Қазақстанда футболшылардың орташа жалақысы - 148 мың доллар

Sporting Intelligence сайты әлем елдеріндегі футболшылардың 2018 жылғы орташа жалақысы туралы мәлімет таратты деп хабарлады caravan.kz.

Ең көп жалақыны ағылшын премьер-лигасының ойыншылары алады. АПЛ-дің негізгі құрамдағы футболшылары жылына орташа есеппен 3,93 миллион доллар жалақы алады.

Үштікке Испанияның Ла Лигасы (2,89 миллион доллар) және Италияның А Сериясы (1,99 миллион) еніп отыр. Қазақстан премьер-лигасы бұл тізімде 25-орынға жайғасты. ҚПЛ футболшылары жылына орташа есеппен 148 мың доллар (55 миллион теңге) алады.

Бұл көрсеткіш жөнінен Қазақстан чемпионаты Оңтүстік Корея, Австралия, Польша және Хорватиядан жоғары тұр. Өзбекстан бұл рейтингке енбеген.