Баландин Испания ашық біріншілігінің абсолютті чемпионы атанды
2018 ж. 13 сәуір
5880
0
Малага қаласында өтіп жатқан Испания ашық чемпионатының соңғы күні суда жүзуден Қазақстан құрамасы тағы үш марапатқа ие болды. 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландин үшінші алтын медалін қанжығасына байлады. Бұл жолы брасспен 100 метр қашықтықта жарысқа шықты.
Бұдан бұрын, ол 200 және 50 метрге жүзуден үздік нәтиже көрсетті. Осылайша, брасспен жүзуден барлық алтын медальдарды иеленді.
Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан рекордшысы Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, Әділ Қасқабай тағы бір «қола» сыйлады. Ол 50 метрге еркін стильмен спринтте көзге түсті.
Айта кетейік, қазақстандық жүзушілер Малагадағы турнирде барлығы сегіз медаль иеленді – үш алтын, үш күміс және екі қола.
Испанияда үздік нәтижені Олимпиада чемпионы Мирела Бельмонте көрсетті.
qazaquni.kz