ТАРИХЫМЫЗҒА ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

11
2571

Таяуда бір танысым Жапо­нияның Хоккайдо аралында болғанын айтып берді. Жапон халқының ата кәсібі балықшылыққа арналған аспан астындағы ашық мұражай бар екен. Оның біраз экспонаттары үйлесімді жабық ғимараттарда сақтаулы. Осы мұражайды аралап жүріп балықшылық кәсібінің атам заманнан бергі уақытта жүріп өткен жолынан, өзгеру эволюциясынан толық мәлімет алуға болады және ең қарапайым еңбек құралына деген кісілік, адами құрмет байқалады.

Ең көне кезеңдерге тән балықшының қарабайыр қармағы, шекпені, қайығы бәрі-бәрі жәдігер ретінде сақтаулы тұр. Біздің апайтөс даламыз бен тауларымыздағы әлгі жапондық ескеркіштерден анағұрлым бай, қисапсыз көп ескерткіштер болса, ашық аспан астында күтімсіз, мүжіліп, жоқ болуда. Осы экспонаттарды аралап жүріп, шіркін-ай біздің де ата-бабаларымыз әлемдік өркениетке малшылықтың қыры мен сырын үйретіп, ортаазиялық шексіз кеңістікті игеріп, өнер мен ақыл-ойдың ғажап маржандарын жаратып, артына қазақ сияқты елді қалдырып еді, сол ата кәсіп—малшылыққа арналған осындай бай мұражайды жасау біздің бүгінгі ұрпақтың қолынан келер ме екен деген ой күнде мені мазалайды.
Еліміздің қоғамдық-саяси өмірді, бүгінгі демократиялық ахуалдың сиқын байқаған шетелдіктер бізді ежелден аңқау әрі саяси мәдениеті төмендеу халық деп ойлауға көшкенін олардың жазып, жариялап жатқан дүниелерінен аңғаруға болатын сияқты. Тіпті, оларды айтпағанның өзінде, таңдап, сайлаған билігіміз де қазақ десе, ат-тоңын ала қашатындар сыңайлы.
Шын мәнінде біз әуел баста, туа біткен жағымпаз, жалтақ, биліктің алдында құлдық ұрған рухсыз халық па едік? Жоқ, қатты қателесесіздер, мырзалар! Еркін ой, сөз бостандығы, әділеттілік пен теңдікті ақырып сұрау шындығына келсек, бізден қалған. Қазақ халқы ғасырлар бойы мәңгілікке өшпестей етіп тасқа қашап жазған Орхон Енесей бойынан табылған көне түркі жазуы, батыс Түрік қағанатына жатқызылатын ру-тайпалар қазіргі қазақ даласын мекендегені және Білге қаған мен Күлтегіннің осы ұланғайыр жерді сыртқы жаудан қорғағаны белгілі.
V-VI ғасырда шекарасы Шығысты Қытаймен, Батысты Византиямен түстікті Парсы елімен, екінші бір шеті Үндістанмен шектесіп жатқан «Ұлы түрік қағанатының» біз де бір ұрпағымыз.
Уақыт өте келе Батыс, Шығыс қағанаттары бөлінуі, ақыры ұлы мемлекеттің бірнеше хандықтар мен ұлттарға бөлінуіне әкеп соқтырды. Ұлы Түрік қағанаты әлсіреді. Көркем өнері мен мәдениетінің биіктігі, қолөнері мен диханшылығы, бұхараның әлеуметтік әл-ауқаты мен бірге ғылымы қоса төмендеді. Өз заманында әлемді әсемдігімен тәнті еткен Отырар,Сығанақ, Өзкент, Түркістан, Женд, Янгикент, Тараз, Баршынкент деген қалалары бар, ұлы халықтың түбіне жеткен алауыздық, бейқамдық, басқыншылық.
Ұзаққа созылған соғыс жаугершілік ұлттың дамуын, мәдениетін ондаған ғасырға кейін шегерді. Біздің жерімізде туып, өмір сүрген әлемнің екінші ұстазы аталған Әбу Насыр Әл-Фараби, даналық сөзін дүниенің төрт бұрышы жатқа айтатын Жүсіп Баласағұн, әлемнің барлық білімдар ғұламалары ғылыми еңбектеріне соқпай кетпейтін Хусам ад-дин Хусейн бин Әли Хажжаж әл-Ханафи, Махмұт Қашқари, Мұхамед Хайдар Дулати, Реванди, Хорезми, Қадырғали Жалайыри, Қожа Ахмет Йасауи сияқты бабаларымыз жер бетіндегі өркениетті қай елдің алыптарымен болса да иық тіресіп қатар тұра алады.
