Головкин Альварестен жеңіліп қалды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альварестен (49-1-2, 34 КО) жеңіліп, чемпиондық белбеулерінен айырылып қалды, деп хабарлайды Baq.kz.

T-Mobile аренасында өткен кездесуде Геннадий Головкин WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын, ал мексикалық боксшы The Ring журналының белбеуін бәске тіккен.

Алғашқы раундтан-ақ отандасымыз қарсыласын жойқын соққылардың астына алды. Алайда Альваресь те орайы келген сәтте есесін жібермеуге тырысты. Соңғы раундтарда Головкин басымдықты өз қолына алып, сериялы соққылар жасаған болатын. Алайда төрешілердің шешімімен Сауль «Канело» Альвареске жеңіске жетті. Ал қазақстандық боксшы кәсіби бокста тұңғыш рет жеңіліске ұшырады.

Жекпе-жекті тікелей эфирден Qazaqstan және QazSport телеарналары көрсетті.