"Барыс" жеңіске жетіп, ҚХЛ-дың екінші раундына шықты
2019 ж. 11 наурыз
3777
0
Астаналық "Барыс" ҚХЛ плей-офф кезеңінің жетінші кездесуінде Төменгі Новгород командасы "Торпедоны" жеңді. Сөйтіп, "Барыс" Гагарин кубогінің екінші раундына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Астанадағы кездесу 3:2 есебімен Андрей Скабелка шәкірттерінің жеңісімен аяқталды. "Барыстың" қорғаушысы Даррен Диц 54-секундта көзге көрініп, бірінші кезеңдегі есепті ашты. Оның көмекшісі Валерий Орехов пен Патрис Кормье болды. Бірақ 17-минутта Антон Волченков ойынның есебін теңестірді.
Осылайша, ойынның 20 минуты өзгеріссіз өтті. 33 минутта "Барыс" ойыншысы Мэтт Фрэттин команданы алға шығарды. Бірақ кезеңнің аяқталуына үш минут қалғанда қонақтар есепті теңестірді. Шайбаны нысанаға жеткізген Дмитрий Семин. "Барыстың" сапында 52 минутта жеңісті шайбаны Диц соқты. Ол дубль жасады.
Оған қоса, ойынның үшінші кезеңінде ең басты төреші Максим Сидоренко жарақат алды. Оған шайба тиіп, кейін мұзға жатып тұра алмады. Бірақ кейін ол төрелікті ары қарай жалғастырды.
Осылайша, "Барыс" барлық төрт ойында жеңіске жетті. Есесіне қонақта болған үш ойында ол жеңіліс тапқан.
Тәржімалаған: tengrinews.kz