Заманынан озып туған ер тұлға

       22

       Оңтүстік аспаны астында Алаштың ардақты азаматы, аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері этнограф ғалым- Ө.Жәнібеков халықтық дәстүрден қуат алып, ұлтының ұлы махаббатын арқалаған рухани тұлға.Қазақ халқының асыл қасиеттерін – салт – дәстүрін, мәдениеті мен өнерін қайта тірілтуге бар күш – жігерін, ақыл – парасатын жұмсаған тұлғалардың бірі. Қылышынан қан тамған кешегі кеңестік дәуірдің өзінде тұтастары мен кейінгі толқын інілеріне халқын сүюдің, оның қас өнерін өркендетудің жолын көрсетті. Көрсетіп қана қойған жоқ, өзі бас болып жүзеге асырды. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің шынайы да үлкен жанашыры, қазағына қамқор болған Өз – аға. ХХ ғасырдың 70 – жылдары Қазақстандағы көне заманғы ескерткіштерді есепке алу, қорғау және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Солардың бірі Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» қорығындағы Ахмет Иасауи сәулет ғимаратын, және де Жамбылда – Айша бибі, Қарахан, Бабашы хатын, Шамансұр, күмбездері, Қызылорда да – Ақтас мешіті, Айтбай мешіті, Жезқазғанда, Алаша хан, Жошы хан, Аяққамыр, Оңтүстік Қазақстанда – Арыстан баб кесене мешіті, Баба ата, Ысмайыл ата, басқа да Х ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі тарихи және мәдени ескерткіштер қайта жөндеуден өтті. Бұлардың ішінде Маңғыстау мен Оңтүстікте онжарым мыңға тарта, тарихи мәдени ескерткіштер бар екенін, мұндағы ескерткіштердің, алты жүзі Қазақстанның емес ЮНЕСКО – ның қарауына тұрарлық ескерткіштер болып табылатынын айта кеткен. Ө. Жәнібек қазақ халқының дарынды екенін, оның бай өнері, ғасырлар тереңінен бастау алатын. Тек өзіне ғана тән өзге жұрттан алынбаған, өзінің ата – бабасынан қалған, тұрғын үй нұсқаларын зерелеп айтқан.Қазақ халқына тән құрлыс өнері бар екенін, киіз үйді былай қойғанда, тұрғын үйлердің реттелген түрлерінің ең ескісі «Шошала» болып табылатынын. Сонымен қоса «Қоржын үй», «Тіркеспе», «Дүкен» сияқты қазақтың тұрғын үйін зерттеп саралап түсіндіріп берген.Ө.Жәнібек қазақ халқының өмірге келтірген тұрақты мекен жайдың ерекшеліктерін зерттеп білу, қазіргі және келешек ұрпақты оның негізгі үлгілерімен таныстыра отырып, мәселенің шешімін таба алмай келе жатқан жақтарына көңіл аударуды жөн көрген. Өйткені Қазақстанда жирма бес мыңға жуық тарихи мәдени ескерткіштердің бар екені анықталған, одан осы уақытқа дейінгі есепке алынғаны жеті мыңға жетер – жетпес, көпшілігі жылдан жылға құрып барат. Осыларды қорғау халық игілігіне пайдалану, болашаққа қалдыру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін талабы болып табылады. Ө. Жәнібек қазақ халқының мәдени мұраларына ғана емес сонымен қоса сәулет өнеріне, ұлттық киімге, саз аспаптарына, қазақ би өнеріне де үлкен үлес қосқан.Қазақтың естен шыға бастаған кестемен әшекейленіп тігілетін «Кимешек», «Белдемше», «Сұлама», «Күндік», «Жейде», «Сәукеле» бірнеше түрлерін олардың қалай тігілетінін мен, мен мұңдалап тұратын қошқар мүйізді ою өрнектерін әсіресе бұрын сәукеле орнына киген өзімен аттас «Қасабаны » қалпына келтіруші және өмірге қайта енгізуші. Ө. Жәнібек этнолог ретінде зерттеп ұлттық киімдерімізді рет – ретімен көрсетіп, бізге мұра ретінде жазып кеткен. Ол тек жазба түрінде ғана қағаз бетіне түсіріп кеткен жоқ. Қайта тірілтіп өмірге әкелді, тұрмысқа енгізді. Соның мысалы ретінде, өзінің тұңғыш ұлы Ниетжан үйленгенде де қазақтың ұмытыла бастаған киім үлгілерін жаңғырта пайдаланған. Кіші ұлы Бауыржан мен келіні Гауһардың неке тойында да елдің алдына ұлттық киіммен шығарған. Сол тойда Гауһардың басына кигізген қасаба – сәукеле ол кісінің арманының орындалғаны. Көрнекті этнолог ғалым Ө. Жәнібек қазақ киімешегі мен бас киімін ерлер мен әйелдің аяқ киім үлгілерін өзінің «Қазақ киімі» атты кітабында зерттеп көрсеткен. Елдің елдігін, ұлттың ұлылығын, сақтап қалатын жалғыз құдірет, бұл жалпы адамдық қасиет. Осындай қасиеттер Өзекеңнің бойынан табылған.Ұлтымыздың бойындағы ең жақсы қасиеттерді, ұмытылып бара жатқан дәстүрлерді асыл күмбе ашқандай жарқыратып ашып беруші еді. Сондай ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерінің бірі, халықтық саз аспаптар еді. Өзекеңнің қазақ мәдениетіндегі орны ерекше.Ол халқымыздың дарынды екендігін, оның бай музикасы, әсемде әсерлі биі, күйі, ғасырлар тереңінен бастау алатынын салты бар екендігін айтып қана қоймады, дәлелдеді, дәлелдеп қана қоймады, оның ұмытыла бастаған көмескі беттерін қалпына келтірді, өзіндік пайымдаумен байыта түсті. Кей біреулердің айтуына қарағанда, қазақ халқында домбыра мен қобыздан басқа, музикалық аспаптар болған емес дегенді айтып келген. Ал Ө. Жәнібек болса, бұларды ел арасынан тірнектеп жинаған, және халық шеберлерінің қолынан шыққан аспаптар.Қазақтың, Біржан сал, Махамбет, сияқты ақындарының және де халықтың саз аспаптары Жетіген, Сыбызғы, Сырнай, Қылқобыз, Адырна, тағы да басқа ұлттық аспаптар, Қазақтың халық аспаптар музейіне қойылып жұрт игілігіне қызымет етіп отыр.Осы музейдің ашылуы арқасында музейдің жанынан халық аспаптар ансамбьлі құрылды. Ө. Жәнібектің айтуына қарағанда, қазақ би өнері өмірінде ата – баба әдет – ғұрыпы, тұрмыс – салты жатады. Қазақша билеу суырып салма ақындықпен, бірігіп ән салумен, халық ойындарымен біте қайнасқан ел мұрасы. Би саз әуен арқылы денені түрлі ырғаққа салып нақышына келтіріп орындау мұндай би түрлері «Жез тырнақ», «Бала бүркіт», «Қазақтың қалмақ биі», «Құсбегі», тағы басқа билерінің оқиға желісімен, сермеу тәсілдерімен таныстырады. Кейінен олардың бір қатары көпшіліктің қатысуымен орындалатын ежелгі қыпшақ биі «Алқа қотанмен» бірге би өнерінің асқан шеберлері қатысуымен қайтадан қойылып, «Шертер», «Сазген», сол сияқты Алматы обылыстық филормониясының «Алтынай», ансамбльдерінің репертуарына енгізілгені жайында Ө. Жәнібкетің «Уақыт керуені» атты еңбегінде нақтылап айтылған. Ө. Жәнібектің қамқорлығымен құрылған Алматы обылыстық филормониясының «Алтынай» би ансамблі әлемдегі талай сахналарда қазақ биінің әруағын асырды, республикалық, еларалық фестивальдерде өнер ұжымдарымен иық теңестірді. Қазақтың ұлттық билерін қайта өмірге келтіруге Ө. Жәнібек барынша атсалысты. Белгілі қоғаи және мемлекет қайраткері Ө. Жәнібек – ірі музейтанушы болатын. Музейтанушы дегеніміз де ол кісінің бұл саладағы сан – салалы еңбегін бағалауға тараңдау ұғым секілді. Ол кісі, шындығында Қазақстанда музей ісінің ірі ұйымдастырушысы бола білген еді. Музей – қазақ халқының тұрмыс – салтына кейіндеп келіп, кенжелеп енген мәдениет үлгісі. Әрине, қазақтың тұрмысы толы экзотика, өмірі толы музей дерліктей. Қазақтың киіз үйінің өзі – музей! Алайда, негізгі өмір – тіршілігі көшпелі сипатта өрістеген қазақ халқы бүгінгі күн ұғымына сай айтылатын, бүгінгі күн талабына жауап берерлік музей жасамағаны белгілі. Осы жайларды оқып біліп те, күнбе – күндік қызметте бетпе – бет келіп қалып жүріп те айқын сезінген Ө. Жәнібек қазақтың материалдық заттық игіліктерін белгілі бір шаңыраққа жинақтап, түрлі музейлер жасады. Музей - әрі мәдениет, әрі ғылым, әрі өнер. Осы үшеуінің бірлігінен барып туатын музей - әрбір ұлттың, әрбір мемлекеттің бетке ұстар мәдениет үлгісі, ғылыми ордасы болып табылады. Ұлттық ойы жоқ адам, ұлттық болмысы қалыптаспаған кісі – ұлттық музей жасай алмайды. Ө. Жәнібке өмірде бар, кешеден бүгінге сарпылып жеткен жәдігерліктерді, ұлттың салқар көшіне ілесе алмай ұмыт болуға айналған тұрмыстық бұйымдарды ғылыми еңбектер арқылы тауып алып, қайта жаңғыртып жаңа өмір сыйлай білді. Ө. Жәнібектің жазып қалдырған еңбектері, Қазақ халқының сан ғасырлар бойы, зерттелмей ұмыт болып келген. Салт – дәстүрі мен әдеп – ғұрпын, және де ұлттың ұлы ақын жазушылары мен кешегі кеңестік дәуірде халық жауы деген, жалған жазаның құрбаны болған ақтаңлақтарымыздың ісін ақтауда, сол тұлғаларға, ескерткіш қойғызып, жеке музей ашуға үлкен үлес қосты. Ө. Жәнібек сан ұрпаққа жететін өнеге, байтақ мұра қалдырды. Оның қаламынан туған зертеу еңбектері бүгінде қазақтанудың алтын қорына қосылып, жас ұрпақты тәрбиелеудің құралына айналып отыр.Сондықтан оны қазақ деген қабырғалы ұлттың, алаш деген аталы жұрттың қамын жеп, бар білімін, бар ғұмырын соның іргелі елдер қатарына қосылуы үшін сарп еткен үлкен Азамат деп айтуға болады.

Бақыт ДАНИЯРОВ