Головкин VIP-жанкүйерлеріне сый жасамақ

WBA, WBC, IBF пен IBO тұжырымдары әлем чемпионы Геннадий Головкин жүздеген бокс қолғаптарына өз қолтаңбасын қойып шықты. Бұның барлығы алдағы жекпе-жекке келетін VIP-жанкүйерлеріне таратылады. GGG-дің қолтаңбасы бар қолғаптар арнайы VIP-пакетке кіретін болады. Ондай жиынтықта Лас-Вегас әуежайынан қонақ үйге дейінгі шығындар, сондай-ақ жатын орын бар. VIP-пакеттің бағасы бір адамға 7,600 долларды құраса, екі адамға оны 14,000 долларға сатып алуға болады. Айта кетейік, 16 қыркүйек күні Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареспен кездеседі. Аталған жекпе-жек Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile» аренасында өтеді. Уақыт айырмашылығына байланысты Қазақстанда тікелей эфир 17 қыркүйекте таңертең көрсетіледі. А.Тәжікова qazaquni.kz