Ермак атауының шығу тарихы жайлы не білеміз?

9
4186

Ермак атауы қалай қойылды? Дәулетбай Молдабайтегінің Ақсу қалалық «Ақжол» газетінің 1992 жылғы, 28 қаңтардағы №4 санында жарияланған мақаласына үңілсек, біраз жайға қанығамыз.
Кеңес билігінің басшылығына Н.С.Хрущев келген тұста құра­мында Молотов, Каганович, Шепилов, Маленков бар антипар­тиялық топ әшкерленіп, бұлардың атындағы жер-су, елді мекен атауларын өзгерту жөніндегі мәселе күн тәртібіне қойылған. Соған сәйкес 1957 жылдың 5 ақпанында Каганович ауданының бірінші хатшысы Сәрсенов Қамза бастаған ау­дандық партактив жиналысында СОКП Орталық Комитетінің төтенше пленумының шешімі оқылып, обком өкілінің сөзі тыңдалды. Бұдан соң Каганович ауданының атауын Ермак ауданына өзгерту мәселесі қаралған.

Құркөл ауылы МТС-інің меңгерушісі Оспанбеков Тегін­бай бар-жоқты жасырмай, тура шындықты айтатын, сөзге шешен, ұстарының жүзіндей өткір жігіт болатын. Бір кезде мінбеге көтеріліп, былай деген: «Ермактың тарихтан алар еш орны жоқ. Жер-су, елдімекеннің заңды тарихи атаулары болады. Сол заңдылық сақтаулы керек. Кейбіреулер айтып жүргендей бұл ара «Қызыл шырпы» емес. Осы алтыншы ауыл мен «Қызыл құрамаға» дейінгі Ақсу бойында жағалай үйеңкі, терек, талмен қатар тобылғы түстес шілік өседі. Сол себепті бұл жерді бұрын «Қызыл шілік» атаған. Ал шырпы сөзіне келсек, оның екі мағынасы бар. Біріншісі – тамызық ретінде отқа жағылатын ағаштың түрі. Жеке өзі отын болып жарытпайды. Екіншісі – сіріңкенің шиі. Бұнымен от тұтатылады. Екеуі де ізсіз жоғалып кетеді. Ал ізсіз кететін нәрсемен қазақ ешқашан жерін атамайды. Ендеше, бұл жердің нақты атауы – «Қызыл шілік», соны қайтаруымыз керек!».
Іле «Ермак» пен «Қызыл шілік» атаулары дауысқа са­лынған. Бірақ атаманның аты озып, аудан «Ермак» аталып, аудан орталығы «Ермак» селосы болды, бұл мекен 1961 жылы қала мәртебесін иеленді. Ал Тегінбай «ұлтшыл» атанып, көп ұзамай, шамасы жарты жылға жетпей ауданнан аластатылды.
…Бұрынғы Ермак ауданының әкімі Қуат Есімханов «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Ермак ескерткішін қалай алдық?» атты көлемді мақаласында атаман Ермактың қанды жорығының қартасы арқылы оның осы өңірде болмағанын дәлелдеп бергенін жазады. Бұған қосып айтарым, әлгі жорықтың қартасын жеке адамның мұражайынан тауып, Ақсудың өлкетану мұражайына табыс еткен мен едім. Карта өткен ғасырдың бел ортасында МҚК-нің (КГБ) баспаханасында басылып шыққан. Онда 1582 жылы жорығын бастаған атаман Ермактың 1585 жылы, тамыз айының 6-сына қараған түні суға кеткен жері тайға таңба басқандай көрсетілген.
Ал тұғырында «Покорителю Сибири от благородных потомков» деп жазылған Ермак ескерткішін орнату жөніндегі қаулыны мұрағаттардан іздеге­німмен, таба алмадым. Сірә, еш құжатсыз орнатылса керек. Ол кезде заң да, заман да басқа еді ғой.
Бірақ ескерткішті алу туралы қаулы шығарылғаны анық. Ол құжатта былай делінген:
«Учитывая сложившуюся ситуацию, которая обострилась вокруг скульптуры Ермака, а также исходя из неудовлетворительного технического состояния скульптуры, согласно протоколу заседания экспертного совета Павлодарской областной организации союза художников Казахстана от 17.10.1991 г. решили:
1.Демонтировать скульптуру Ермака. (Вторым пунктом названы организации, которым поручалось выполнить операцию)
2.Для обеспечения бесперебойной работы городского транспорта в рабочее время и безопасности ведения работ демонтаж скульптуры произвести в ночь с 12 на 13 марта 1992.
Глава Ермаковской городской администрации
В.И. Шокарев
Председатель исполкома горсовета д/трудящихся
А.У. Мендібеков»
Міне, осылайша, Ермак қаласы мен ауданы басшылары: Владимир Шокарев, Қуат Есімханов, қалалық, аудандық маслихат хатшылары: Амангелді Мендібеков пен Мәдениет Омарғалиевтің бірлескен батыл шешімі арқасында Ермактың ескерткіші алынды.
Ұлты орыс бола тұра, атаман­ның тас тұлғасына тасбауырлық та­нытқан В.И. Шокарев деген кім? Владимир Ильич Шокарев Жамбыл облысының Шу қаласында, жұмысшы отбасында туған. Білімі жоғары. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Ақсу темір-бетон бұйымдары заводы директорының орынбасары, Ақсу қаласының әкімі болып істеген. Кейін Қазақстан Республикасы Президентінің Павлодар облысындағы өкілі, 1995 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты, Парламент мәжілісінің экономика, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі болған.
Атаманның мүсіні алынатын кезде қоғамдық тәртіпті бақылау Ермак қалалық ішкі іскер басқармасының бастығы Темір Жамековке тапсырылды. Ол 1980 жылы Мәскеу олимпиадасында қоғамдық тәртіптің сақталуына қатысқан қазақстандық милиция тобы құрамында болған, бұларды жергілікті басбұзарлар «панфиловшылар» атаған екен. Милиция полковнигі Темір Хамитұлы Жамеков отыз жыл ішкі іскер қызметінде еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. Қазіргі кезде Кереку қаласында тұрады, жұбайы Салимамен бірге немерелерінің қызығын көруде.
«Ақжолдың» тұңғыш редакторы Қайыр Бәйтенұлы Жүнісқали сол газеттің бірінші санынан бастап ұлт намысын оятуға, тарихи әділдікті орнатуға аянбай жұмыс істеді. Бірден «Ермак» атына ауыз салды.
Ал Ермак атауы мен мүсінінің алынуына ықпал еткен қоғамдық күштер арасында «Қазақ тілі» қоғамы, «Азат», «Аттан», «Невада-Семей» қозғалыстарының белсенділері айтарлықтай рөл атқарды. «Сол жылы жиделер көп гүлдеді» – демекші, сол кезеңде халық арасынан ұлтжанды азаматтар көп шықты.
Елім деп, еңіреп туған Светлана Қабидоллақызы Қонды­керованы Ақсу өңірінің қаһар­маны десем, артық айтқандық емес. Қазір ол «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымның басқар­ма мүшесі, республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысының Пав­лодар облысы бойынша үйлестірушісі.
