Шыңғысханның шындығы қайда?

d188d18bd0bdd0b3d18bd181-d185d0b0d0bd

Шыңғысхан туралы жүргізілген ғылыми зерттеулер болсын, журналистік-жазушылық зерттеулер болсын, ол туралы нағыз шындықты бермей тенденциялы түрде біржақты қаралау тұрғысында жазылды. Тек, Л.Гумилев қана «Қиял патшылығын іздеу» атты зерттеуінде ол туралы шындықты толық болмаса да, өз мүмкіндігіне сай жаза білді. Шыңғысхан туралы жүргізілген зерттеулер, не себепті тенденциялы сипаттағы біржақты қаралау тұрғысында жазылды?

Себебі европалықтар, Шың­ғыс­хан басқарған монғол­дар­дың Орта Азиядағы Хорезм мем­лекетіне жасаған шабуылын, жабайы көшпелі тайпалардың өр­кениетті елге жасаған шапқын­шылығы, деп қабылдады. Олар, монғолдарды дамымай арта қалған жабайылар, деп түсініп, олардың Қайыр хан мен хорезмшах Мұхам­медті жазалау үшін Хорезм еліне жасаған жорығын, жабайы жыртқыш аңның адамға тарпа бас салатын шабуылына теңеді. Хорезм әскерінің Шыңғысхан әскерінен жеңі­луін, хорезмшах Мұхаммедтің соғыс тактикасында жіберген қателігінен болған кездейсоқ жеңіліс, деп бағалады. Ал, Шыңғысханды – әлемді жаулап алуды мақсат тұтқан баққұмар, қанышер, жауыз, өзімшіл озбыр билеуші бейнесінде берді. Европа, араб және орыс тарихнамаларында білдірілген осындай пікірлер мен тұжырымдардың, теңеулер мен бағалаулардың Шыңғысхан мен монғолдар туралы шындыққа қаншалықты жанасатындығын тарихи-этнологиялық, археологиялық фактілер мен адамзат қоғамы өрістей дамуының тарихы негізінде қарастырып көрейік

Ш

ыңғысхан басқа­руын­дағы монғолдар, 1211 жылы Цзинь им­периясының У-ша қаласына шабуыл жасап, төрт жылдың ішінде Қытайдың солтүстігін, Орта Қытай жазығындағы астанасы Пекинді, 1215 жылы басып алған кезде монғол әскерінің саны 100 мың ғана, ал Қытай әскері, олардан 3 есе көп болған. Монғолдар, 1219 жылы Хорезм мемлекетіне қарсы соғыс ашқан кезде олардың әскерінің саны 150 мың, ал хорезмшах әскері, олардан 2 есе көп болған. Осыған қарамастан Шыңғысхан әскері, Цзинь империясының астанасын алып, толық болмаса да жартылай бағындырды, ал Хорезм мемлекетінің әскерін күйрете жеңіп, оны толық бағындырды. Ресейдің XIX ғасырдағы әскери тарихшысы, генерал М.И.Иванин, монғолдардың соғыс жүргізу тактикасын арнайы зерттеп «О военном искустве при Чингисхане и Тамерлане» дейтін зерттеу жазған (Алматы. Санат. 1998). Егерде монғолдардың соғысу тактикасына арналып зерттеу жазылған болса, онда монғолдарда әскери ғылым жақсы дамыған. Егерде монғолдарда әскери ғылым жақсы дамыған болса, онда олар, дамымай арта қалған жабайы халық болмаған. Қандай да бір ғылыммен айналысып оны дамыту, адам интеллектісінің бір деңгейде тоқырап қалмай даму үстінде болғандығын дәлелдейтін физиологиялық факті.

