ҚАНАТ БАСТАҒАН ҚАЗАҚ БОКСШЫЛАРЫНЫҢ ЖЕҢІСТІ ШЕРУІ
2017 ж. 14 қыркүйек
1580
0
Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен кәсіпқой бокс кешінде бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеуінің иегері Қанат Ислам канадалық Брэндон Кукты тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Бұл жеңістен соң жерлесіміз бірінші орта салмақтағы белдіктерін қорғап қалды. Қанат Кәсіпқой бокста 24 кездесудің бәрінде жеңіске жеткен Қанаттың қарсыласы Кук 18 кездесудің 11-інде қарсыластарын нокаутпен жеңген. Қанат бұл жекпе-жекте қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберді.
Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук бокс кешінің аясында рингке шыққан сегіз қазақ боксшысы да жеңіс тұғырына көтерілді. Шаршы алаңға бірінші болып көтерілген Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын бірінші раундта-ақ жойқын соққымен құлатты. Одан кейін Димаш Ниязов алты раундқа созылған жекпе-жекте Эдуардо Перейра дос Рейсты ұтып, кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісіне ие болды.
Үшінші болып рингке шықан Айдос Ербосынұлы да бірінші раундтың қарсыласы Джонатан Жеронимо Барбадилоны нокаутпен жеңді. Ал Әли Ахмедов он раундтық кездесудің сегізінші раундында америкалық боксшы Томас Джастинді техникалық нокаутпен жеңді.
Шаршы алаңға бесінші болып көтерілген Нұрсұлтан Жаңабаев қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді. Аса ауыр салмақта Руслан Мырзатаев төртінші раундта аргентиналық Андрес Афранлиді нокаутпен тізе бүктірді.
2013 жылы бокстан әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлы алты раундқа созылған жекпе-жекте бразилиялық Перейро Дос Сантостан басым түсіп, кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне жетті. Сол сияқты он раундқа созылған жекпе-жекте қарсыласынан басым түскен Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 22-ші жеңісін тойлады.
qazaquni.kz