Қабдырахман Бәйкенұлы Сейілғазин 1998-2004 жылдары қала әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің бастығы болып қызмет істеді, 2004-2005 жылдары «Нұр Отан» партиясы Ақсу қалалық филиалы хатшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының және «Ұлт тағдыры» республикалық қозғалысының Ақсу қалалық ұйымының мүшесі, қоғам белсендісі Нәбиев Қанатбек Құрманғалиұлы 1990 жылдары «Аттан, Қазақстан!» республикалық қозғалысының Ермак (Ақсу) қалалық-аудандық ұйымның басшысы болды.
Әйтенов Төлеубек Әйтенұлы 1990 жылы «Азат» қозғалысының Ақсу қалалық ұйымының төрағалығына сайланды. Өзі еңбек ететін ферроқорытпа заводында 20 жыл бойы «Қазақ тілі» қоғамының бастауыш ұйымын басқаруда. Елбасы алғыс хатының иегері, 2011 жылы оған «Қазхром» ТНК АҚ еңбек сіңірген қызметкері атағы берілді.
1990-1994 жылдары Светлана Қондыкерова бастаған жергілікті ұлтшыл азаматтармен қатар «Азат» азаматтық қозғалысының облыстық ұйымының төрайымы Бикеш Орханқызы Дүрманова, белсенділері Мейрам мен Мақсұт Қалиевтер, Қаматай Батталов т.б. Ермак қаласындағы Ермакка қойылған ескерткіштің алынуына, қаланың атын «Ақсу» деп ауыстыруға зор ықпал етті. Б.О. Дүрманова 1991 жылдың қыркүйегінде Орал қаласында казактардың Ресей патшасына қызмет еткеніне 400 жыл толуын салтанатты мереке ретінде атап өту шарасына тосқауыл қойған қоғамдық күштерге керекулік ұлтшылдарды бастап барып, қолдау көрсеткен еді.
…Тәуелсіз ел болу бақытына қол жеткізбес бұрын халқымыз талай қан мен тер төгіп, қаншама қажыр-қуатын сарп етті. Ендігі басты мақсат – осы бақ құсындай еркіндігіміз бен егемендігімізді ұзағынан баянды ету. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған мемлекетшіл азаматтар аса айтулы істер тындырды. Бұл шақта қазақ елі төрткүл дүниеге танылды. Егеменді елдің іргесін нығайтуға қатысты біраз шаруаның шеті қайырылды.
Әйтсе де, басқаны құдайдай сыйлайтын қазақ өзіне келгенде тым ынжыр-ақ. Өзін-өзі сыйламаушылық пен патриоттық сезімнің жетіспеуі – біздің елеулі кемшілігіміз. Ешқандай жаңсақтығы жоқ, халқымыздың біраз бөлігі басқа жұртқа қаншалықты еліктегіш болса, өзін-өзі бағалай білуге келгенде соншалықты тартыншақ. Қазақ жарықтықтың өзімен бірге көрге түсетін дерттерінің бірі – көре алмаушылық сияқты…
Ұлт тарихын білмеген адамнан бәлендей жақсылық күтуге болмайды. Өкініштісі, бүгінгі күні елінің тарихын, өзінің тегін білмейтін ұрпақтың жаңа легі өсіп келеді. «Ең қорқыныштысы, ұлт тарихын білмейтін адам Отанын да сыйламайтын болады» – дейді Мырзатай Жолдасбеков ағамыз.
Ақсу қаласындағы ашық аспан астындағы мұражайдың естелік тақтасына жоғарыда аты аталған ұлт жанашырларының есімдерін, ерліктерін тайға таңба басқандай қылып неге жазып қоймасқа! Бұл – сіз бен біздің тарихымыз. Кешегі ерлік – бүгінгі тарих, оны жазбасақ, тарих бізді кешпейді.
Өкінішке қарай, Ресей империясының қандыбалақ ата­маны Ермактың тас тұлға­сы­ның тас талқанын шығарған революциялық рухтағы жастардың ерлігі бүгін қайталанбауда. Павлодар атауы мен сол қаладағы Ермак көшесінің мұрты сынбай тұрғаны осының айғағы.