Қытай, монғол және басқа да тарихтардың деректеріне сүйене қытай киноматографистері 2007 жылы шығарған «Шыңғысхан» атты тарихи фильм дерегі бойынша Шыңғысхан, батысқа жорық жасап бүкіл әлемді жаулап алуды ойламаған, тек өз қоластындағы елшілікке жіберілген 450-499 адамды жазықсыз өлтіргені үшін Отырардың билеушісі Қайыр хан мен хорезмшах Мұхаммедті жазалауды ғана мақсат еткен. Тарихи драмадағы Шыңғысханның батысқа жорық жасауына себепші болған мотив туралы дерек пен Рашид-ад-дин және Әбілғазының тарихи шығармаларындағы Шыңғысханның Хорезм еліне шабуыл жасауына себепші болған мотив туралы дерек, бір-біріне сәйкес келеді. Қытай киноматографистерінің тарихи драмасында да, аталмыш мұсылман тарихшыларының шығармаларында да Шыңғысханның Хорезм мемлекетіне қарсы соғыс ашуына кінәлілер ретінде иналшық Қайыр хан мен хорезмшах Мұхаммед аталады. Осымен қатар тарихи драмада, Шыңғысхан мен оның ұрпақтарының Хорезмнен бөтен батыстағы көптеген елдерді жаулап алуына себепші болған бір-ақ адам – Отырар билеушісі Қайырхан екендігі атап көрсетілген.

Тарихи драма мен аталмыш мұсылман тарихшылары шығармаларының деректері бойынша Шыңғысхан, себепсізден-себепсіз баққұмарлық, атаққұмарлық пендешілікпен бірде-бір тайпаға немесе елге өздігінен шапқыншылық жасамаған, яғни жаулап алу соғыстарын жүргізбеген. Ол, 9 жасында әкесіз жетім қалып, әділетсіздік пен кедейшілікті, қиыншылық пен қорлықты, зорлық пен зомбылықты көп көріп, досқа адал, дұшпанға мейрімсіз болып өсті. Досқа деген адалдығы сондай, өзіне бірнеше рет опасыздық жасап өлтірмекші болған досы Жамуханы өлімге қимай Темучин, оған Монғол мемлекетіндегі менен кейінгі екінші басшы бол, дейтін ұсыныс жасаған. Оның бұл ұсынысын қабылдамаған Жамуха, Шыңғысханнан өзін «қан шығармай» өлтіртуін сұрайды. (С.А.Козин. Құпия шежіре. М-Л. 1941. §200,201).

Рашид-ад-дин, Жамуханы мүше-мүшеге бөліп азаптап өлтірген, деп жазады. (Сборник летописей. Т. I. М-Л. 1952. с. 190-192).

«Юан-чао-би-ши» - Монғолдардың құпия тарихы немесе Құпия шежіре мен Рашид-ад-динның «Жылнамалар жинағында» Жамуханың өліміне байланысты берілген деректерді, салыстыра талдаған Гумилев «Құпия тарих»-тың, Жамуханы «қан шығармай» өлтірген дейтін дерегінің шындыққа жақын келетіндігін атап көрсеткен (Қиял патшалығын іздеу. Алматы. Балауса, 1992. 288-291 бетт). Осы тарихи фактілерден біз, Шыңғысханның ішкен антын, берген сертін бұзбайтын, досына опасыздық жасап, сатып кетпейтін, уәдеге берік ер тұлға екендігін аңғарамыз.

Ж

оғарыда аталған орыс генералы Иванин, монғолдарды – жартылай жабайы бақташылар ретінде білген. Оның пікірінше бақташы монғолдар, 1211-1216 жылдар аралығында Цзинь имепериясын жаулап алғаннан кейін олардан соғысу тактикасы мен стратегиясын үйреніп, бұл ғылымды жетік меңгергені сонша жарты әлемді бағындырып, өздерінің ұстаздарынан да асып түскен. (О военном искустве при Чингисхане и Тамерлане. Алматы.Санат. 1998. 28-29 бетт). Осындай пікір білдіргенде Иванин, 100 мың ғана әскері бар, әскери ғылымды меңгермеген монғолдардың өздерінен 3 есе көп, соғыс өнерін жете меңгерген қытайларды қалайша жеңуі мүмкін екендігін ой елегінен өткізбеген. Логика бойынша соғысудың тактикасы мен стратегиясын білмейтін бақташы монғолдар, өздерінен 3 есе көп, әскери ғылымы мен техникасы дамыған, соғыс өнерін жете меңгерген қытай әскерін жеңуі, мүмкін емес. Олай болса, Иваниннің монғолдарды – жартылай жабайы бақташылар ретінде беретін және олар, соғысуды қытайлардан үйренген дейтін пікірі, дұрыс емес, қате. Бұл қателігі үшін Иванинді кінәлауға болмайды. Себебі, XIX ғ. монғолдардың этногенезі әлі анықталмаған болатын. Ал, тегі анықталмаған халықты – соғыс өнерін меңгермеген жартылай жабайы бақташылар, деп қателесу әбден мүмкін еді. XX ғ. бұрынғы Кеңес Одағының археологы Л.Л.Викторова монғолдардың этногенезін зерттеп, монғолдар тегі – Бортечино, ашина түріктердің Шығыс Монғолиядағы монғол-татарлардың арасына қоныс аудара келіп, кірме ретінде сіңіскен тармағы дейтін пікір білдірген. (Монголы. Москва. Наука. 1980. с.155-158). Мен, Викторованың осы пікірін қолдай отырып, бұл пікірге мынадай түзету енгіздім: Бөртечино мен оның қол-астындағы жұрты, Шығыс Монғолиядағы монғол-татарлардың арасына емес, татар мен татабы-қай- қимақ және қидан тайпаларының арасына қоңыс аударып келген. Себебі, Ергене Қоннан шыққан монғолдар – қытай тарихында «Хуян» атауымен берілген хун тайпасының ұрпақтары, яғни түркілер еді.

