Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім болатыны туралы ресми түрде жарияланды, - деп хабарлайды 24.kz.

8 маусым күні Головкинге қарсы рингке шығуға канадалық боксшы Стив Роллс бел буыпты. DAZN стриминг желісімен ресми серкітес журналист Крис Мэнникс өзінің твиттер парақшасында хабарлады.

Жекпе-жек Madison Square Garden аренасында өтеді. Головкин-Роллс шайқасына билеттер 27 сәуірден бастап сатылады.