Ежелгі және орта ғасыр­дағы Орталық Азия түрік­те­рінің қоғамындағы, жалпы мәдениеттегі жетістіктері көрші елдердің, соның ішінде Алдыңғы Азия халықтарымен тығыз байланыста дамыған. Ислам өркениетінің өрлеуіне, араб, парсы халықтарымен бірге түріктер де ат салысты. Бұл өркениеттің дамуы ислам дінінің келуімен тікелей байланысты. Дін 1100-1350 жылдар аралығында Испанияның оңтүстігінен Қытай қорғанына дейінгі мекендеген көп ұлтты халықтардың мемлекеттік дініне айналды.
Ислам діні түріктердің эволюциялық дамуына өзінің қолайлы әсерін тигізді. Түрік қағанаты тұсындағы ойшылдар мен ірі билеушілер Түмен қаған, Боғда хан ие, Елтеріс қаған, Тұнықұқ және Білге қаған мен Күлтегін батыр қатарлылар сол Чаңан қаласын талай таптаған болатын. Сол қаланы өздеріне бағынышты ел ретінде қараған. Ол кез түркі тектестердің аталмыш аумаққа үкімі жүріп, үстемдігі асқан бір дәуір болатын. Қытай жазба деректері де мұны растап отыр. Алма- кезек өмірмен бірге толып, бірде солып жататын кезеңдер көлі, біздің ұлтымызды тарихта талай рет шомылдырған болатын.
Түріктер рухани мол қолжазбаларды Бағдад пен Басра, Дамаск мен Халаб, Мекке мен Мадина, Каир мен Тунистен жинаған. Өйткені 1517 жылдан бастап аталмыш шаһарлар түріктер құзырында болды.
ХI-ғасырда өмір сүрген ұлы бабамыз данышпан ойшыл Жүсіп Баласағұни
Болған талай қалалар да
халық та,
Уақыт көмді бәрін
жердей табытқа.
Болған талай ауылымыз
тайпамыз,
Енді соның ізін
тауып, байқаңыз,
– депті.
Қазіргі Қытай жеріндегі Си Ся Цзинь, Оңтүстік Сун деп аталатын мемлекеттерге шабуылды Шыңғысхан әскері 1211 жылы бастаған. Бұл жорықтарды 12жыл бойы Мұқали ол өлген соң, баласы Болу жалғастырған. Шыңғысханның өзі Мұқалиге Қытайды, Вьетнамды, Кореяны жеке-дара билеу құқы жазылған грамота мен алтын мөр тапсырған. Орталық Азиядағы бытыраңқы, бейқам жүрген Үйсін, Қаңлы, Арғын, Алшын, Найман, Қоңырат, Керейлерді жаулап жауынгерлер жасақталған. Басқару орындарында жергілікті халықтардың уәкілдері болып, олар тек алым-салық жинап, ел басқару жұмыстарына аса мән бермеді.
Кез келген елді басып алардан алдын елші мен қоса тыңшы жіберіп, тамырын басып көрген соң, керуен тола сыйлық жіберіп сынап, салық төлеп тұруын сұраған, егер оған келіспесең, Шыңғысхан келіп елің мен қоса жеріңді қүлін көкке ұшырады деп ескерткен, ескермегендер сазайын тартқандығы тарих куә.
Шыңғыс хан 1218 жылы Жетісу бойын, 1219 жылы Жент пен Янгикентті, 1220 жылы Отырар мен Сығанақты, 1221 жылы Үргеніш пен Бұхара Хорезмді тас-талқан етеді. Бұл қазақ халқының жалпы этникалық дамуын, мәдени бірігіп, өркендеуін ұзақ жылдарға кідіртеді. Қыпшақ даласының ауасы мен суын ішкен Шыңғыс хан «Әлемде бұдан көркем жер, табиғаты шырайлы кең жайылым болуы мүмкін емес» деген екен.
XIII ғасырдағы Италия саяхатшысы Марко Полоның қолжазбаларында, «Шыңғысхан жаулап алған хаықты жәбірлеген жоқ, дүние-мүлік құқығынан айырған жоқ, тек бірнеше өз адамын әкеліп таққа отырғызып, ары қарай жорыққа атана берді». Орыс халқын бір орталыққа бағындырған күшті мемлекет жасауда айрықша еңбек сіңірген Иван Грозныйдың арғы тегі Алтын ордалық Жалайыр екенін академик Баскаков дәлелдеген.
Жалғыз моңғол Мәскеудің төріндегі Ұлы орыстың князы аяғына бас ұра еңкейгенде, желкесіне аяғын қойып тұрып, салық жинағанын қазіргі орыс билігі еш мойындағысы келмейді. Бұл дәстүр 1222-1525жылға дейін 303жыл бойы жалғасып отырды, тарихта «монгол-татарские ига» деген атпен аталып жүр. 1242жылы 5 ақпанда болған Мұз қырғыны орыстар Алтын Ордадан көмек сұраған, қыпшақ бабаларымыз неміс рыцарларына қарсы партизандық әдіспен қашып жүріп, садақпен оқ жаудырып, мұз жарылып рыцарлар суға батып, тас-талқанын шығарғанын тарихта алтын әріптермен жазылды. Орыстар ойлап тапқан 1380жылы «Куликово шайқасынан» кейін 145жыл Алтын Ордаға салық төлеп тұрған.