Г

уманитарлық ғылымдарда, қытай тарихында дунху, шань жун, бэйди дейтін атаулармен берілген тайпаларды – ортағасыр монғолдарының ата-бабалары дейтін жаңсақ, қате пікір қалыптасқан. Бұл пікірдің қате екендігін, X-XII ғасырлардағы Үшөзендік монғолдардың тегі–хун мемлекетінің басында тұрған үш тайпаның бірі, Хуянның, яғни монғолдардың түркілер екендігін «Сюньюй мен Хунну және Ашина мен Ашидэ, қимақ-қыпшақтардың этногенезі» дейтін зерттеуімде және әлі жарық көріп жарияланбаған диссертациямда толық дәлелдедім. (Шымкент. «R-Diar». 2005. 47,88-112,168-179 бет). Жоғарыда аталған этностарды, ортағасыр монғолдарының тегі дейтін пікірдегі зерттеушілердің басты қателігі – монғол этносы б.д. VIII ғ. шамасында пайда болған, деп ойлағандығы. Олардың монғол этнонимі, VIII ғ. шамасында пайда болған деп ойлауына себепші болған фактор – VIII ғ. «Тан шу» - да «мэнъу» этнонимінің тіркелуі болды. Жоғарыда аталған зерттеуде дәлелдегенімдей монғол атауы, б.д.д II ғ. пайда болған. Бірақ бұл атау, б.д. VII-VIII ғасырларына дейін этнонимдік мәнге ие болмаған, тек оң қанат-барунгар, яғни, «оң қол» мағынасын ғана білдірген. Б.д. 87 ж. Батыс Монғолияда сяньбилерден ойсырай жеңілген солтүстік хундардың, яғни Хуян тайпасы болып аталған көне монғолдардың Ел ханының ұлы Қиян мен оның нөкері Негуз бастаған аз ғана жұрт, Чуя өзені бастау алатын Алтай тауларының арасындағы кең жазыққа, яғни Ергене қонға қашып келіп тығылып, 400 жылдан астам уақыт өткен соң айнала қоршаған таудың бір бүйіріндегі темір кенін балқытып сыртқа шығып, VI ғ. бірінші жартысында Алтайдың оңтүстігіне ауып келген ашина тайпасымен дуальды-экзогамиялық рулар бірлестігін құра араласып, қият- боржигин тайпасын дүниеге келтіре ашиналармен бірге Бірінші Түркі қағанатының басында тұрған, ал 630 ж. қағанат құлаған соң Қиян мен Негуз ұрпақтары, яғни нирун аталған монғолдар, қият-боржигин тайпасынан шыққан Бөрте Чиноның бастауымен Шығыс Монғолиядағы жатжұрттардың арасына ауыл келіп, өздерін о бастағы қиян-қият атауымен монғол, деп атай бастаған. Осы кезеңнен, яғни VII ғ. бастап монғол атауы, этнонимдік мәнге ие болған, яғни этнонимге айналған. Этнонимге айналған «монғол» атауының қытайлық транскрипциясы–«мэнъу» этнонимінің VIIIғ. шамасында «Тан шу» - да тіркелуіне байланысты монғолдардың тегін зерттеген зерттеушілердің бірі, Л.Л.Викторова, монғолдар – Бөртечиномен бірге Шығыс Монғолияға еріп келген түркілер мен жергілікті монғол, менің дәлелдеуім бойынша татар тілдес тайпалардың араласуынан VII-XII ғасырлар арасында пайда болған, деп есептейді. Бұл ғасырлар аралығында жалпы монғолдар емес, тек Үшөзендік, яғни орта ғасыр монғолдары ғана қалыптасқан, ал осы Үшөзендік монғолдардың тегі – көне монғолдар, б.д.д. II мыңжылдықтың соңғы ширегі мен I мыңжылдықта Ордоста пайда болып, қытай тарихына «Хунну», европа тарихына «гун» дейтін атаулармен енген (Сюньюй мен Хунну...).

