Батыр Жүкембаев қарсыласын небәрі 35 секундта екі соққымен сұлатып салды

Монреальдағы (Канада) бокс кешіндегі өзінің кәсіби бокстағы  12-інші айқасында  қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (11-0, 9 КО) жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол 30 жастағы мексикалық Ноэ Нуньеспен (18-5-1, 13 КО) жекпе- жекке шықты.  Бірінші орта салмақтағы 8 раундтық айқасты Жүкембаев  бірінші раундың 35-інші секундында  техникалық нокаутпен аяқтады.

 Беделді сайттардың бірі BoxRec.com редакторы Филипп Ст-Мартиннің хабарлауынша, Батырға жеңіс үшін небәрі екі соққысы жетіп жатқан. Бұл кәсіби бокстағы Батырдың 12-інші жеңісі, ал  Нуньес өз спорттық жолында осымен алтыншы рет сүрініп отыр.