Айбек Нұғымаров «Әлем Барысы» атанды

11
2036

Фото: Абзал Қалиев

Астанада өткен қазақ күресінен «Әлем Барысы» абсолютті чемпионатында Айбек Нұғымаров жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Айбек финалда дзюдодан Еуропа чемпионымен белдесті. Ол қарсыласын жамбасқа лақтырып, таза жеңіспен ұтты. Осылайша 2014 жылы өткен «Әлем Барысының» финалисі биылғы чемпионатта алтын белбеуге ие болды. Ал күміс белбеуді Айбекке ғана есе жіберген грузин Гурман Тушишвили жеңіп алды. Моңғолия қазағы Серік Бердімұратұлынан басым түскен қазақ балуаны Ержан Шынкеев қола жүлдегер атанды.

Алтын белбеу иегері Айбек Нұғымаровқа 15 млн теңге табысталды. Ал күміс жүлдегерге 5 млн теңге, қола белбеу иесі 3 млн теңгеге ие болды.

11 ПІКІРЛЕР

  1. Колдамаймын.Себеби кешеги күни түни еңбектенип ,биздин сауатты жазып шыдауымыз үшин алипби курастырган Ахмет Байтурсын атамыздын енбегинин еш кеткенин каламаймын.Иа сосын бүкил казак тарихы .барлык казактын туындылары ягни шыгармалары осы казыргы кирилитца бойынша жазылып сакталган.Ал оларды латин алипбиине өзгертер болсак шыгармалар өзинин түп нускасынан тагыда өзгертиле түсер еди. Бул дегенимиз халкымыз тарихынан бир табан болсада алыстап барады дегенди билдиреди.Сол үшин бурынгы кирилитца ягни казирги биз колданып отырган осы алипби күйинде калса деймин .Арине бул менин гана ойым .

  2. Па ширкин жениске жететиндей ешкандай күши адиси де жок.Сериктен женилүи керек еди каралык жасап женди гой айтпесе. Монгол балуаны финалга шыгуы керек болатын.Баримиз кордик

  3. Моңғолия қазағы Серік Бердімұратұлына қарақ жасап, обал жасаған қазақ халқында әділдік деген жоқ.

  4. Қанат,Айбек,Гена батырлар.жас ұрпақ осындай ағаларына қарап,ынталанады,талаптанады.
    Батырлар жасасын!

  5. бар барыстарымыз кубалыктын бапкер болганына куанып жаткан болса керек а-то откендегидеи ылактырар еди барин.биринши аибекти.

  6. Жарайсың,Айбек!
    Қазақтың батыр,балуан,ержүрек екенін әлемге паш еткен асыл тұяқ,Балуан Шолақ,Қажымұқан аталарының ізбасары.
    Қазағыңның мерейін,мәртебесін бір көтеріп тастадың.Осындай алтын айдарлы ұлдары көп болғай.

  7. «Әлем Барысы» болған Қазақтың Айбегі намысты қолдан бермей, жерге қаратпай, қайратты да, өжетті Қазақ Жігітінің қандай болатынын көрсете білдің. Құтты болсын, Айбек. Осындай азаматты дүниеге әкелген АТА-Анаңа мың алғыс!!!!!!!!!!!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз