
Бразилиялық маман Рикардо Камара Собрал Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне қайта келді. Какау есімімен танылған 45 жастағы бразилиялық маман Рикардо Камара Собрал 2013-2016 жылдары Қазақстан құрамасын басқарған еді. Оның басшылығында біздің команда 39 матч ойнап, оның 25-інде жеңіске жетсе, 8 ойында қарсыластарымен тең түсіп, 6 рет есе жіберген. Доптың айырмашылығы 137-69. Какауға оның көмекшілері – Марио Раулино мен Рабер Клеймар көмектесетін болады.
А.Тәжікова
qazaquni.kz