Түркологияда, түркі тілдері дамуының хун дәуірі дейтін кезең бар. Бұл кезеңдегі хундардың қай тілде сөйлегендігі, түркологияда әлі шешімін таппай келе жатқан мәселе екендігі белгілі. Мен, қытай тарихына «Хунну» болып тіркелген тайпаның, яғни көне монғолдардың тілі – түркі тілдері дамуының хун дәуіріндегі баба (праязык) түркі тілі, ал көне монғол- хундарды, алғашқы түркілер, деп есептеймін және бұл пікірімді толық дәлелдеп бере аламын. Көне монғол-хундардың Ергене Қоннан шыққан ұрпақтары, 630 ж. Бортечиноның бастауымен Шығыс Монғолияға ауып кеткендіктен олардың тілі, түркілер арасына кең таралмай, түркі тілдері қалаптасуының шеңберінен шет қалып, оқшауланды. Осы себепті, баба түркі-хун тілінің орнын б.д. VII ғ. бастап тугю-ашина, көк түрік-ашидэ тайпаларының және ұйғырлардың тілі басып, хун тілін, жалпы түркілік баба тіл ретінде дамытпай тастады. Осыдан барып лексикасында 60 мың түркі сөздері мен атаулары бар монғол тілі пайда болған.

Т

үркі тілдес халықтардың, әсіресе қазақтардың скифтанушылары мен түркітанушылары және тарихшылары арасында, ерте темір дәуірінде Евразия далаларын мекендеген сақтарды, түркілер, деп есептейтін пікір қалыптасқан. Қазақ тіліндегі «сақ», басқа тілдегі «сак» атауы, о баста «асак» болып айтылған. Асак атауы, б.д.д I мыңжылдықтағы парсы тілінде бастапқы а дыбысы түсіріле сак-сака болып айтылып, Бехистун және Персеполь сына жазбалары арқылы бізге жеткен. Архетип «асак» атауына л эпентезасының сына дыбыс болып қыстырылуынан аслак атауы пайда болған. Аслак атауы, л-д-т сәйкестігі бойынша астак болып айтылған. Ал астак, с-ц және а-е сәйкестіктері бойынша ацтек болып өзгерген. Осыдан барып Енисей естектері, орысша остяктары мен Солтүстік Американың абориген тайпалары бірінің ацтек атаулары пайда болған. Асак-сак жинақтауыш атауы мен естек-ацтек этнонимінің этимологиясына жасалған талдаудан көрініп тұрғанындай Енисей естектері мен ацтектер, алғашқы сақтар. Бұл сақтар, жоғарғы палеолиттің соңына қарай Оңтүстік Сібірде қалыптасқан. Бұл туралы мен, жоғарыда аталған диссертациямда дәлелді аргументтер мен фактілерді келтіре отырып жазғанмын. Енисей естектері мен ацтектердің ерте темір дәуіріндегі сақтардан айырмашылығы – бұлар көшпелі мал шаруашылығымен емес, әр түрлі шаруашылықпен айналысқан. Ацтектер мен Енисей естектерінің тілдерінде түркі тілінің элементтері болғанымен олардың түркі тілінде сөйлемегендігі белгілі. Олай болса, ерте темір дәуіріндегі сақтар да түркі тілінде сөйлемеген. Алғашқы сақтардың да, кейінгі сақтардың да тілдерінде бірнеше тілдердің, соның ішінде түркі тілінің элементтері болған, яғни олар, көп тілді-полиглоттар болған. Сақтардың полиглоттар болғандығына жоғарыда аталған зерттеуімде дәлелдер келтіргенмін, осы себепті, сақтардың тегі мен тілі туралы аргументацияны бұл мақалада келтірмеймін.

