ҚАЗАҚТАР ӘЗЕРБАЙЖАНДАРДЫ ҚАЛАЙ ҰТТЫ!?. Беранектің алғашқы жеңісі (видео)

Euro-2012 іріктеу матчының кезекті турында "Астана Аренада" Әзірбайжанды қабылдаған Қазақстан Ұлттық Құрамасы іріктеу турларындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Алғашқы таймы тең аяқталған ойынның екінші таймында Тобылдың жас шабуылшысы Гридин екі гол салып, алғашқы жеңісті сыйлады. Әзірбайжанның тек бір гол соғуға ғана шамасы келді. Ұлттық құрамамыздың жаңа бапкері чех Беранектің бұл алғашқы ресми ойыны және алғашқы жеңісі. Сергей Гридин болса, ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын голмен бастады. Беранек сондай- ақ қақпашы Нестеренконы, қорғаушы Мұхтаровты, хавбек Хайруллинді де алғаш рет ойнатты. Дебютанттардан, әсіресе, ақтөбелік Марат Хайруллин әдемі ойын өрнегін көрсете білді. Самат Смақов та көптен бері құрама формасын кимеген еді. Қазақ футболшылары егер осы қарқынынан қайтпаса, "Беранек келді- береке келді қазақ футболына!" деп, көңіл демдеп, марқаюға болады... Қазақстан — Әзірбайжан 2:1 (0:0) Голдар: Гридин 57 (1:0), Надыров 63 (1:1), Гридин 68 (2:1) Ескерту: Шмидтгаль 77 Қазақстан: Нестеренко, Логвиненко (Рожков 65), Мұхтаров, Нұрдәулетов (К), Гетериев, Смақов, Щмидтгаль, Хайруллин (Киров 82), Қонысбаев, Гридин, Остапенко (Хижниченко 79) Қосалқы құрам: Сидельников, Мужиков, Көкеев, Байжанов Әзірбайжан: Агаев, Меликов, Садигов, Джавадов, Алиев (Гусейнов М 70), Садыгов (к), Гусейнов Д (Надыров 61), Медведев, Левин, Исмайлов Қосалқы құрам: Велиев, Амирджанов, Чертоганов, Гусейнов В, Амиргулиев Төрешілер: Юан Норрис, Джеймс Би, Аласдаир Росс (Шотландия) 3 маусым. «Астана-Арена»

Аршат ОРАЗОВ

фото: ffk.kz