Атағы жер жарған Алтын орданың ханы Мамайға Самарқанд билеушісі Ақсақ Темірдің қолдауымен дені қыпшақтардан құралған Ақ Орданың ханы Тоқтамыс пен Қоңырат руынан шыққан Едіге батыр екеуі бірігіп соғыс ашып, 1380жылы оны тақтан тайдырады. Тоқтамыс Сібір жеріне қашып барып, сол жақта Сібір ханы Шәдібектің қолынан қаза табады. Сол Алтын Орданың да күбіне жеткен бірліксіз тірлік, әрбірі өз қара басының қамын ойлағандықтан. Неше бір қиын-қыстау кезеңдерде, талай аумалы-төкпелі сапырыстарда, моңғол шапқыншылығы, әсіресе орыс отарлауы, Ресей мен Қытай әдейі қалмақ пен жоңғарды қазаққа айдап салуы, Қоқан хандығының боданына түскен кезеңде де Еділ мен Алтай аралығын мекендеген ұлт пен ұлыстар қазақтығын жоғалтқан жоқ.
Қазақ хандығын жасақтаған кемеңгерлер ә дегеннен мықтап ескерген, сахара төсінде судай сапырылысып, мидай араласқан ру-тайпалардың таным-түсінігіндегі ең киелі жаралым болып табылатын этнотекті негіз етпей, бір тілде сөйлеп тұрмай жұртшылықты бір мүддеге жұмылдыру мүмкін емес еді. Исі қазақты Алаш немесе Қазақ деп аталатын бір кісіден таралуы да этнотұтастықты көксеуден туған ұлы шарттылық, Ұлы бірлік идеясы деуге толық негіз мол. Бабалар аманаты —бірлік еді. Бірлік елім деген тарланды талауға бермеуден танылады. Бірлігі мықты, сананы сергек елді сырттан келер сергелдең жоқ. Сол себепті, біз қазақ үшін сананы серпу үшін бірлікті ту, татулықты тұғыр ету тура жол. Әрине, рухы күшті, болашаққа сенімі мол халық қана қандай қиындыққа шыдас бере алады.
Оңтүстік көршіміз Аль-Термези, Аль-Бухари, Аль-Хорезми, Ақсақ Темір, Ұлықбек, Навоий Низамаддин мир Алишер, Бабур Захиреддин Мухаммед буюк бабамыз деп, көше, мектеп, метро, жоғарғы оқу орны солардың атымен атайды. Солтүстік көршіміз I-Петр Алексеевич, II-Екатерина Алексеевна шын аты София Фредерика Августа, Елизавета және Романовтар тұсында басым көпшілігі фин, швед, неміс француз әулетінен шыққан ұландарды ата-бабамыз деп жүр. Шығыстағы көршіміз өзінің Конфуций, Лаоцзы, Ян Чжу, Чжуанцзы, Сюньцзы, Хун Цзычэндарды құрметтеп жатыр.
Монғолдар болса, өз астанасы Улан-батырдан 50 шақырым жерге Шыңғысханға арнап алтын жалатқан он қабат үйдің биіктігіндей ескерткіш орнатқан, дүние жүзінен туристер ағылуда, біздің Петропавлдағы интерналионал көшесінде Абылайхан ескерткішін отыз есе орап алатындай көрінеді. Міне ата-бабасына тағзым деп осыны айт. Біз болсақ, көктен енді түскендей, Кеңес одағы кезінде цензуралық бақылауда болған тарихты жұбаныш көреміз.
Кейбір тарихшылар «Біз қазақпыз, мемлекеттігіміз Керей мен Жәнібек ханнан басталады» деп сандырақтап жүр. Сонда көне тарихты бойлағанда, ғұн, сақ, скиф, үйсін, қаңлы, найман арғын секілді ру-тайпалардың атаулары тікелей қазаққа қатысты емес деп ешкімде айта алмас. Қырғызстанда ЮНЕСКО шешімімен 2003 жылы тамыз айында 2200 жылдығы атап өтілді, Өзбекстан ертедегі Хорезм мемлекетінің мұрагері ретінде өз мемлекеттігіне 2700 жыл деп санайды.
Қазақтардың мемлекеттігіне кемінде 2800-3000 жыл болғанын ЮНЕСКО алдында ресми қою кезек күтірмейтін мәселе. Мысалы, Иран елі ертеде Мад, кейінірек Персия атанғаны тарихтан білеміз. Қытай мемлекеті Жунго, Шын, Хан, Юань сияқты 25 атауы болса да, өз мемлекетінің тарихын он мың жыл деп есептейді. Кертартпаға салынбай 3000 мыңдықты кешіктірмей, әлем жұртшылығымен атап өту ғылыми патриоттық борышымыз.

