқталмадың?
    Қан қақсатқан төре тұқымы! Сенің айтпағың не?
    Сенің Сыпатайдан басқа тақырыбың жоқ па?
    Ел арасын бүлдіру ,шабыстыру атаңнан қалған мұра ма?

    • Тарихта Қазақтың сонғы ханы Жәнгір, Кенесарыны арғынның біраз руы ғана хан деп сайлаған, қалған қазақтар (Орта жуз рулары,Кіші жүз,Ұлы жүз рулары) төре ретінде қабылдаған.Төре Шынғыс тұқымы манғол. Сондықтан қазақтар бір – біріңмен жаға жыртыспаңдар.Сонғы кезде Исатай мен Махамбетті де сынап жатқандар пайда болды.

  18. Сыпатай жайлы Жамбылдың өзі айтты емес пе,неге шынғырасын,Жырау? Cен сол батырдың ұрпағысың -ау,жаның шығып кетті. Кенесары қазақтың маңдайына біткен батыры

  19. Абылай ханның «Жайыл қырғынынан» кейін, көп болса 20-30 мың атқа қонар әскері бар деп сендірген жоқ па еді Байзақ датқа,сонда Байзақ,хан Кенесарыны бір алдап орысқа Әлие-атаны екі сатып калаиша оған батыр қылып көше аудан атын беріп жүр.героев заказывали по заказу.

  20. «Салдан сәлем»:
    Уа, Садық! Осы ма еді-ау өлген жерің,
    Сайтыңдағы боқтыққа көмілгенің,
    Жиырма бесінші «Қонақты» неге өшірдің,
    Сұраған сыбағаңды-ау беріп еді ау-ау-ау
    Мына жұрт сасыған сасығыңнан тұншығып тұр,
    Одан да «қоқысыңа» кетпеймісің ау ау ха ха ха ха!

    Салымыздың әнімен айтқанда сен туралы тамаша ән болып тұрған жоқ па?

  21. Ей ОҢБАҒАН!!! ШЫНДЫҚ КЕРЕК БОЛСА НЕГЕ БӘРІН ЖАЗБАЙСЫҢ!!! АНАУ кенесарының ҚОЛБАСШЫСЫ БОЛҒАН АҒЫБАЙ ИТІҢ ҚАЙДА ОЛАЙ БОЛСА!!!??? ОЛ ДА САТЫП КЕТТІ ҒОЙ ӘКЕҢДІ …. СЕНІҢ!!! САҒАН ШЫНДЫҚ ЕМЕС УЙСІНДІ ҚАРАЛАУ КЕРЕК ОҢБАҒАН ТРОЙБАЛИСТ!!! КІМНІҢ НАҒЫЗ ИТ ЕКЕНІ МІНЕ ОСЫЛАЙ БІЛІНЕР!!! ОДАНДА ЖАЗБАЙСЫҢБА БӨГЕНБАЙЫҢ ТУРАЛЫ ӘБІЛҚАЙЫРҒА ҚЫСЫМ КЕЛТІРІП КІШІ ЖҮЗДІ ОРЫСҚА ҚОСТЫРҒАН!!! АТАҢНАН ӘЛЕТ БІЛГІШСЫМАҚ! Сонша білгіш болсаң жазуды өзіңнің аталарыңнан баста. Әрбірден кейін СЫПАТАЙ БАТЫР жалғыз емес ҰЛЫ ЖҮЗДІҢ ЗАҢДЫ сайланған сұлтаны РҮСТЕМ СҰЛТАНМЕН бірге кетті. АЛ СЕНДЕРДІҢ кенесарыларың ҚАЙДАҒЫ БІР ӨЗ ЕЛІН ҚЫРЫП АРҒЫНДАРДАН ТАЯҚ ЖЕП ҮЙСІНДЕРГЕ ЖАН САУҒАЛАП КЕЛГЕН БІРЕУ. ОНЫҢ КІМ ЕКЕНІН ТУҒАНЫНАН БІЛГЕН АРҒЫНДАРДЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІ БІРДЕН ҚАРСЫ БОЛҒАНЫН ЖАЗБАЙСЫҢ БА???!!! НЕ ОЛ ӨТІРІК ПА??? СҰМЫРАЙ ТРОЙБАЛИСТ. НАҒЫЗ САТҚЫН СЕНСІҢ ӨТІРІК ЖАЗЫП ЕЛ МАЗАСЫН КЕТІРГЕН СҰМЫРАЙ!!!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз