Алматыда қазақ күресінен жасөспірімдер жарысы аяқталды 

Алматыда жасөспірімдер арасында қазақ күресінен қала біріншілігі аяқталды. Осымен төртінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа 100-ден аса спортшы қатысты.

Ашық біріншілікте Алматы облысының өрендері де белдесті. 50 келі салмақта Ілияс Әкежан қарсылас шыдатпады. Финалда ол Сатқан Мәдиді ұтты. 46 келіде Елдос Құрманбеков топ жарды. 73 келі салмақтағы балуандардың белдесулері де қызықты өтті. Шыңғыс Серіков пен Рамазан Бақтияр финалда жолығып, текетіреспен өткен белдесуде сәл ғана басымдықпен Шыңғыс жеңіске жетті. Қола медаль Сайын Дәулетке бұйырды.

Жангелді Хамитов, жарыстың бас төрешісі:

– Бұл жарысты ұйымдастыру мақсатымыз – жасөспірімдер арасында қазақ күресін дамыту, қазақ күресін насихаттау. Қазір қазақ күресіне үлкен мән беріліп отыр. Сол себептен осы жарысымызды біз жыл сайын өткізіп жатырмыз.

24.kz