ГРАФИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ немесе Ы.Алтынсарин негізін салған қазақ латыншасынан басқа жазудың қажеті жоқ

Тәуелсіздіктен кейін кейбір атақ құмар тәуекелшіл журналистер лингвист-ғалым болып алды. Мәселен, осында өзінің аты-жөнін анықтап жаза алмай жүріп, «алыстан сермеп» жүрген бір Аманқос Мектептегі дейтін ғалым пайда болды. Аманқос Мектептегі емес, Мектеп ұрпағы ғой қарақтарым-ау!

Міне осы «баланың» «қазақтың ұлттық жазуы бар. Ол – Руника, Орхон, Енисей жазуы» деп өңештеп келе жатқанына көп жыл болды.

Біріншіден, Орхон-Енисей - жазудың аты емес, өзендердің аты.

Екіншіден, Руника - ең соңғы сына жазуы. Карелияда ерте кезде Рун дейтін тайпа болған. Соның атымен аталған сына жазудың бұл соңғы түрін Палестинадан алып Еуропаға таратқан - осы тайпаның адамы болған. 

Ал Руно деген қойдың аты. Қазақ оны Інжіл қойы деп атайды. Оның бұл Руника терминіне ешқандай қатысы жоқ.

Мәселен, бір кезде славян елдеріне латын жазуын әкелген адам Кирилл дейтін кісі. Ол Грекия, Италия елдерінде жүріп Грек, Латын жазуларын көреді. Міне, осы екі жазудан алып, славян жазуын жасайды. Ол жазу кириллица деп аталып кетеді.

Кирилл немесе орыс жазуларындағы таңбалардың (әріптердің) 90 пайызы әлі күнге дейін латын таңбалары. Арасында 5-6 әріп қана айырмашылық бар. Шын мәнінде кирилл, орыс жазулары деген жоқ. Олар тек сол грек, латын алфавитінің варианттары, әр түрлі нұсқалары ғана. Ең атақты ағылшын алфавитінің өзі сол латын жазуының бір бұтағы, көлеңкесі ғана. Сондықтан «латынның» бір бұтағынан тағы бір жаңа бұтағына көшеміз деу ақымақтықтан басқа түк емес.

Ал Орхон, Енисей жазбаларын, «жырларын» жазу деп шатасып жүргендер аз емес. Ол – жазу емес. Олар – сына жазумен жазылған жазбалар. Түрік хандарының ғұмырнамалық жырлары. Олардың өзін де қытай мамандары жазғандығы әбден анықталған ақиқат.

Ал қытай мамандары оларды қытай сына жазуымен жазған. Сына жазулары немесе жартылай буындық, жартылай дыбыстық жазулар ертеде ең алдымен екі елде: араб және қытай елінде пайда болған. Шын мәнінде сына жазулары дегеніміз қазақ пен түрік халықтарында ешқашан да болған емес. Оны түрік қағанатына әкелген қытай мамандары. Қытайлар сол жазумен тасқа түрік «түркі емес» қағандарының, қолбасшыларының ғұмырнамалық дастандарын жазып берген. Сонымен ол жазудың да саудасы біткен. Ол жазуды түрік пен қазақтың өзі өмірде ешқашан қолданған емес. Ол жазуды түрік пен қазақ түгілі қытайдың өзі де толық мағынасында қолданбаған.

Сына жазу таңбаларын қытайлар тек иероглиф таңбаларын дұрыс оқуға пайдаланады. Ол таңбаларды қытайлар ертеде Жу Иін Фу Хор деп атаған. Қазір Пиң Иін Зы Му деп атайды. Қазір қытай сөздіктерінде иероглифтердің дұрыс оқылуын ағылшын әріптерімен беріп жүр.

Қытай неліктен сына жазу таңбаларын толық жазу ретінде қолданбаған?

Себебі, қытай тілі – түбір тіл. Қытай тіліндегі түбір сөздер тек бір буыннан ғана тұрады. Оларды тек иероглиф таңбаларымен ғана бере алады. Қытай тілі дыбыс жүйесіндегі емес буын жүйесіндегі тіл. Бір буын – бір сөз. Жеке дыбыс таңбаларымен беруге келмейді. Сонымен білмейтіндерге анықтап айтып қоялық:

Иероглиф - буын жүйесіндегі жазу таңбалары. Бір буынды сөздерге арналған.

Әріп – дыбыс жүйесіндегі жазу таңбалары. Негізінен жалғамалы, тоғыспалы тілдерге арналған.

Сына жазулары - әрі буындық, әрі дыбыстық жүйедегі  тілдерге арналған жазу.