 

Жұмамұрат Шәмші,
тарих ғылымдарының
кандидаты

11 ПІКІРЛЕР

  1. Қайдағы 12 ғасыр? 13 ғасырдан бастап жазылған арапша парсы тілінде жазба тарих бар емес пе? Күлтегін 8 ғасырларды өмір сүрген ұлы қолбасшы. 9-10 ғасырларда Қараханидтер исламды қабылдаған соң ақ арапша жазу қолданысқа ене бастаған. Қаржаубай бұл қай Қаржаубай?

  2. Тарихты шыншыл тарихты зерттеу керек. Қазақтың Шыңғысханға дейінгі тарихы -орыс тарихшыларының *сызып берген жолымен қана жазылған . Білге қаған деген тарихта жоқ тұлға,ол соз -*Білге қані деген қазақтың қарапайым сөзі. «Сир халқы»- Түрік-сыр халқы. «Отюкен -өткен жер,
    *АЗ сөзі қазақтың аз(шағын) деген сөзі, *Татабы- жер ел аты емес ,ол Ататыб(ы)- прословлять(прославить)(қазақтың АТАҚ дегені қайдан шыққан) *Иолық-Тегін-қарапайым жолықтігін(жолықтырғын)
    Бомынқаған- Бомынқан деген әйел аты. Күлтегін-Жапалақ немесе Шигу-Хутуху. *Тардуш-ТАР-ТҰС немесе ущелье, перевал. не керек бізді әбден мазақ қылған.

  3. Монголдың *Сокровенное сказание*(Құпия шежіресінде)бір ғана мысал;
    Дува-Сохор*деген атты Түркіше оқысақ *Туа Соқыр болып оқылады емес пе.
    Сол кітапта түсіндірме жазады;
    – Дува-Сохор туғаннан бір көзді еді.
    Бұл орысша аудармасында.
    Орхон -Енесей жазуында;
    (26)- Жаман Жапалақ -бұ дана өзі алғар атым,інім (алған аты) Күлтегін болды,біріле сөз алдыстымыз,(мен оған) қаз* етейін(тік тұрдым-келістім демей ме!

  4. «Қазақтың тарихы 1991 жылдан басталады! Өзім шекарасын сызып,бекітіп бермегенімде жүрер едіңдер лағып,қойларыңызды бағып.Астаналарыңыздың планын салфеткаға сызып,әлем таныған жапонның архитекторына салдырмағанымда,жыртық киіз үйлеріңізде жатқан болар едіңіздер,қарындарыңызды тыр-тыр қасып!Так что 1991,и больше никаких разговоров!!!Все что делается для казахов,делается моим нурсиянием!» НҰР КӨКЕЛЕРІҢ, кемеңгер,ғасыр ғұламасы.

  5. Бәрі керемет жазылған,еңбектеріңе көп-көп рахмет.Бірақ тарихшылар жазып жүрген Күлтегін 7 ғасырда өмір сүрмеген,ал Орхон -Енесей жазуы Шыңғысхан заманында жазылған,ал Күлтегін- Шыңғысханның асырап алған баласы .Шын аты Жапалақ,Күлтегін деп өзі атаған,оны Шыңғысханның шешесі құптаған.
    -*Ұзай алмас сөзіне күлдік,….ағұ ұнарығ(ағаға ұнады) ,аты,тегі жоғын көріп ала ерттіміз* деп жазады Шыңғысханның Шешесі.Оны *Қағандар ізімен немесе Орхон-Енесей жазуының құпиясы* деген кітапта анық жазылған. Тарихшылар Малов сынды тарихшыларға жалтақтамай, ақты-ақ қараны-қара деу керек деп ойлаймын

  6. Жұмамұрат Шәмші керемет дұрыс жазыпсыз. Тарихымызды мектепте де жоғарғы оқу орындарда дұрыс үйретпей жүргендіктен, жастар ештеңені білмейді, сондықтан сіз сияқты патриот жігіттер сабақ берулері кезек күттірмейтін мәселе.
    Сол себепті тарихты бұрмаламай дұрыс үйрету абзал. Сіз бақыт тілеймін сау болыңыз Жұмамұрат аға.!!!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз