“Шығыс Түркістан Республикасының қас-қағым сәті” және Оспан батыр

1
3103

Оспан туылған кеңістік қазір Қытай мемлекеті меншігі болып есептелетін, байырғы Шығыс Түр­кістан, қазіргі Шыңжаң өл­кесі, ежелден қазақтың атамекені екендігі қытай, орыс, Батыс елдері жазба деректерінен белгілі. «Шығыс Түркістан» деген қа­зақтың байырғы жерінің атын Қытай мемлекеті жергілікті ха­лық санасынан өшіру мақсатын­да «Синь-Цзянь» ( «Жаңа шекара») – деп атап кеткен Шығыс Түркістан – «Түркістан тарихи аймағының шығыс бөлігі, қазір ҚХР-дің солтүстік батыс бөлі­гін­де орналасқан ШҰАР жеріне сәй­кес келетін өлкенің тарихи атауы. Қазір ҚХР-да белгілі сая­-
си себептерге баланысты бұл тарихи атау ресми түрде аталмайды. Шығыс Түркістанның геогра­фия­лық орналасуы аймақтың дәл ортасында тұрғандықтан тарихи әдебиеттерде оны Азияның “жү­регі”, ”тоғысу нүктесі”, “қақпа­сы” деп атау кең орын алған” дей­ді отандық қытайтанушы Н.Ал­дабек.
Оспан 1899 ж. Алтайдың Көк­тоғай ауданы, Өңдіқара өңірінде туылған. Оспан өмір сүрген уақыт ұлтаралық текетірестерге толы заман болмысын сол кезде өмір сүрген Оспан батырдың рухани ұстазы, шығармалары Ос­пан батырға дем берген ағартушы ақын Ақыт өлеңдерінен байқа­лады. Шыңжаңды басқарып отырған гоминдаң үкімет бас­шы­сы Шэн Шицай өзінің «алты дұ­рыс саясат» деп аталатын саяси реформаларын іске асыру мақ­сатында жергілікті халықты ба­сып жаныштап, ел-жұртты еріксіз өзінің ата-қонысын тастап кетуге мәжбүрлейді. Сол кездері Ал­тайды мекендеген қазақтар атамекенін тастап қытай езгісіне шыдамай, Бәйтік тауын жағалай Баркөл, Құмыл асып, Қытайдың Ганьсу, Чинхай провинцияларына қоныс аударды. Қытай үкіметі жергілікті халық арасынан шық­қан зиялыларды, жазықсыздарды ұстап, түрмеге қамап, қарапайым халықты қырып-жою секілді теріс іс-әрекеттер шектен асқан­дық­тан бұл құбылыстар қара­пайым халықтың ашу-ызасын келтірді.
Бұл құбылыстар төңкерістің немесе көтерілістің алдындағы да­уылға жел тұрғызатын – тө­мендегілер бұрынғыша өмір сүре алмайтын, жоғарыдағылар тө­мен­дегілерді бұрынғыша басқара алмайтын кәрі тарихтың үлкен, қарапайым заңдылығы – ха­лық­тың, елдің санасында еркін ел болуды аңсау, тәуелсіз ел құру идеясын туындатты. Зорлыққа көндіге алмаған қарапайым ха­лық Қытай үкіметінің озбырлы­ғына қарсы көтеріліске шықты. Шығыс Түркістан халықтарының көтерілісі бүкілхалықтық сипат алды. Ж.Сәмитұлы: «1940 ж. Есім­хан, Ырысхан бастаған Көк­тоғай, Шіңгіл елі Шың Шысай үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс жасағанда сол топқа қосылып шыққан, бұрын қарапайым шаруаның бірі болған Оспан соғыс барысында көрсеткен ерліктері арқылы батыр атанып, көзге түсті. 1940 ж. Есімхан, Ырыс­хан Шың Шысай үкіметі­мен келісімге келіп, қару-жара­ғын тапсырып, бітім жасағанда Оспан қаруын тапсырмай, елден бөлініп кетеді» дейді. Ж.Сәмиттің деректері бойынша осыдан бастап Оспан бастаған жасаққа Қы­тай үкіметінен қашып шыққандар топ-тобымен қосылып, оның жасағы күннен күнге көбейіп әс­кер саны едәуір артып, сол кездегі Монғолия үкімет басшысы Чойбалсан өзі іздеп келіп, Ос­пан­ға көптеген қару-жарақ бе­ріп, Оспанды Бұлғын өзенінің Ма­қантас деген жерінде ақ кигізге отырғызып, хан көтеріп, қазақ­тың соңғы ханы деп жариялаған. Осы кезден бастап Оспан Ис­ламұлы тек Оспан батыр деп қана аталған. КСРО мен Монғолия үкіметтері Оспанды Шэн Шицай өкіметіне қарсы пайдаланып, өз көмектерін ұсынды. 1943 ж. қара­шада Монғолия әскери қолбас­шысы Чойбалсан мен КСРО ге­нералы Попов бастаған топ Ос­­-
панмен кездесіп, 1000 винтовка, 20 пулемет, оқ-дәрі т.б. қару жа­рақтар береді. Оған қоса әскери ұшақ, 200-ге жуық жауынгерді көмекке беріп, Қытай меншігіндегі Бұлғын бекінісін қайтарып алуға көмектесті. Оспан батыр 1940 ж.(Көктоғай көтерілісі) бастап Алтай аймағында Шэн Шицай үкіметіне қарсы бірнеше ұлт-азаттық көтерілістерді баста­ды. 1941-1943 ж. Оспан батыр­дың қазақ жасақтарын біріктіріп қытай өкіметіне қарсы көтері­лісте, көтерілісшілердің жеңуі­мен Шығыс Түркістан Республи­касын құрады. 1944-1945 жж. көтерілісшілер Шіңгіл, Көкто­ғай­ды Қытай әскерінен боса­тып Алтай аймағын азат етті. Осы еңбегі үшін Оспан Кеңес Одағы­ның көмегімен құрылған Шығыс Түркістан Халық Республи­касы­ның Халық қаһарманы орденімен марапатталды. 1945 ж. қыр­күйекте Оспан батыр Алтай ай­ма­ғының генерал-губернаторы болып тағайындалды. Алтай комунистік Қытай билігіне өткен­нен кейін ол қуыршақ генерал-губернаторлықтан бас тартты. Оспан батырға қарсы Алтайда «қолбасшы Жияң Юфу 16-полк атты әскер, 20 қорғаныс полкін зеңбіректерімен қаруланған армиясын жіберді. 1943 ж. Алтай аймағындағы көтерілісшілер күші Гоминдаң армиясының 128-дивизиясы, уақытша 3-дивизия, 11-дивизия атты офицерлер 2174 адамды, амандық қорғау от­ряды мен сақшы отряды офицерлері мен жауынгерлерінен 1471 адамды, Гоминдаң орталық ар­миясы 46-дивизиясы Шүй Биң­чиң корпусындағы Ма Пыңлияң полкі (2-полк), Шия Иүйчиң
(3-полк) қоса 1000-ға жуық офицер мен әскерлерді, сондай-ақ қы­руар артқы шеп офицерлері мен әскерлерін ұстап тұрды» (Ж.С.). Қытай билеушілерімен 11 жыл қанды шайқас жүргізген Ос­пан батырды 1950 ж. 19 ақпанда Гансудың Қанамбол тауының Мақай деген жерінде қолға түсіп, Үрімші түрмесінде өлім жазасына кесілді.
Гоминдаң үкіметіне қарсы Ос­пан батыр бастаған ұлт-азаттық көтерілістер нәтижесінде көтері­лісшілердің жеңуімен тарихта дүние жүзі елдерін дүр сілкіндірген, қуатты Қытай мемлекетінің үрейі мен зәре иманын ұшырған тарихта аты аңызға айналған 1944 ж. 12-қарашада ШТР құрылуы Оспан батырдың және т.б. қазақ батырларының атымен тығыз байланысты, ШТР теңдессіз же­ңісі сол батырлардың қанымен келді.
