Колбиннен қаймықпаған ректор

Колбиннен қаймықпаған ректор

Қазақстандықтар арасында патриотизм сезімін артыру тақырыбы, әсіресе, елдегі кейінгі өзгерістер жағдайында өте маңызды орын алатыны анық. Мұндайда өскелең ұрпаққа жеке өмірімен үлгі болған кейбір аға буын өкілдерінің тәжірибесіне сүйенбесе болмайтындай.

Былтыр жаз айында тоқсанға к е л г е н а у ы л ш а р у а ш ы л ы қ саласындағы білгір ғалым, қоғам қайраткері, Еңбек Қызыл және екі мәрте «Құрмет», сондай-ақ «Парасат» орденінің иегері Қалдыбек Сәбденов өмірден озған еді. Ғалыммен таныстығым 2019 жылдың орта тұсында басталған. Үйінде отырып, әңгіме дүкен құрған едік. Өмірден көргені мен түйгені көп екенін әңгімесінен байқаты. Институт бітірген соң Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданында бас дәрігер ретінде еңбек жолын бастап, 1968 жылға дейін әртүрлі басшылық қызмет істепті. Осыдан кейін ғылым жолына түсіпті. Ғылыми еңбегі қой шаруашылығын қарқынды д а м ы т у ғ а а р н а л ғ а н д ы қ т а н кандидаттық, докторлық диссертация қорғапты. Ғылымдағы және мал шаруашылығындағы жемісті еңбегін сол жылдары бағалай білген мемлекет қайраткері Асанбай Асқаров өзінің қарамыға шақырыпты. Мамандығы бойынша қызмет атқара жүріп, ғылыммен айналысыпты... 1 9 8 6 ж ы л д ы ң Ж е л т о қ с а н көтерілісі жөнінде әңгіме ел ішінде әлі бар. Сол бір тарихи оқиғаға қатысқан Алматы қаласының мыңдаған жастары арасында студенттердің де үлес салмағы басым болғаны мәлім. Әсіресе, сол кездегі Брежнев алаңына жақын орналасқан Ауыл шаруашылық иституты (СХИ) мен Зоотехникалық-малдәрігерлік иститутының (АЗВИ) шәкірттері де белсенді қатысқаны жөніндегі деректер аз емес. Сол жылдары Зоотехникалық-малдәрігелік иституттың ректоры болған Ауыл шарушылығы ғылымдарының докторы, профессор Қалдыбек Сәбденовпен жолыққандағы сонау әңгімемізді оқырман назарына ұсынғым келді. – Сіз 1983-1996 жылдар ара - лығында Зоотехникалық- малдәрігерлік институтына жетекшілік жасапсыз. Ренжімсеңіз, 1986 жылдың 16-17 желтоқсан күні қайда болғаныңызды айтпас па екенсіз? – Не ренжитіні бар. Желтоқсан айының 14-16 күндері кезекті еңбек демалысымды алып, Алматы санаторийінде демалып жүргенмін. Демалғаныма небәрі екі күн өткен-ді. Менімен қатар Семей обкомның бірінші хатшысы Сағидолла Құбашев та санаторийдің люкс корпусында демалып жатты. Ол кісімен бұрыннан таныстығым бар еді және қарым-қатынасымызда болды. 17-желтоқсан күні таңертең ем қабылдауға барғанымызда екеуміз кездесіп қалып, амандастық. Әңгімені Сәкең бастады: «Қалыбек, кеше Орталық Комитеттің Пленумы өтті. Димекең өз өтінішімен босады. Орнына Колбин деген біреуді сайладық. Пленум болардың алдында мен Димаш Ахметұлына кіріп шықтым. Ол кісі өзі өтініш бергендігін айтып, Қазақстан жігіттеріне ризамын деді. Құдай ғұмыр берсе, сендердің жақсы еңбектеріңнің нәтижесін көріп, әлі де бірге өмір сүреміз ғой деді. Мен Димекеңе бұдан кейін сенім көрсетіп өсіргеніне шын рақметімді айттым. Жалпы Димекеңнің көңіл-күйі жаман емес сияқты» деп жаңа хабарды жеткізді. Сағидолла Құбашұлының берген ақпараты маған біртүрлі әсер етті. Екеуіміз бұдан кейін ем алуға кеттік. Палатаға сағат 11-лер шамасында келсем телефон безектеп жатыр. Қоңырау соққан проректор М.В.Хван екен. Амандықтан соң ол қобалжығанын жасыра алмай, асығып-үсігіп, үлкен алаңға студент жастар жиналғанын, оның ішінде біздің институттың студенттері де бар екенін айтты. Республика мен қала басшылары институттарға қоңырау соғып, шара қолданыңдар деп жатқанын хабарлады. Жағдайдың қиын болғанын естіп, түстен кейін институтқа бірден келдім. Институттың проректорлары мен декандарын, партия, комсомол, кәсіподақ ж е т е к ш і л е р і н ж ә н е б е л с е н д і студенттерді жиып, жағдаймен таныстым. Студенттердің қауіпсіздігі және бір нәрсеге ұрынып қалмау керектігін ұжымға қадап айттым. 17- желтоқсан күні таңертең біздің институттың студенттерінің 70-80 пайызы сабаққа келіпті. Оқиғаны осында келгенде бірінен-бірі естіп, көбісі алаңдағы жиын не екен, не істеп жатыр деген жастық сезіммен барған көрінеді. Бірақ сағат 10-11-лерде алаңға Ішкі істер министрлігінің қарауындағы милиция қызметкерлері мен жауынгерлері қоршап алғандығы туралы әңгіме айтылды. Сырттан алаңға адам кіргізбей қойыпты. Біздің студенттер алаң айналасында жиылған халықпен араласып жүрген. Бірі қоршалған алаң да болса, бірі сыртта жүрген. Олардың көбі алаңдағы жағдайды көріп, жатақханаға, кейбіреулері кесте бойынша сабағына оралған. Біздің басқосу жиынымыздағы алаңда болып жатқан жағдайды ескеріп, олардың бір нәрсеге ұрынып қалмауына және қауіпсіздігіне мән беруді ойластырдық. Оқу корпусынан тысқара тұратын студентерді жатақханаға жиып, түнімен үгітнасихат жұмыстарын жүргіздік. Негізгі мақсатымыз студенттерімізді қауіпке ұрындырмау, әскери күштің таяғынан қорғау, жағдайды түсіндіру еді. Сол күні түстен кейін Алматыға шеттен Ресей, Украинадан біраз қарулы қол алып келіп, САВО-ның зеңбірек-танкілерімен алаңды, Орталық Комитетті, Үкімет үйін қоршап, қорғауға алыпты. Кешке қарай сол әскери күш біздің институтты қоршап, барлық жатақхана, оқу-лабораториялық корпустарды тінтіп «жауды» оның «қару-жарағын» іздеуге кірісті. Олар менің ректор екенімді және партия хатшысымын дегендерге пысқырып қараған да жоқ. Біздің бәрімізді «жау» деп білген сыңаймен күшке салды. Бірақ еш жерден ештеңе таба таба алмай, түннің бір уағына дейін бізді әбігерге салды. Бұдан кейін әр жерге күзет қойды да өздері кетті. Көп кешікпей институт, мекеме басшыларын партия активіне шақырды. Институттан мен және партия ұйымының жетекшісі Е. Есентаев екеуміз бардық. Партактив түнгі сағат 2-3-терде облыстық партия саяси үйінде (Құрманғазы мен Ленин (қазіргі Достық даңғылы) көшесінің қиылысында) өтті. Оған жаңадан сайланған ОК бірінші хатшысы Г.Колбин, СОКП ОК бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары Разумов, саяси бюроның мүшесі Соломенцев, Орталық Комитеттің хатшылары Мирошхин, Камалидинов, Алматы обкомының бірінші хатшысы Меңдібаевтар қатысып отырды. Активте менің есімде қатты қалғаны Камалиденов сөзінің ішінде студент жастарды кінәлай келіп, алаңдағылардың басым көпшілігі қазақ балалары көбі Зоовет пен Ауыл шаруашылық институтының балалары, бұған оқу орнынның басшылары кінәлі деген сөздері ауыр тиді. Жиында мардымды қаулы қабылдаған жоқ. Орталықтан келген және Қазақстанның жаңа басшылары облыстың еңбекқор, өте жауапты қызметте ысылған басшыларына ұрсып-ұрсып алаңдағы жастарды жинап тезге салып, тәртіп орнатындар деген бұйрық беріп жіберді. 18-желтоқсанда сағат 10-ға барлық ректорларды Орталық Комитетке шақырды. Колбин, Мирошхин, Камалидиновтер бәрімізді әбден қорқытып, «орындарыңнан аламыз, отырғызамыз» деген сөздерді аямай айтып, «бүгін алаң тазаратын болсын, тыныштық орнатыңдар» деп тапсырманы берді. Ол күні біздің институтта студенттердің 80 пайызына сабақ болды. Бірақ түске қарай қаланың жағынан қолдарына темірсойылдар алған жігіттер топ-тобымен келіп, оқу орның ғимараттарының есіктерезелерін сындырып, оқып отырған студенттерді мұғалімімен қоса сыртқа айдап шықты. Содан балалардың біразы жатақханаға, біразы өз беттерімен көшеге кетті. Түннің бір уағында институт мұғалімдері студенттерді жатақханаға жинап, тыныштық көрмей жұмыс жасады. Осының арқасында студенттер өз орындарында болып, орынсыз жазалаудан жастарымыз аман қалды. 19- желтоқсанда саяси дүрбелең саябырси бастады. 21- желтоқсанда таңертеңгі сағат 10-да Орталық Комитетке ректорларды және шақырды. Жиналысты Колбин ашып, сөзді Камалидиновке берді. Ол қайтадан баяғысына басып, Қ а з а қ с т а н К о м п а р т и я с ы н ы ң ХҮІ-съезіндегі сөзіне сілтеме жасап, жоғары оқуы орындарында соңғы жылдары тек қазақ балалары оқиды. Әсіресе зоовет, ауыл шаруашылығы, ҚазМУ-де көп. Бұл жоғары оқу орындарының басшылары ешқандай шара қолданбайды деді. Сөз кезегін алған Мирошхин біраз ректорларды жамандады. Колбин сөз алып, қорытындылай берген кезде мен «Геннадий Васильевич, бізге сөйлеуге бола ма?» деп сұрақ қойғаным да, «сөйлеңіз, сөйлеңіз» деді. Мен өзіміздің студенттеріміздің алаңдағы оқиға еш қатысы жоқтығын ақтау үшін дайындалып барғанмын. Және де жаңадан келген Колбиннің Ульяновск облысының бірінші хатшысы болып жүргенде «Правда» газетіне жазған мақаласымен де танысып келген едім. Мақалада Ульяновск қаласында Кавказдан келген студенттердің үлкен көтерілісі болып, соның шығу себеп-салдары көрсетілген екен. Мен Колбинге қарап: «Сіз Ульяновск облысында бірінші хатшы болып жүргеніңізде «Правда» газетіне мақала жазыпсыз. Ол мақалаңызда жерлікті орыс халқының балалары ауыл шаруашылық институтына оқуға келмейді. Институт жабылып қалмау үшін біз Кавказдан балалар әкеліп оқыттық делініпті. Мақалада студенттердің әлеуметтік жағдайы төмен болғанын, жатақханалардың жетіспеуі, жас ғалым отбасылардың үй-жайының болмағанын да атап ө т к е н . М ә д е н и о ш а қ т а р д ы ң ж е т і с п е у і , о қ у б а з а с ы н ы ң материалдық жағдайының төмен болуы деген сияқты мысалдар мақалада келтірілгенгенін оқи бастауым сол еді, екінші хатшы: – С і з б ұ л а й а қ т а л м а й - а қ қойыңыз, – деп сөзімді бөлді. Мен: – Қазірше өз сөзіме мен өткен жоқпын. Бұл мына төрде отырған Г.В.Колбин сөздері, себептері дедім де, мақаланы көрсеттім. Бюро мүшелерінің барлығы бір-бірне қарап, біраз қолайсыз күй кешкендей болды. Бұдан кейін менің сөзімді ешқайсысы бөлмеді. – Бізде де олай емес, – деп сөзімді жалғастырып, – елуінші жылдары орыс халқы селода көп тұратын. Олардың балалары ауыл шаруашылығының мамандығына оқитын. Қазір селода тұратын орыстар азайды. Олардың да жастары қалада өмір сүру үшін өнеркәсіптік мамандыққа оқуға түседі. Біздің АЗВИ-ға, СХИ-ға келген орыс балаларын бірден қабылдаймыз. Бірақ біз шет республикалардан оқуға бала әкелмейміз, себебі, бізде ауылшаруашылығының мамандары жетіспейді. Республикамыз ауыл маманына мұқтаж. Бұл бірінші айтайын дегенім. Екіншіден, Камалиденов Зоовет пен СХИ мамандарды нашар дайындап келеді деді. Ол сөзі негізсіз. Себебі, қазіргі Қазақстандағы ауыл, аудан басшыларының жартысы біздің институттың түлектері. Белгілі облыс басшылары Бородин, Алыбаев Құбашев, Зарицкий сияқты көптеген азаматтар да біздің институттарды бітірген. Қорғаныс министрлігінде бас мал дәрігергенералы да біздің түлектер. Қазіргі болған оқиғада біздің институттың небәрі жиырма студенттің аты жүр. Олардың дені дүрмекке ілесіп, әшейін әуестік ниетпен барғандар. Ешқандай жаман оймен бармаған. Сондықтан болған оқиға бағаны асықпай зерттеп-зерделеп барып беру дұрыс болар еді дедім де, сөзімді көбірек экономикалық, әлеуметтік факторларды мысалға келтіріп, көтерілістің себептеріне де тоқталдым. Шынында да, құқық қорғау органдарының күні-түні жұртта жоқты бар жасап, тексергеннің өзінде біздің институттан қатысқан адамдар аз болып шықты. Бірақ асыра сілтеумен, қалайда жауапқа тарту керек деп артық қаралап бір студенті соттады. Ол кейін шығып келіп, институтты бітіріп шықты. Ал мені содан кейін Орталық Комитет те, обком да шақырған жоқ. Сонда да аудандық партия комитеті бәрімізге «кінәлісіңдер» деп қатаң сөгіс жариялап тастады. – Сізден басқа Алматы жоғары оқу орындарының ректорлары жазаланды ма? – Жазаланды. Елдің ардақтысы Өмірбек Жолдасбеков ҚазМУ-дың ректорылығынан кетірсе, Халық шаруашылық институтың ректоры Нұрғали Мамыров та қызметінен алынды. Кейін қос азамат ақталып, жемісті еңбек етті. Білікті басшылар еліміздің жоғары білімі мен ғылымына өзіндік үлестерін қосты. – Желтоқсан көтерілісінен кейін Колбин сізді мазалаған жоқ па? – Араға екі ай салып, баяғы бюроға мені қайта шақырды. Бұл жолы маған оқу орының дамуы бойынша үлкен жобаның дайындалуы және іске асыру керектігін жүктеп, сенімдерін білдірді. Сенімді ақтау үшін біздің ұжым игілікті істерге белсене араласты. *** Міне, біздің Отанын шексіз сүйген дегдар ағамызбен әңгімеміз осындай ауанда өрбіген еді.

Жексен АЛПАРТЕГІ