Ольга Рыпакова Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері болып танылды
2018 ж. 03 қазан
2281
0
Қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова ресми түрде 2008 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері болып танылды. Ресейлік спортшы Татьяна Лебедеваның нәтижесі допингке байланысты күшін жойды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
«Халықаралық олимпиада комитеті жаңа әдістемені пайдалана отырып, 2008 және 2012 жылғы олимпиада ойындарына қатысты қайта сынақ өткізіп, ресейлік спортшы Татьяна Лебедеваның допингке қарсы ережелерді бұзғанын анықтады. Атап айтқанда, ол екі бірдей күміс медалін жеңіп алған Бейжіңдегі 2008 жылғы ойындарындағы көрсетілімі күмән тудырды. Сайып келгенде, оның нәтижелері жойылды», -делінген хабарламада.
Сол жылғы олимпиадада қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова үш рет секіруден төртінші орын алған болатын. Допинг үлгілерін қайта қарап шыққаннан кейін үшінші орынды иеленген грециялық спортшы Хрисопии Девецидің нәтижесі жойылып, қола медаль қазақстандық спортшыға берілді.
2018 жылы 5 қыркүйекте Лебедева 2 жылға, 2016 жылдың 12 қыркүйегінен бастап спорттан шеттетілді. Сондай-ақ, спортшының 2008 жылғы 18 тамыздан бастап 2010 жылғы 17 тамызға дейінгі жарыстарының нәтижесі күшін жойды. Өз кезегінде, ресейлік спортшы тыйым салынған затты қасақана қолданғанын мойындамады. Бірақ қанынан тыйым салынған заттың табылғанын жоққа шығармады.