Шығыс Түркістанның барлық мұсылман халқы қасық қаны қал­ғанша шайқасқан бұл жеңісті сақтап қалу үшін де көтерілісші­лерге стратегиялық дұрыс бағыт, терең саяси көрегендік, білім мен ауызбірлік керек еді. Бұл жеңіс Ресей империясының алаң­дау­шы­лығын туғызғандықтан Ресей бұл көтерілісті бұрмалап көрсе­туге кірісіп, стратегиялық жос­пар­лар жасайды. М.Шоқай: «Шы­ғыс Түркістан соғысы біз­-
ге – басқа өлкелердегі түріктер­-
ге – қайда болсақ та барлық ша­ра­ларды қолданып, шығыстүр­-
кістандықтардың ұлт-азаттық күресіне көмектесу, кейбір орыс басылымдарында оқиғаның шығу себептері бұрмаланып көр­сетілуіне тойтарыстар беру сияқ­ты аса маңызды міндеттер жүк­тейді… ол жерде түрік тарихының беттері халқымыздың қанымен жазылуда. Орыс большевиктері­нің қастандығы екі түрлі жолмен: 1.Шығыс Түркістан ұлт-азаттық күресін тұншықтыру үшін Қы­-
тай үкіметіне көмек көрсетеді.
2. Шы­­ғыс Түркістан ұлттық қоз­ғалысы антикемалистік және панисламистік сипат алғаны ха­қын­да жалған хабарлар тара­-
­та­ды» дейді.
ШТР құрылуы мен осы тең­дес­сіз жеңісті Жапония, Англия, Ресей т.б. алпауыттар қаламады. Бұл жолбарыстарды ең алдымен байырғы Шығыс Түркістанның алтын, күміс, мол жер асты, үсті табиғи кен байлығы, Ұлы Жібек жолының түйісер жүрек тұсы, то­ғыз жолдың торабында орна­ласуына қызығуынан сілекейі шұбырып, ашық айбат шеге алмай өкініште қалып, қай-қай­сысы да Шығыс Түркістанды өз мүддесіне қолданғысы келді. Қытай үшін Шығыс Түркістаннан айрылу кешірілмес тарихи қате болар еді, бұл жерді жоғалту Қы­тайдың басты саяси стратегиялық базасынан жұрдай болып, Қы­тайға ұшы қиырсыз байлық кіргізіп отырған халықаралық эко­номикалық экспорт көзінен айры­­лумен тең еді. Бұл жеңіс Ресейдің абыржуын туғызғаны отар елдер уысынан шығу қаупі туындайтын еді. ШТР құрыл­ға­нымен, бұл кезең “Шығыс Түр­кістан Республикасының қас-қа­ғым сәті” – болумен тарихта аты аңызға айналып қалды. Қытай мен Ресейдің бірлескен күш шы­ға­руымен, Ресей көшбасшылық рөл атқарып, араласуымен бұл төңкеріс өмір сүруін тоқтатады. Бірақ бұл төңкерістің дүние жүзілік тарихи мәні мен маңызы өте зор болды. Ұлт-азаттық кө­терілістің нәтижесінде ШТР құр­ған жаужүрек, қаһарман Оспан батыр қас қағым сәтке болса да атам қазақтың байырғы ата-қонысы Шығыс Түркістан өл­кесін – байырғы қазақтың “кір-жуып кіндік қаны тамған” атамекен жерін жанын құрбан ете оты­­рып, қытай отаршыларынан бір сәтке тартып алған тарихта­-
ғы ШТР өмір сүруі немесе «қас қа­ғым сәті» ұзаққа созылмай 1946 ж. 2 қаңтарда ШТР тарап «он бір бітім» деп аталатын акті бойынша Шығыс Түркістан Қы­тай құрамындағы автономиялы өлке ретінде қала беретін болды. ШТР тарихта «Қас қағым сәт» өмір сүргенмен, дүние жүзі елдерінде аты аңызға айналып қой­май көрші империяларға қауіп төндіруінің өзі, сол кездегі аз ұлт­тар мен аз санды қазақтың қуатты Қытай империясынан өз туған өлкесін қарулы күш бі­ріктірудің арқасында тартып алып, аз уақыт болса да мемлекеттік аппарат құруының өзі дүние жүзілік тарихи маңызы өте зор тарихи құбы­лыс болды.
