Астана халқы 62 пайызға өсті
2014 ж. 16 маусым
3658
0
Соңғы он жылда Астана қаласындағы халық саны 62 пайызға артып, 825,4 мың адамды құрады. Бұл туралы бүгiн ҚР Статистика агенттiгiнiң төрағасы Әлихан Смайылов мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«2014 жылдың 1 сәуiрiндегi мәлiметке сәйкес, Астана қаласында тiркелген тұрақты халықтың саны – 825,4 мың адам. Оның iшiнде ер азаматтар – 398 мыңды құраса, әйелдердiң саны – 426 мың. Немесе 100 әйелге 93 ер азаматтан келедi», - дедi Ә.Смайылов.
Оның айтуынша, 10 жылдың iшiнде Астана қаласында тұрақты тұратындардың саны 62 пайызға артқан.
«2004 жылдың 1 қаңтарында Астана қаласы тұрғындарының саны 510 мың адамды құраған едi. Халық саны әлi де өсуде», - деп толықтырды агенттiк төрағасы.