О

ртағасыр монғолдары­ның тегі, көне монғол-хун­дар екендігіне және олар­дың алғашқы түркілер болғандығына дәлердер келтіру арқылы сақтардың түркілер болмағандығын не үшін жазып отырмын? Бұл тақырыпқа мақала жазуымның себебі, Шыңғысхан туралы жоғарыда аталған тарихи драма 2007 жылдың күзінде телеарналардан көрсетіліп бітпей жатып «Қазақстан» телеарнасының «көкпар» атты пікірсайыс бағдарламасында әл-Фараби атындағы қазақ ұлт­тық университетінің оқытушысы, монғолдарды – ішкі киімін жууды білмейтін, жеке бастың гигиенасын сақтауды білмейтін, қытайлардың соғыс өнері мен техникасын пайдалану арқылы өркениетті елдерге шабуыл жасаған, дамымай артта қалған жабайы халық ретінде сипаттай келіп, оларды – келемеж ете, күлкі нысанына айналдырды. Егерде бұл оқытушы, өзі келемеж ете күлкі нысанына айналдырған монғолдардың алғашқы түркілер, яғни түркі халықтары ата- бабаларының бірі екендігін білгенде, онда оның мұндай әдепсіздік пен мәдениетсіздікке баруы екі талай болып қалар еді. Бірақ, бұл оқытушының монғолдардың түркілер екендігін білмегендігі, оның монғолдарға қатысты білдірген әдепсіздігі мен мәдениетсіздігін ақтай алмайды. Монғолдар, тіпті түркілер болмағанның өзінде оларды, мәдениетсіз жабайы халық ретінде дүйім бір телеаудитория алдында кемсіте келемеждей күлкі нысанына айналдыру – оқыған, зиялы, мәдениетті адам баратын іс-әрекет емес. Мұндай іс-әрекетке көбінесе нәсілшіл немесе ұлтшыл-шовинистер және антропогенез бен этногенез мәселелерімен айналыспаған, талдау қабілеті орташа немесе төменгі деңгейдегі дилетанттар ғана барады. Сөз бостандығы мен пікір плюрализмін пайдалана шешуге ой-өрісі, қабылеті, білімі жетпейтін күрделі философиялық, тарихи, саяси-әлеуметтік мәселеге ұрынып, бұл мәселе туралы дәлелденбеген пікірлер мен болжамдарға сүйене жауапсыздықпен ойына келгенді айта беруге болмайды.

Монғолдар туралы мәдениет­тсіздікке барған, бұл оқытушы, мұндай әдепсіздікке бармаған болар еді, егерде қоғамда Шыңғысхан мен Монғол шапқыншылығы туралы жағымсыз пікір мен ауан қалаптаспаса. Жағымсыз пікір мен ауанды қалыптастырушылардың көш басында ақын ағамыз Мұхтар Шаханов пен дінтанушы ғалым Мұртаза Бұлытайдың тұрғандығы белгілі. Әлгі оқытушы, Шыңғысхан мен монғолдарды келемеждей ғайбаттауға, осы ауанға сүйену арқылы барған.

Ресейдің шовинист және еуропацентрист ғалымдарының Шыңғысханды – баққұмар, қанішер, жауыз, өзімшіл озбыр билеуші бейнесінде беруіне байланысты XX ғасырдағы кеңес, соның ішінде қазақ қоғамында Шыңғысханды осындай бейнеде қабылдайтын жағымсыз таптаурын болған жаттанды көзқарас-стереотип қалыптасқан. Осы стереотип, Мұқтар Шаханов ағамызда да бар.

