Бокс Олимпиада бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін
2018 ж. 05 ақпан
2054
2
Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) 2020 жылда Токиода өтетін олимпиада ойындарының бағдарламасына боксты енгізу туралы мәселені қарастырып жатыр. Бұл жөнінде ХОК басшысы Томас Бах баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп жазды stan.kz.
ХОК халықаралық бокс қауымдастығының (АИБА) жағдайына алаңдап отыр. Қауымдастық басшылығына қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны туралы РИА Новости басылымы хабарлады.
«2020-ОО бойынша квотаға қатысты қабылданған шешімдер түпкілікті болып табылады. ХОК 2020 жылға дейін жастар олимпиадасы мен олимпиада ойындарына арналған бағдарламаға боксты енгізу туралы мәселені қарауға құқылы», – деді Томас Бах ХОК баспасөз мәслихатында.
2017 жылдың мамыр айында АИБА-ны 11 жыл басқарған Чинг-Куо Ву бокс қауымдастығының қаржылық жағдайы нашарлаған соң, орнынан кетті. Кейін, бұл міндет вице-президент Франко Фалкинеллиге жүктелген. Бірақ бірнеше айдан кейін ол да бұл лауазымнан бас тартты. Қазіргі уақытта АИБА президентінің міндетін Гафур Рахимов атқарып отыр. Оның бұл міндеті іс жүзінде ХОК-ны алаңдатып отыр.
Атқару комитеті федерацияны басқару жүйесі (АИБА) бойынша тергеудің басталғанын растайды. ХОК федерацияға қатысты төлемдердің бәрін тоқтатты. ХОК атқару комитеті федерациямен арадағы барлық байланыстарды үзді», – деп түсіндірді Томас Бах.
Бахтың сөзіне қарағанда, ХОК федерацияда допингке қарсы күрестен еш нәтиже көрмей отыр. Сондай-ақ, басшылықты таңдауда бірқатар мәселелер бар.
Айта кетейік, бокс 1904 жылдан бері олимпиада ойындарының бағдарламасына енген.