Ядро лақтырушы атлет төрешіні өлтіріп алды
2018 ж. 15 қаңтар
10768
0
Прагада жеңіл атлет ядроны сәтсіз лақтырып, төрешінің кеудесіне дәл тигізген. Ауыр соққыдан ер адам сол жерде жан тапсырған, деп жазады m.tvzvezda.ru жергілікті Aktualne басылымына сілтемемен.
Төреші Прагада өтіп жатқан сайысқа төрелік етіп жүрген. Кеуде тұсына тиген ауыр соққыдан ол жұмыс орнында тіл тартпай кеткен.
Атлет қисық лақтырған ядроның салмағы 6 келі болған. Ол ядроны жылдамдығын үдетіп барып жіберіп қалғанда оқыстан жақын маңда тұрған төрешіні сұлатып түсірген.
Спорттық жарыста қызмет етіп жүрген медицина қызметкерлері ер адамды аман алып қалу үшін барын салып көмек көрсеткенмен, ажалға араша бола алмады.