Стереотип те дерт сияқты одан оңайдан-оңай арыла алмайсың. Ал егер тегің монғолдан жеңілген қыпшақ болса, онда бұл стереотиптен арылу, оңай болмайды. Дегенменде монғолдардың алғашқы түркілер екендігі анықталып, Шыңғысханның прогреске серпін берген құбылыс екендігі дәлелденген соң бұл стереотиптен арылу, оншалықты қиын болмайтындығына сенгім келеді. Егерде бұрыңғы кеңес азаматтарында қалыптасқан бұл стереотиптен арылу мүмкін болса, ал М.Бұлытай сияқты ислам әлемінен Қазақстанға қоныс аударып келген азаматтарда қалыптасқан Шыңғысхан мен Монғол шапқыншылығы туралы стереотиптен арылу, мүмкін болмай ма, деп қауіптенемін. Мұндай пікір білдіруімнің себебі, М.Бұлытай – ислам дінін уағыздайтын дінтанушы, ал қандай да бір монотейстік дін, кеңістіктегі құбылыстардың, атап айтқанда табиғаттың, адам қоғамы мен ойлаудың және Шыңғысхан секілді құбылыстың пайда болуын диалектикалық тұрғыда түсіндірмей бір жаратушы оларды, солай жаратқан деп түсіндіреді, яғни Бұлытай сияқты дінді уағыздайтын дінтанушыларды, жоғарыдағы стереотиптен арылту, өте қиын. М.Бұлытай, жоғарыда аталған телеарнаның бір бағдарламасында немесе хабарында Шыңғысханды – Ұлы қолбасшы, тарихи тұлға, адам, деп атауға келмейтін, Орта Азия халықтарын қырған қанішер, жауыз, деп айыптады. Өзінің Шыңғысхан туралы осындай пікірін, Бұлытай, Шыңғысхан – адамдарды қырған жауыз болғандықтан оны, Ұлы деп атауға болмайды дейтін аргументация келтіру арқылы дәлелдеуге тырысты. Оның бұл аргументациясы дәлелді болар еді, егерде Шыңғысхан, гуманистік қозғалыс қанат жая пайда болған Қайта өрлеу-Ренессанс дәуірінде өмір сүре адамдарды қырған болса. Бірақ Шыңғысхан, XII ғ. екінші жартысы мен XIII ғ. бірінші жартысында өмір сүрді ғой. Ал бұл ғасырларда гуманизм, яғни адамға деген мейірімділік, аяушылық, сүйіспеншілік әлі пайда бола қоймаған болатын. Бұл ғасырларда, аристократ феодалдардың өздерінің қарамағындағы бағынышты адамдарға өздерімен тең құқылы адамдар ретінде емес, малайлыққа, кіріптарлыққа жаралған жан иесі ретінде қарайтын, осы себепті, адамға деген аяушылықты білмейтін қатыгез ортағасырлық феодалдық идеология үстем болып тұрды. Осы себепті, Шыңғысхан бастаған монғолдардың Қытай мен Орта Азияға жасаған шапқыншылығын, ренессанс дәуірінен кейінгі гуманизм идеясы кең қанат жайған дәуір тұрғысынан емес, ортағасырлық қатыгез феодалдық идеология тұрғысынан қарастырып бағалау керек, яғни бұл мәселені шешуге диалектикалық тұрғыдан келу керек.

Егерде Шыңғысхан мен оның шапқыншылығын, ортағасырлық қатыгез феодалдық идеология тұрғысынан қарастыра бағалап пікір білдірер болсақ, онда ол, жауыз болмай шығады. Себебі ол, адамға деген аяушылықты білмейтін мейірімсіз қатыгез дәуірде өмір сүрді, осы себепті, қатыгез болды. Сонда Шыңғысхан әскерінің Солтүстік Қытай мен Орта Азиядағы адамдарды қырғынға ұшыратуына кінәлі – Шыңғысхан емес, ол өмір сүрген қатыгез дәуір кінәлі болып шығады. Басқаша айтқанда қатыгез дәуір, қатыгез қолбасшыны, жиһангерді дүниеге әкелген. Шыңғысхан шапқыншылығында орын алған қатыгездіктің диалектикасына жасалған талдаудан көрініп тұрғанындай Шыңғысхан – жауыз емес, Ренессанс дәуіріне дейінгі ортағасырлық қатыгез дәуірдің қатыгез адамы. Бұл талдау, диалектикалық әдісті қолдану арқылы қандай да бір құбылыстың, тарихи процесс пен оқиғаның диалектикасын ашпай тұрып, яғни мәселені диалектикалық тұрғыда шешпей тұрып құбылыстың табиғатын анықтау, тарихи процесс пен оқиғаны қатесіз дұрыс бағалап, бұл мәселе бойынша әділ пікір білдіру мүмкін емес екендігін дәлелдеп тұр. Осы дәлелдеуге сүйене отырып, табиғаттың және адам қоғамы мен ойлаудың дамуына қатысты қандай да бір мәселені шешуге диалектикалық тұрғыдан келу керек, яғни ғылыми зерттеуші, диалектик болуы керек дейтін қорытынды жасай аламын.

