Денис Тен қаза болған жерде тағы бір олимпиада чемпионының көлігін тонап кетті
2019 ж. 01 сәуір
4957
2
Алматыда жүзуден олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінен айнасын ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAlmaty.kz ақпарат порталына сілтеме асап.
Оқиға Құрманғазы, Абылай хан және Байсейітова көшелерінің қиылысында болды. Спортшы достарымен кафеде түскі ас ішіп отырған, кейін далаға шыққанда айнасын шешіп алып кеткенін байқап, полицияға шағымданған.
"Toyota Land Cruiser айдаймын, оны Олимпиададан кейін сыйлаған. Бір айнасы шамамен 400 мың теңге тұрады. Біз Денис Тенді өлтірген жерге жақын отырғанбыз. Адамдар әлі де айна ұрлайды, ашуың келеді. Халық өзгермейді", - деді Дмитрий Баландин.
Спортшы бір жыл бұрын да осындай оқиғаға тап болған. Ол кезде ұрылар тұрақтағы көліктен айналарын шешіп кеткен. Полицейлер істі бақылауға алса да, кінәлілерді таппаған.
Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көлік ұрыларының қолынан қаза тапқан. Спортшы оларды көлігінен айна шешіп жатқан жерінен ұстап, ұрлықтың алдын алуға тырысқан, алайда жамбасынан пышақ соққысын алып, көп қан жоғалтып, қайтыс болды. 17 қаңтарда сот Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергеновті 18 жылға бас бостандығынан айырды. Олардың сыбайласы Жанар Толыбаева төрт жыл колонияға кетті.