Бұл еркіндік жолындағы соғыс бүкіл халықтың қазақтың арман тілегінен туындаған азаттық жо­лындағы тарихи қажеттіліктен туындаған әділетті соғыс еді. Осын­дай еркіндік жолында кү­рескен ерлер жайлы «Ер – ел қорғаны», «Елдің атын ер шыға­рар» дейтін халық батырларына арналған сөздер ел аузында сақ­талды. Бұл сөздер еркіндікті, тә­уелсіздікті аңсаған ел-жұрттың арманын арқалаған ұлт болашағы жолында күрескен халық арасы­нан шығып елін жаудан қорғаған батыр ерлерге арналған. Туған халқының азаттығы жолында қа­һармандық ерліктің үлгілерін көр­сете білген қазақ халқының хас батыры Оспанның қазақ та­рихында есімі алтын әріптермен жазылды. Алайда, бұл көтеріліс тарихы тарихи отанда мектеп, жоғары оқу орындары оқулық­тарына енген жоқ. Аты АҚШ, Европа, Орталық Азия, Евразия құрлығында аңызға айналған қазақ батыры Оспан Исламұлын АҚШ тарихшысы Л.Бенсон «алтын аңыз» деп атап, «Осман батыр:Золотая легенда казахов» деген тарихи еңбек жазды. Жас ұрпақ пен қоғамның, ұлттың мақ­сат-мүддесін өз тағдырынан жоғары қойып, туған ұлтының еркіндігіне кедергі келтіретін зорлыққа қарсы тұру, әлеуметтік қыспаққа түскен туған халқына ерлікпен араша тұру терең ұлт­жандылықтың белгісі. Қазақта мұндай дара тұлғаларға ел, халық болып өзіне тиісті бағасын беріп, «Батыр» – деп атап, сол батырдың тұлғалық, азаматтық болмысын жоғары деңгейге көтеріп, сый-құрмет көрсетіп отырған. Ұлт­жан­дылық – теңдессіз ұлттық патриотизм, өз ұлтыңа деген қам-
­қорлық, ұлттың мақсат-мұратын өз мақсат мүддеңнен жоғары қою, руханилық жолындағы жоғары деңгейдегі парасатты­лықтан туындап гуманизммен астасқан ұлы махаббат болып табылады. Жеке адамның ұлт­жан­дылық сезімі ұлттық мұ­рат­тармен, туған өлке – ата-қоныс пен туған елге, туған Отанға, ту­ған жер Анаға деген терең махаббатпен сабақтасып, ұлттың тұтас­тығы еркіндік үшін күресуі, тә-
­уел­сіздікті сақтап қалуға қызмет ету – ұлттық идеямызбен астасып жатады. Туған елінің тәуелсіздігі жолында күресте жан беру – бұл туған Отанға, туған елге, жалпы адамға деген ұлы махаббат – адам бойындағы гуманистік көзқарас. Бұл ұлы сезімдердің бәрі туған ұлтқа деген шынайы, терең сүйіс­пеншілік ұлттық рухы асқақ, биік, ержүрек, қайсар, хас ба­тырлық, бекзат тұлғалардың ғана бойында болатын некен-саяқ ұлы қасиет – ұлттық идеямен астасып жатады. Н.Назарбаев: «Біздің ұлттық идеямыз – тәуел­сіздік, тәуелсіздікті сақтап қалу және ұлттың дәрежесін көтеру… Ендігі ең қастерлі міндетіміз – тәуелсіздікті жариялап алу бар да, сол тәуелсіздікті сақтап, баянды ету. Өз мемлекеттілігін, өз жер аумағын сақтап қалған мемлекет қана нағыз мемлекет болады. Осы үш мәселе төңірегінде түпкі идеямыз болуы керек» дейді (Еге­мен Қазақстан. Тараз университеті студенттерімен кездесу. 2005 ж. 26 сәуір). Бұл халықты, ұлтты біріктіретін ой, қазақтың мұраты. Бұл ертеден келе жатқан атам қазақтың арманы, мақсат-мұраты, елдің мүддесі.