Бұлытай, Шыңғысхан шапқыншылығында орын алған қатыгездіктің диалектикасын ашуға тырыспаған, яғни бұл мәселені шешуге диалектикалық тұрғыда келмеген, ол, жоғарыда аталған стереотиптің шырмауында қалып, араб тарихнамасындағы Шыңғысхан мен Монғол шапқыншылығы туралы қаралау бағытында жазылған біржақты, тенденциялы жағымсыз пікірге сүйене Шыңғысханды, жауыз бейнесінде бере қателесіп жүр. Бұлытайдың Шыңғысхан шапқыншылығында орын алған қатыгездіктің диалектикасын ашуға тырыспауының себебі, ол – дінді уағыздайтын дінтанушы. Ал, қандай да бір монотейстік дін – құбылыстарды, процестерді, оқиғаларды диалектикалық әдіспен зерттемейді, себебі, монотейстік дін – құбылыстарды, процесстерді, оқиғаларды, бір жаратушының қалауымен болып жатқан іс-әрекет, деп түсіндіреді, осы себепті бұл құбылыстарды, процестерді, оқиғаларды зерттеп талдамау керек, жаратушының қалауымен болып жатқан іс-әрекет ретінде мойынсұна қабылдау керек, деп уағыздайды, яғни дін, диалектика ғылымын мойындамайды, диалектиканы – ғылыми танымның бір әдісі ретінде қолданбайды. Дін, диалектика ғылымын мойындап ғылыми зерттеулерде диалектика әдісін қолданбайтындықтан дінтанушы Бұлытай, табиғаттың және адам қоғамы мен ойлаудың дамуымен байланысты күрделі мәселелерді шеше алмайды дейтін пікір білдіре аламын. Осы пікірге сүйене отырып Бұлытай, алғашқы түркілер болып табылатын көне монғол-хундардың ұрпағы – Үшөзендік монғолдар мен Шыңғысхан секілді құбылыстың табиғатын аша бұл күрделі мәселені шеше алмайды, тек түркілер ата-бабалары бірінің арасынан шыққан әлемдік деңгейдегі тарихи тұлғаны қаралайды, осы себепті ол, Шыңғысхан шапқыншылығы мәселесін жайына қалдырып, дін төңірегіндегі мәселелермен айналысқаны жөн, деп есептеймін.

Шыңғысханның адами болмысы мен саяси портреті және ол жүргізген соғыстардың себептері, қытай мен басқа да тарихтар негізінде объективті түрдегі пікір білдірілу арқылы әділ бағалана жасалған жоғарыдағы аталмыш тарихи драмадан белгілі. Шыңғысхан туралы тарихи драмада берілген объективті пікір мен әділ бағалауға сүйене отырып, Шыңғысхан мен ол құрған империяның прогресске серпін бергендігін адамзат қоғамы тарихи даму процессінің феодалдық сатыдан капиталистік сатыға өту кезеңіне қысқаша талдау жасау арқылы дәлелдеуге тырысамын. Қазақ халқының этногенезін анықтау барысында Еуразия кеңістігіндегі этногенетикалық процестердің даму динамикасын анықтадым. Ортағасырлар мен Ренессанс дәуірлерінің тарихы мен философиясына талдау жасау және Евразия кеңістігіндегі этностардың этногенезін анықтау нәтижесінде мен, Шыңғысхан мен ол құрған империя, прогреске серпін бере Қайта өрлеу дәуіріне жол ашып бергендігін және аталмыш кеңістіктегі ортағасырлық этногенетикалық процестерді жеделдеткендігін анықтадым.

(Жалғасы келесі санда)

Панзарбек ӨМІРӘЛІ