Елорда футболшылары Елбасы бастамасын қолдады (ВИДЕО)
2018 ж. 31 мамыр
2786
0
«Астана» футбол клубының ойыншылары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Challenge Сенің жаңа қырың!» атты республикалық спорттық бастамасына қосылады.
Елордалық футбол клубының ойыншылары Дмитрий Шомко мен Марин Томасов қазақстандықтарға арнап бейнебаян жазып, онда халықты спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтының эстафетасына қатысуға шақырады.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Challenge Сенің жаңа қырың!» акциясына «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кіретін «Астана арландары» бокс клубының бас менеджері, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, «Астана» баскетбол клубының бас менеджері, Олимпиада чемпионы Валерий Тихоненко, "Astana Pro Team" велоқұрамасының бас менеджері, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров, сонымен қатар, "Астана" велошабандоздары Андрей Зейц пен Алексей Луценко де қолдау көрсетті.