"Астана Арланс" боксшылары науқас балаларға қол ұшын созды (ФОТО, ВИДЕО)

Өздеріңіз білетіндей, Атырау қаласында 26 мамыр күні Astana Arlans пен British Lionhearts командаларының кездесуі өтті. Екінші жартылай финалдық ойынын кездесуінде, біздің қазақ батырларымыз 7:3 жалпы есебімен жеңіске жетіп финалға жолдама алды.

Сол кеште, кездесуінің соңында аукцион өткізіліп, “Astana Arlans” спортшыларының қолғаптары ойнатылды. Аукционнан түскен қаржы 7 миллион теңгені құрады.

Кеше 29 мамыр күні, Astana Arlans клубының менеджменті, спортшылардың атынан және Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе, түскен қаражатты келесі науқас балалардың қолына ұстатып берілді:

1. Фариза Ақмурзаева (2008 жылы туылған) - диагноз: эпилепсия, церебралдық шалдығу. 2. Гилаева Рания (2007 жылы туылған) - диагноз: Элерс Данло синдромы, бронх демікпесі 3. Сенбі Кәусар (2010 жылы туылған) - диагноз: церебралдық шалдығу, спастико-атактикалық жүру. 4. Марс Марсен (2010 жылы туылған) - диагноз: ауыр церебрастикалық синдром. 5. Алима Копей (2017 жылы туған) - диагноз: қабықтың герминогенналық ісігі (қатерлі ісік).

Жалпы, 2 млн. теңге төрт науқастарға берілді, ал қалған 5 млн. теңге Оңтүстік Кореяда қазіргі уақытта ем алып жатқан Алима Көпейдің еміне жіберді.

Науқас балалар туралы барлық ақпарат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынаң алынды.

Аукционға белсене қатысқан үшін Үшбаев Дәурен Дүйсенбайұлына, Сырымбек Тау, Мөлдір Әуелбековаға, Бусанов Булат Наурызұлына және Чердабаев Руслан Кенжеғалиұлына алғысымызды білдіреміз.

Astana Arlans командасы сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық пен бақыт тілейді.

Біздің спортшылардың мақсаты – шаршы аланда жеңіп қана қоймай, сонымен қатар біздің отандастарымыздың алдында тұрған ауруларды жеңу.

"Астана" Президенттік спорт клубының баспасөз қызметі