Қайыр ЖҰМАЖАНОВ,
ҚР Ішкі істер қызметінің ардагері, ҚР Ішкі істеріне еңбегі сіңген қызметкері
Ақсу қаласы

9 ПІКІРЛЕР

  1. ol ermak bizdin batir babalarmzben salstrhanda jay karakwi kuyrwk edi.odan tulha jasahandarda kuyrwktar’jetesiz byliktin jelkesine minip alp. tektimz vwti’ tegeurinmz kaytti’ bir jaksiha zar boldk’ urhin eldin kvterer.elmzde jerimzde jilap jur.uatar ul tuarma!!!!.

  2. Қайыр Жұмажановқа көп рахмет!Бір кісінің есінде барлығы болу мүмкін емес. Сондықтан мен біраз толықтыру енгізгім келеді. Ескерткішті алуға қатысуға Алматыдан ҚАҚ «Азат» төрағасының орынбасары Жасарал Қуанышәлин барды. Оған сол жолы суық тиіп, Алматыға келгесін үш ай ауырып жүрді.
    Сондықтан Ермактың атын ауыстыруға мені жіберді. Мен ол кезде «Азаттың» Ресей бөлімін құруды басқарып жүргенмін. Горисполкомда жеті ғана қазақ болды да қаланың екінші сессиясы қызу таласпен өтті. Қалмұқан Исабаевқа сөз бергенде, ол қаланың аты «Потанин» болсын деді. Мен оны қатты сыйлайтын болғасын, ондайды күтпеген ем. Потаниннің тегі орыс казагі болсада, Шоқан Уәлиқановтың досы болған,ол өлгесін бес томдық жинағын жинап шығарған. Потаниннің атын алу өте қиынға соғар еді. Маған сөз бергенде, мен былай дедім: «Шығыста, мұсылманда өте озық дәстүр болды: сол қаладан шыққандар өз атын ататпай сол қаланың атымен жүрді – әл-Фараби,әл-Самарқанди, т.б. Ал сіздердің айтып тұрғандарыңыз Еуропа мәдениеті мен дінінен келген. Олар тіпті ушыққанда адамды адам деп санамаған. Хайуанға теңеген». Константинопольді мысалға келтірдім. «Қызыл шілік» атауын қайтару керек». …. Айтылған пікірлер келтірілмеседе, ақпарат «Егеменді Қазақстанда» шықты.
    Ғиззат Досжанов,кезінде ҚАҚ «Азат» пен «Алаш» партиясын ұйымдастыруға қатысқан белсенділердің біреуі.

  3. Жерлес, ризамыз сізге! Ал Е.Арынға келсек, ол жорналшыларға бірінші берге сұхбатында айттығой, қобалжымаңдар, павлодар атын ауыстырмаймын деп. Кейіннен жергілікті казактардың атаманы болды…

  4. ҚР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ! ҒАРЫШТЫ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫН ҚҰРЫП ҚАЙТЫС БОЛҒАНЫНА ДЕЙ!Н ӨЗ!БАСҚАРҒАН АТОМ РЕАКТОРЛАРЫНДА ЖҮРЕТ!Н ПРОЦЕССТЕР БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГ!ЗГЕН ҚАЗАҚ ҒАРЫШКЕРЛЕР!Н!Ң ҒАРЫШТА ЖҮРГ!ЗГЕН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖОБАСЫ МЕН ЖОСПАРЫН ЖАСАП ПРЕЗИДЕНТКЕ ҒАРЫШТЫ ИГЕРУ ҚАЖЕТТ!Г!Н ДӘЛЕЛДЕГЕН ӘЛЕМН!Ң НЕ Б!Р АТАҚ ДАҢҚТАРЫНА ОРДЕН МЕДАЛЬДАРЫНА ҚОЛ ЖЕТК!ЗГЕН АСҚАР ТҰЛҒА

  5. Петропавлға Абылай хан Астанаға Аттылы қазақтың намысын аяққа таптайтын Курчатовқа академик Сұлтанғазин ес!мдер!н берген!м!з дұрыс Себеб!\Петропавлда Абылайдың хан ставкасы болғанын б!лем!з Ол жерде қаз!р Абылай хан мұражайы ашылған Ал Астананы өзгертуге себеп ол Астана парсыша табалдырық деген сөз Қазақстанның бас қаласын табалдырық деп атау мүлде дұрыс емес Ек!нш!ден Қазақстанның астанасы Астана деген сөз т!ркестер! балалар жаңылтпашына ұқсайды Аттылы Аттиланы бүк!л әлем б!лед! Аттылы деп қойсақ шет елд!к қонақтар сонда қазақтардың к!мн!ң ұрпақтары екен!Н Б!РДЕН Б!ЛЕД! аКАДЕМИК ӨМ!РЗАҚ СҰЛТАНҒАЗИН АТАҚТЫ МАТЕМАТИК

  6. Еракты құлаттық, Павелге берген «сыйымызды» қашан қайтарамыз? Павлодарды Ерлан Арын ауыстыра алмады. Бозымбаев келді, таңымыз қалай атар екен? Бозарып ата ма әлде аспан бұлттанып жата ма?

  7. Қазақ еліндегі кезінде не бір атауларға ие болған көше, ауыл, село, қала, жерлеріміз өте көп. тарих бәрін орнына қоюда, кенес заманында орыстың үстемдігінің арқасында басқаның сасығы бізге асыл боғандай орыс, шүршіт, қытай, кәріс, әйтеуір қазаққа бәрі жанын беріп, маңдай терін төккендей атауларға ие болғаны анық. енді тәуелсіздігіміздің 22 жылы өтсе де тарихи жер-су атаударын өзгерте алмай келеміз, кім кінәлі? Заң жүзінде ғылми тұжырымдарға сүйене отырып атауларды беретін ономастикалық комитет жұмыс жасайды, Үкімет бекітеді. Ал бүгін не бір ру батыры, не қалталы азаматтардың ағайыны есімдері мешіт, көше атауларына ие болуда, бірақ олардың заңды құқықтары жоқ. заңмен бекітілмеген.Осылай десек те аннан-мұннан қашқандардың атымен аталғанша сол өз қазағымның атымен аталғаны да дұрыс шығар. Бұлай дейтін себебіміз біздің Қостанай облысында киевскиий, диевский, тіптен жергілікті халық кім екенін білмейтін көшелерді иемденген бөтен жұрт атаулары көп, әсіресе Рудный қаласында, ал енді ел ордамыз Астананың өзінде не бір көше атауын кімнің атында екенін білмейміз. Ермактың атын Қонаевқа қимаған қазақ, Петропавлды Абылайдай атамызға қимай жатыр. Елдігіміз кімге керек, кімге сын? Қазақты атуға «лимит» сұраған Мирзоянның атын Алматы қимай ұстап отырғанда орыс халқы көп орналасқан Қостанай, СҚ, БҚ облыстарындағы атауларды өзгерту одан да қиын болып тұр. Еститініміз қаржы мәселесі. Жылда Астанада той өткізгенше сол ақшаны елдігімізді , қазақ екенімізді білдіретін есім-атауларға өзгертуге жұмсаса еңсеміз көтеріліп, рухым биіктер еді. Ал орекеңдердікі құр байбалам ғой, ешкім оларды қысып жатқан жоқ, құр даурығып, сол қазақтан басым болу ойлары. Әйтпесе Семей бір ауыз сөзден кейін бір ақ күнде Семей болды ғой, негізі Н.Ә.Н көкемнің аузынан «болсын» деген сөз шығуын бір алладан тілейік!

  8. Қайыр мырза, Ермак ескерткішін құлатуға көп еңбек сіңірген қайраткерлердің бірі – жазушы Қалмұқан Исабаев. Сол кісімен хабарласқыңыз келсе, телефоны:292-51-63.Ал М.Жолдасбековты шашбауламау керек, ол «біткен іске сыншы көп, піскен асқа жеуші көптің» бірі, не нәрсеге болсын соңынан ақыл айтқыш «өнері» бар.Ұлт тарихы мен Отанды силауды қазекең ол тумай тұрып айтқан, үзінді керек болғанда Бауыржан Момышұлына (беріде) жүгіну керек еді. «ТанымТВ» сайтын қараңыз: «ғұлама тарихшы» М. Жолдасбековтің «Елтұтқа» деген есерлік кітабы арқылы ұлтты, руды қалай «силап» жүргенін білесіз. Ал «Қазақ әдебиеті» гәзеті қажылыққа барудан жалықпайтын алақұйын қажы Амантайды: Семей полигонын жапқан, Ермакты жойған, Орал казактарын қуған қаһарман етіп көрсетіпті «Аттан» деген жарнамасында, 27-желтоқсанда, және сол жарнаманы әдебиет гәзетінің меншікті байлығы етіп алған сияқты. Осындай сорақылықтар анық айтылуы керек.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз