Футболдан Премьер-лиганың 25-турындағы үздік голдар анықталды

KazFootball.kz сайты Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 25-турындағы голдардың үздік үштігін жариялады. 3-орын - Милан Бойовичтің голы («Қайсар» - «Ордабасы» - 1:1) . Осы гол «қасқырлардың» қарымта шабуылы мен «Ордабасының» негізгі қорғаушысы Фонтанел­лоның жарақат алуының салдарынан болды. «Қайсар» қорғаушылары шабуылды тойтарған соң, алаң ортасында «Ордабасының» жартылай қорғаушысы Абдулай «қасқырлардың» капитаны Байжановқа қауқар көрсете алмай қалды. Мақсат Байжанов Бойовичке пас берді, ал ол Джа Джеджені шабуылға қосты. Джа Джедже тәжірибелі Ырысметовті айналып өтіп, қақпашы алаңына қия пас берді. Допқа аяғын бірінші қойып үлгерген Бойович болды. 2-орын - Самат Смақовтың голы («Қайсар» - «Ордабасы» - 1:1) . «Қайсар» - «Ордабасы» матчы сияқты қиын ойындарда жекелеген футболшылардың шеберлігі көп нәрсені шешіп кететіні белгілі. «Қайсарға» қарсы ойында Смақов шымкенттік ұжымды құтқарып қалды: соңғы минуттарда Саматтың орындаған айып добы тамаша болды. 1-орын - Антонио Родригоның голы («Тараз»-»Ертіс» - 1:1). Бразилиялық аяқдоп шебері шамамен 20 метрден керемет соққы жасады. Қарсы шабуылда Родригоның допты Бабаханов қақпасының тура «тоғыздығына» шегелеп тастауына «Тараздың» алғашқы қорғаныс шебі ешқандай қарсылық көрсете алмады. qazaquni.kz