Қытай тілінде омоним сөздер өте көп. Сондықтан олар дыбыс жүйесіндегі әріп жазуына (арабша – харф) көше алмайды. Бес мың жылдан бері осылай болып келеді. Мәселен, қытай тілінде 49 Ду, 19 Ту, 50 Хүй бар. («Шың Хуа Зы Дян».1987 жыл. Бейжің).

Ду – барлығы, астана, бұршақ, оқу, у, дара, қарын... (98 бетте)

Ту – кенет, жол, сурет, топырақ, қоян...(458 бетте)

Хүй – оттың күлі, қайту, жиналыс... Жиын ашу – Кәй Хүй.

Қытай тілінде ескі сына жазуды да, ағылшын алфавитін де тек жоғарыдағы омоним сөздер иерглифтерін дұрыс оқу үшін пайдаланады. Ал иероглифтер саны кем дегенде 50-60 мың.

Иероглифтерсіз қытай омонимдері де, жәй сөздері де түсініксіз. Ал омонимдер саны да дәл осы иероглифтер санымен бірдей. Сондықтан бұл қиындықты жеңу үшін қытай ғалымдары дыбыс жүйесіндегі жазуға – ағылшын әліпбиіне көшеміз деп, талай рет талпынып та көрді. Ештеңе шықпады.

Ал адамзат тарихында жазудың – графиканың 4 түрі болған. 1. Пиктографиялық жазу (сурет жазуы) 2. Иероглификалық жазу 3. Сына жазуы (Руника) 4. Дыбыстық жазу (әріп жазуы)

Алдыңғы үшеуі жабайы, жарамсыз, ұсқынсыз және қиын жазулар.

Ал, ең соңғы дыбыстық жазу ең жетілген, даму шыңына шыққан, тамаша, кемел жазулар. Олар: грек, латын және араб жазуы.

Міне қалған дыбыстық жазулардың бәрі осы үшеуінің алфавиттерінен алынған. Ағылшындар да, немістер де, орыстар да өз алдарына дербес жазулар жасамаған және оның қажеті де болмаған. Дайын, жақсы әліпбиден өз тілдеріндегі дыбыстарға келетін таңбаларды ала салған. Жетпегеніне өз өзгертулерін қосқан.

Қазақ тарихында пиктографиялық, иероглификалық және руникалық (сына) жазулар болған емес, қолданылған емес. Тек соңғы төртінші жазу – дыбыстық жазудан, яғни араб жазуы мен латын жазуынан қазіргі қазақ арабшасы мен қазақ латыншасы жасалған. Алтынсарин негізін салған қазіргі жазуды кириллица деп атауға болмайды. Бұл таза қазақ латыншасы. Тағы бір латынша жасаудың қажеті жоқ. Ал қазіргі орыс жазуын орыс латыншасы деп атаған дұрыс. Осы күнге дейін ғалымдар бұл мәселеде қатты қателесіп келді.

Ал адамзат тарихындағы ең алғашқы жабайы жазу – сурет жазуы туралы кейбір жас ғалымдардың түсінігі мүлдем қате екен.

Мысалы, жартастағы суреттер – жазу емес. Олар нағыз суреттжазылған бір кездегі лингвистикалық оқуларды қайта басып, көп данамен шығарып, студенттерге оқыту, сынақ-емтихандар алу, курстық, дипломдық жұмыстар жазғызу қажет.ер. Бірақ жабайы өте қарапайым жетілмеген жұпыны суреттер ғана. Олар бір кездегі жабайы адамдардың, жабайы қоныстаушылардың тірлігінен ғана хабар береді. Сурет өнерінің графика дейтін жанры да бар. Оны жазумен шатастыруға болмайды.

Ал сурет жазуы күнделікті өмірде адамдар өз жағдайларын, өз істерін басқаларға білдіру үшін жасаған алғашқы талпыныстары ғана. «Жазу және оның даму кезеңдері» туралы қазақ ғалымдарының ішінен ең жақсы түсінік, ғылыми мағлұмат берген адам Кәкен Аханов.

Ең соңында айтар бір үлкен тілегіміз – жоғары оқу орындарына арналып Қазір не көп, ғалым көп. Саны көп, сапасы жоқ. Көбі жалған ғалымдар. Тіпті әкімдерге дейін ғылым докторлары, жоғары оқу орындарының ректорлары. Әр жерде диплом сатып алғандар – мұғалім, мектеп директорлары. Ғылымнан да, оқудан да мән кетті. Дүниені жалғандық жайлап алды. Жемқорлар егінге жабылған шегірткедей қаулап барады. Бәрі де «кресло» үшін, ақша үшін жан алып, жан берісуде. Беттің арын белбеуге түйіп кірісуде.

 

Әбдеш ДАЙЫРБАЕВ

Алматы облысы,

Еңбекшіқазақ ауданы,

Саймасай ауылы