Қазақ халқының қаһарман батыры Оспан Исламұлы артына өшпес із қалдыра отырып, қазақ елінің тәуелсіздігі мен еркіндігі, мақсат-мұраты жолында өз тағ­дырынан ел тағдырын жоғары қойып, келер ұрпақтың бостан­ды­ғы жолында жан беруі, оның бойындағы ұлтжандылықтың халықтың арманымен, тілегімен, ұлттың идеясымен астасып жат­қандығының айғағы болса керек. Оспан батыр АҚШ, Европа, Ор­талық Азия, Ресей елдерінде аты аңызға айналып, бір өзі сол тарихи заманда Ресей, Қытай, АҚШ, Англия, Жапония секілді алпауыт арыстандардың мысын басып, сол елдер басшыларымен ха­лықаралық аренада үлкен сая­сатқа араласты. Оның ерлік жолы қазіргі жастарға үлгі өнеге болу үшін оның есімі мектеп, жоғары оқу орны оқулықтарына енгізілуі керек. Ресей жоғары оқу орын­дарында шетел орыс әдебиеті мен мәдениеті т.б. арналған курстар оқытылады. Біздің елімізде де шетел қазақтары жасаған рухани құндылықтар жалпы қазақ әде­биеті мен мәдениетіне және Жо­ғары оқу орындары оқулық­та­ры­на енгізіліп, Жоғары оқу орын­-
дары тарих, филология факультеттерінде шетел қазақ әдебиеті, траихы т.б. курстары енгізілуі керек деп ойлаймыз.

Гүлнар Омарова,
философия ғылымдарының кандидаты

1 Пікір

  1. Бала кезімде Оспан батыр жайлы ең алғаш рет Байдалы атадан естіп едім, Қытайда жастық шағы өткен марқұм Абирұлы Байдалы атаның айтқан тағы мынандай сөз бар еді,артық болмаса:Шығыс Түркістан мемілекетін құру үшін,үш адамнан тұратын, үш өкілі,яғни қазақ,қырғыз, ұйғыр Шығыс түркістан мемілекетін құру үшін арнайы Мәскеуге келіп Сталинге жолығып келісім шартқа келісіп,шықққаннан кейін,ұшақтарына отырып,көкке көтерілгенде ұшақ, көкте жарылды деп айтып еді сол распа екен,сол осы күнге дейін есімнен шықпайды.Сол кезде маған мынандай ой туған,Орыстар әдейілеп,ұшақтарына жарылғыш зат салып жібермеді ме екен деп ойлаимын.Өйткені 50-ші жылдары Мәскеуге барған зиялыларымыз көлік апатына ұшырап қайтыс болып кеткен,немесе екі аяғынан айырылып кеген дегендерді жиі еститінмін. Сталиндік репресияға ұшыраған атам 1945 жылдың сәуір айында Омар атам 58-бабпен айыпталып 10-жылға түрмеге тоғытылып, Сталин өлгеннен кейін 9-жыл 6-ай отырып келген Атам бұл өмірде шындық жоқ деп айтып кеткен екен. Саясатта не бір айла тәсілдерді қолданған көрінеді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз